Талдықорған: +39°C
$ 464.02
€ 536.18
₽ 5.54
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Дәрігер үйі саябаққа айналды

16.08.2026
КҮНДЕРЕК
Дәрігер үйі саябаққа айналды
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақ халқында «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» деген тағылымды сөз бар. Адамның ғұмыры шектеулі болғанымен, оның елге сіңірген еңбегі мен артында қалдырған ізгі істері ұрпақ жадында мәңгі сақталады. Сондай жандардың бірі – көпшіліктің құрметіне бөленіп, ел аузында «алтын қолды дәрігер» атанған Күлән Сейтайқызы еді.

Қаратал ауданына қарасты Алмалы ауылында ерекше әрі тағылымы мол шара өтті. Марқұм Күлән Сейтайқызы тұрған қасиетті қара шаңырақтың орнына ұрпақтары өз қаражаттары есебінен саялы бақ салып, ауыл тұрғындарының игілігіне ұсынды. Тұтас ауылдың қуанышына айналған игі істің мақсаты – өткенге тағзым, жақсының жарқын бейнесін ұлықтау.

Бүгінгі ашылған саялы бақ – сол халық құрметінің, перзенттік парыздың жарқын көрінісі. Бақ ішіндегі әрбір көшет, әрбір гүл мен ағаш Күлән ананың өмір жолын, оның елге жасаған қызметін еске салатындай. Бұл жер енді ауыл тұрғындарының тынығатын, балалардың шаттанып ойнайтын, үлкендердің өткенді еске алып, сыр шертетін сүйікті мекеніне айналмақ.

Күлән Әйнекова 1948 жылы Көпбірлік ауылында дүниеге келген. Бала кезінен еңбекқорлық пен жауапкершілікті серік еткен ол 1968 жылы Балқаш қаласындағы медицина училищесін «акушер мамандығы бойынша үздік тамамдайды. Еңбек жолын туған өңірінде бастап, Қапал мен Көпбірлік ауылдарында қызмет атқарады. Ал 1977 жылы «Байшегір» қой ұжымшарының орталығы болған Алмалы ауылында жаңадан ашылған ауылдық ауруханаға жұмысқа орналасып, өмірінің соңына дейін сол жерде абыроймен еңбек етеді.

Сол жылдары ауылдардың аудан орталығынан шалғай орналасуы, жол қатынасының қиындығы дәрігерлерге үлкен салмақ түсіретін. Қарлы боран мен жауынды күнге қарамастан, шақырту түскен жерге жетуге асығатын Күлән апа талай ананың аман-есен босануына көмектесіп, қаншама нәрестенің жарық дүниеге келуіне себепкер болды. Түн ұйқысын төрт бөліп, күн-түн демей қызмет атқарған жанның еңбегі ел жадында мәңгі сақталары сөзсіз.

Ауыл ақсақалдарының айтуынша, бүгінде өңірде өмір сүріп жатқан талай азаматтың кіндігін Күлән Сейтайқызы кескен. Сондықтан да ауыл тұрғындары оны бірнеше ұрпақтың өмір жолына ақ батасын берген аяулы ана ретінде құрметтейді.

Өкінішке қарай, өзгенің өміріне араша болып жүрген абзал жан небәрі 49 жасында дүниеден өтті. Алайда қысқа ғұмырында атқарған адал еңбегі мен жасаған жақсылығы оны халық жадында мәңгі қалдырды. Еңбегі еленіп, 1990 жылы КСРО Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Сонымен қатар аудандық және облыстық денсаулық сақтау саласының көптеген Алғыс хатына ие болды.

Күлән Сейтайқызының ғұмыры адамға қызмет етудің, мамандыққа адал болудың және елге жанашырлық танытудың жарқын үлгісі болып қала бермек. Ал оның құрметіне ашылған саялы бақ жылдар өткен сайын жайқалып өсіп, абзал жанның есімі ел жадынан өшпейтіні анық.

Медет ЖҰМАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Дәрігер үйі саябаққа айналды

Дәрігер үйі саябаққа айналды

16.08.2026
Білім бәйгесіндегі биік белес

Білім бәйгесіндегі биік белес

16.08.2026
Тарихи жадтың жаңғыруы

Құрылтай – қоғам үнін жеткізетін маңызды алаң

16.08.2026
Елордалық көрермен Мұқағали әлемімен сырласты

Елордалық көрермен Мұқағали әлемімен сырласты

15.08.2026
Жетісу өнері Елорда төрінде: «Таптым-ау сені»

Жетісу өнері Елорда төрінде: «Таптым-ау сені»

15.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.