Бүгін Достық ауылындағы №69 сайлау учаскесінде «ЕвроТранзит» ЖШС қызметкерлерінің қатысуымен ерекше ұйымдастырылған дауыс беру сәті өтті. Кәсіпорынның 80 қызметкері бір мезетте сайлау учаскесіне келіп, өз азаматтық таңдауын жасады.
«ЕвроТранзит» ЖШС – Достық ауылының әлеуметтік-экономикалық дамуына және ауданның көлік-логистикалық әлеуетін арттыруға үлес қосып келе жатқан кәсіпорындардың бірі.
Жалпы бұл мекеме 2023 жылдың қазан айынан бері жұмыс жасап келеді. Негізгі қызмет түрі — Астық пен майды қоспағанда, азық-түлік емес тауарларды сақтау.
Жалпы қызметкерлер саны – 146 қызметкер. Бұл жерде вахталық ауысыммен 2 вахта бар 15 күннен. Оның ішінде құрылтайға келетін жұмысшылар саны – 77 адам.
Терминал 6 теміржолдан тұрады, оның 3-і тар жол болса (ҚХР) және 3-і кең жолдан тұрады (ҚР), олардың әрқайсысының ұзындығы 1050 метрді құрайды яғни 75 вагоннан сияды.
Бұл көрсеткіш станциялық жолдарға шықпастан ұзын базалық (76 вагон) құрамды поездарды қабылдауға және қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда айына 8000 контейнер тиеліп жатыр. Терминалдың сыйымдылығы 2 500 жиырма футтық контейнерлерді құрайды. Сондай-ақ, терминалда уақытша сақтау қоймасы бар — жабық алаңы 2 072 шаршы метр, Ашық алаңы 5 272 шаршы метрді құрайды. Сондай-ақ, терминал жеңіл автокөліктерді қайта тиеуді қамтамасыз етеді:
- автовоз — автовоз
- автовоз — вагон,
- вагон — вагон,
- вагон — автовоз.
Бұл ретте терминал 4 500 жеңіл автокөліктерді қысқа мерзімді сақтауға орналастыра алады.
Достық ауылының шекара маңындағы орналасуы мен көлік-логистикалық маңызы кәсіпорын жұмысының өңір үшін маңызын арттыра түседі. «ЕвроТранзит» ЖШС қызметкерлері өндірістік міндеттерін атқарумен қатар, қоғамдық өмірге де белсенді араласып келеді.
Бүгінгі дауыс беруге 80 қызметкердің бір уақытта қатысуы – азаматтардың өз таңдауына жауапкершілікпен қарайтынын және қоғамдық маңызы бар іс-шараларға белсенді қатысатынын көрсетті.
Сайлау учаскесінде дауыс беру процесі белгіленген талаптарға сәйкес ұйымстадырылып, азаматтарға өз конституциялық құқығын жүзеге асыруға барлық жағдай жасалды.
«Өз таңдауымыз – ел болашағына қосқан үлесіміз» деген ұстаныммен «ЕвроТранзит» ЖШС қызметкерлері өз азаматтық белсенділіктерін танытты.





