Талдықорған: +29°C
$ 462.31
€ 536.09
₽ 5.34
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Демократияның көрінісі

01.09.2023
КҮНДЕРЕК
Демократияның көрінісі
WhatsAppTelegramFacebook

Ел халқы Мемлекет басшысының әр Жолдауын асыға күтеді. Өйткені Жолдаудың өзегі – мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету. Мемлекет басшысы әрбір саланың ілгері қадам басуы үшін бағыт-бағдар беріп отыр. Бұл құжат тек айтылды, қойылды дүние емес. Қысқа уақытта жүзеге асуы тиіс нақты тапсырмалар. Әрбір министрлік, әрбір әкімдік Жолдау жүктеген міндеттер аясында жұмысын жүйелеуі керек.

«Amanat» партиясы әрдайым қоғамның, елдің дамуы үшін ауқымды жобалар ұсынып, соның негізінде қарымды тірлік етіп келеді. Өйткені біздің саяси ұйым халықшыл партия. Көпшілік білетін болар, «Ауыл аманаты» бағдарламасының жасақталып, халыққа төмен пайызды несие берілуіне партиямыз тікелей мұрындық болды. Мұндағы мақсат – ауыл халқының әлеуетін көтеру, қазақтың қара шаңырағын дамыту, ауыл кәсіпкерлігін өрістету. Одан бөлек, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруды да қолға алдық. «Қарызсыз қоғам» партиялық жобасы қарапайым тұрғындарды қаржыны ұтымды пайдалануға бейімдейді.

Жолдауда Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев: «Ауыл шаруашылығы – жоғары технологиялы сала. Шаруаларды жер жағдайы немесе ауа райы емес, инновациялық амал-тәсілдер табысқа жеткізеді. Заманауи ғылымға сүйенбесе, ауыл шаруашылығы жай тоқырауға емес, құрдымға кетеді. Агроғылымды дамыту және ең бастысы, оны ауыл шаруашылығында іс жүзінде қолдану үшін шаралар қабылдау қажет», – деді. Шынында ауыл шаруашылығын өрістетпей, ауылды өркендету мүмкін емес. Президент тапсырғандай, ендігі ретте инновациялық амал-тәсілдерді қолға алуымыз керек. Агроөндірісті агроғылыммен жетілдіреміз. Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығында, оның ішінде егін шаруашылығында реформа жасау қажет екенін де айтты.

Мұнан бөлек, трансформацияланған саяси жүйеміздің басты тетігі – «Халық үніне құлақ асатын Үкімет» тұжырымдамасы. Бұл бастаманы да Мемлекет басшысы көтерген еді. Соңғы бірнеше жылдың жүзінде саяси жүйе демократиялық дамудың даңғылына түсті. Еститін, тыңдайтын Үкімет жасақталуда. Содан бері халық үшін, мемлекет үшін маңызды дүниелер халықтың араласуынсыз жүзеге аспайды. Өйткені биліктің бастауы – халық. Көптен бері халықты елең-алаңға салған АЭС салу-салмау мәселесі де халықтың талқылауынсыз жүзеге аспайды. Мемлекет басшысы кешегі Жолдауында оны нығарлай айтты. «Біз маңызды стратегиялық мәселелерге қатысты түпкі шешімді референдум арқылы қабылдауымыз қажет. Бұл – 2019 жылы сайлау алдында менің халыққа берген уәдем. Атом электрстансысын салу немесе салмау мәселесі – бұл еліміздің болашағына қатысты аса маңызды мәселе. Сондықтан оны жалпыұлттық референдум арқылы шешкен жөн деп санаймын», – деді ел Президенті. Міне, демократиялық үдеріс деген осы.

Арыстанғали Арын,
«Amanat» партиясы облыстық филиалының төрағасы


Құнды бастамалар

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Президенттің ел халқына арнаған бұл Жолдауын үлкен толқумен күттім және Қазақстанның жаңа даму бағытына негіз болған оның барлық бастамасын толық қолдаймын.

Биылғы Жолдауында Президент алдымен өз бастамаларының басым көпшілігінің жүзеге асқанына, бірқатар жұмыстың жалғасып жатқанына, осы орайда халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер еткен кейбір шараларға тоқталып өтті. Мәселен, ол өз сөзінде 2020 жылдан бері мұғалімдердің жалақысы екі есеге көтеріліп, дәрігерлер айлығының айтарлықтай көбейгенін, қазір олардың табысы елдегі орташа жалақыдан әлдеқайда жоғары екенін және жұртқа зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігінің берілгенін, миллионға жуық адам осы жобаның игілігін көріп, баспаналы болып жатқанын атады.

Сондай-ақ, Президент «Жайлы мектеп» жобасы аясында 400-ге жуық мектеп бой көтеріп, ауылдық жерде қазір 300-ден аса денсаулық сақтау нысаны салынып жатқанын, «Ұлттық қор – балаларға» жобасы қолға алынып, соның арқасында жаңа жылдан бастап балалардың есепшотына қаражат түсе бастайтынын және игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген 8 миллион гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылғанын тілге тиек етті. Әрине, мұның бәрі ел игілігі үшін жасалып жатқан жақсылықтар және бұл бізді өте қуантты.

Сонымен бірге Президент агроөнеркәсіп кешеніне нақты серпіліс қажет екенін, осы ретте ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті орасан зор, бірақ біз қолда бар мүмкіндіктерді әлі де толық пайдалана алмай отырғанымызды сөз етті. Осыған байланысты болашағы зор екендігін, ет, сүт, астық өнімдерін терең өңдеу және өндірістік жылыжай шаруашылықтарын дамыту бағыттарына басымдық берудің маңызды екенін айтты. Бұл өте дұрыс. Себебі, біз аграрлы елміз. Сондықтан, ауыл шаруашылығы саласын өркендетуге бір жағадан, бір жеңнен қол шығара жұмылып, Мемлекет басшысының айтқандарын орындауға барынша үлес қосуымыз керек.

Абулқайыр Бексұлтан,
ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты


Туризмді табыс көзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздегі туризм саласының бүгінгі жағдайы туралы: «Еліміздің туристік әлеуетін де пайдалану керек. Туризм осындай серпінді жобалар қатарында болуға тиіс. Өкінішке қарай, осы маңызды саладағы жұмыс дұрыс атқарылмай жатыр, еліміз басқа мемлекеттермен салыстырғанда артта қалып келеді», – деп атап өтті.

Иә, кең-байтақ жеріміз бен айдын-шалқар көліміздің, табиғаты сұлу, тау-тасы ғажайыпқа толы даламыздың игілігін толық пайдалана алмай келеміз. Әрине, Жетісу өз алдына облыс болып бөлініп шыққаннан кейін оның болашақ даму бағытын туризм саласын өркендету арқылы кемелдендіру жайы жиі айтыла бастады. Әрине, туризмді дамытудың сан тарау жолы бар. Жолы реттеліуі, инфрақұрылым, қызмет көрсету сапасы жақсы болуы керек. Бұл жақтағы мәселені шешумен айналысып жатқан тиісті мекемелер бар. Меніңше, Жетісу аймағының туризм саласын өркендетуде  қолөнер шеберлерінің еңбегіне көңіл бөлінбей жатыр.

Бүгінде біз шетелге шықсақ сол елдің ұлттық кәдесыйларын ала келеміз. Әрбіріміздің үйімізде Еуропа, ТМД елдерінің кәдесыйлары бар. Ал елімізге туристік сапармен келген шетелдіктер қазақ халқының ұлттық құндылығын білдіретін кәдесыйларды таппай қиналады. Базарды, туристік орталықтарды Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан шеберлері жасаған дүниелер жаулап алған. Бұл да өзекті өртер мәселе.

Сондықтан, Президент айтқандай, туризм саласын өркендетуді алдағы уақытта 15 ірі жобаның қатарына қосып, осы саламен айналысатын және аталған саланың қазақстандық брендін қалыптастыруға ұмтылыс танытып жүрген адамдардың бастамасына қамқорлықты күшейту керек. Сонда ғана Мемлекет басшысы тапсырған дүние сәтімен жүзеге асатын болады.

Динара БӘКІРОВА,
«Алтын адам» Жетісулық қолөнер шеберлері орталығының директоры

 

Қатысты жаңалықтар

Жетісудың рухани шамшырағы

Жетісудың рухани шамшырағы

31.08.2026
Бастауыш сыныптарда жаңа бағалау жүйесі енгізіледі

Бастауыш сыныптарда жаңа бағалау жүйесі енгізіледі

31.08.2026
«Ұмай» ипотекасы: Әйелдер баспананы қандай шарттармен ала алады?

«Ұмай» ипотекасы: Әйелдер баспананы қандай шарттармен ала алады?

31.08.2026
Аида Балаева Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Аида Балаева Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды

31.08.2026
Олжас Бектенов Үкімет басшысы лауазымында қалды

Олжас Бектенов Үкімет басшысы лауазымында қалды

31.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.