Ағзаның қартаю процестерін баяулатуға рацион әсер ете алады. Ол үшін рационға қандай өнімдер қосу керек? Бұл сұраққа «Газета.Ru«-ға диетолог Оксана Михалева жауап берді.
Бірінші орында – майлы балық.
«Ол — көп қанықпаған омега-3 май қышқылдарының көзі. Омега-3 созылмалы қабынуды басады, оксидативті күйзелісен қорғайды, остеопороздың алдын алады және тері саулығын сақтайды. Омега-3 майлы қышылдары қымбат қызыл балықта ғана емес, майшабақ пен скумбрияда да бар», — дейді ол.
Екінші орында – жемістер мен көкөністер.
«Олардың түсі қаншалықты әртүрлі болса, құрамындағы ерекше фитохимиялық заттар соншылықты көп болады. Олардың барлығы табиғи антиоксидант болып саналады және қартаюдан қорғайды. Жемістер мен көкөністердің тәуліктік нормасы – ересектер үшін 500 г-нан аз емес», — дейді маман.
Үшінші орында – тұтас дәнді дақылдар мен бұршақтылар.
«Оларда жасұнық, В тобының дәрумендері және ақуыз көп. Бұл өнімдер категориясына кіретін жасұнық ішек жаңа түзілімінен қорғайды. Сау микробиота инсулинге төзімділіктің алдын алады», — дейді дәрігер.
Төртінші орында – сүтті өнімдер (майлы және тәтті емес). Олар кальцийдің негізгі көзі және сүйектердің қартаю процесі – остеопороздан қорғайды.
«Бесінші – ақуыз және коллаген көзіне жататын ет өнімдері. Бұл ақуызды өнімдер тері мен шаш саулығын және бұлшықет массасын сақтауға көмектеседі. Бұл өте маңызды. Бұлшықет массасының азаюы — қартаю процесінің іске қосылғанының бір белгісі. Бұлшықет массасын сақтау үшін ақуызға бай өнімдерді жеумен қатар физикалық белсенділік те маңызды рөл атқарады», — дейді диетолог Оксана Михалева.
Дереккөз: Massaget.kz. Фото: pixabay.com





