Талдықорған: +22°C
$ 517.45
€ 598.59
₽ 6.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Егемендіктің айғағы

04.06.2025
КҮНДЕРЕК, МЕРЕКЕ АЙШЫҒЫ
Егемендіктің айғағы

El.kz

Бүгін Алтай мен Атыраудың, Ертіс пен Еділдің, Арқа мен Алатаудың арасындағы атырапты алып жатқан еліміз үшін мерейлі мереке. 4 маусым елдігіміздің һәм егемендігіміздің айғағы – Рәміздер күні. Құтты болсын, көзі қарақты оқырман!

Кейде тақырыпты ашу үшін өткенге оралу керек. Тарихты парақтау қажет. Латын Америкасы. Жайбарақат тұрмыс кешкен инктер. Даңқ пен алтынның мол қорын іздеген испандық Франческо Писарро мен 200 сарбаз. Мұхит асып келгендерге достық пейіл таныту үшін инк патшасы Атауальпа Кахамарка қаласының жанында жатжерліктерді күтеді. Қарусыз. Алаңсыз. 5 мың сарбазымен. Ұрымтал сәтте айласын асыруға тырысқан испандықтар қарусыз инктерге зеңбіректен, мушкеттен қорғасынды отша шашып, жергілікті халықты жайпап тастайды. Мына қызықты қараңызшы, инктер қарусыз болғанына қарамастан жалаң кеудесімен әмірші отырған тақты қорғаумен болыпты. Соңғы сарбаз қалғанда Атауальпаны Ф. Писарро еш жарақатсыз тұтқындапты. Осы ретте жауынгерлер неге бас сауғаламады деген сұрақ қылаң береді. Қарусыз бола тұра не үшін құрбан болды? Оларды алаңдатқан тақ еді. Тақ – империяның негізі, елдіктің нышаны-тын.

Рим. Испанияда негізі қаланып, Африкадан бастап, Испания, Галлияда қанша шайқасты өткеріп, тарихта аты қалған 9 легион. Атышулы Цезарь мен Помпейге, Октавиан мен Тиберийге қызмет еткен испандық легион. Император Клавдийдің бұйрығымен Британиядағы көтерілісті жаныштауға аттанады. Сол жақта кельт тайпалар бірлестігінен әйгілі легион жеңіледі. Бірақ, держава билеушілері жойылған жасақ аквиласын (рим легионының символы) астанаға алдырып, легионды қайта жасақтады. Өйткені легионның жойылуы империяның күйрегенінен хабар беретін еді. Ал бүркіттің бейнесі бар аквила қандай жағдай болмасын жаудың қолында қалмаған. Аквила – тек легионның ғана емес, тұтас империяның рухы еді.

Екі мысалмен рәміздердің қадір-қасиетін көрсете білдік деген ойдамыз. Азияның кіндігінен орын тепкен ұлан-ғайыр атырапты алып жатқан Қазақстанның егемендігінің символы – Рәміздері. Көк туы аспанының ашықтығын, Елтаңбасы ат тұяғымен жазылған сан тарихтан кейін әлі де шаңырағының беріктігін, Әнұраны рухының тірі екенін айғақтаса керек.

Қазақта «Әсіреқызыл тез оңар» деген сөз бар. Осы мәтел тағы бір ойымызды ұштай түсетіндей. Не нәрсе көп, сол дүние құнсыз келеді. Мәселен, қалтаңызда 1 теңге жүр. Оған не дүкеннен, не базардан бұйым сатып ала алмайсыз. Содан болар, аялдамада, қоғамдық орында 1 теңгенің жиі жататыны кейде іш тарттырады. Теңге бетіндегі таңбаны, таңба болғанда Елтаңба барын ескерейікші. Нарықта 1 теңгеге ештеңе келмесе де шашылып жатпасын.

Әдет пе, қалып па, Көк туды әр дүниеге жапсыра беру сәнге айналғандай. Киімге, қағазға, көлікке орналастыру оңайдың оңайы. Рух оятуы тиіс Байрағымыз кейде аяқасты болып жатады. Бетінде алтын күні мен қыраны бар «Қазақстан» шоколады соның айғағы. Сауда, табыс өз алдына, бірақ, іші тұтынылған соң Көк туды айғақтайтын жабыны жәшікке түседі емес пе?! Қоқыс жәшігіне.

Ұлттың болмыс-бітімі мен салт-санасын болашаққа бұзбай жеткізетін ұрпақ тәрбиелеу – уақыт тынысындағы ауқымды мәселе. «Батыр туса – ел ырысы, жаңбыр жауса – жер ырысы» деп баба жұрт тегін айтпаса керек. Ешкім батыр болып тумайды. Бірақ, оны батыр етіп өсіру, батыр деңгейіне жеткізу құралы – тәрбие. Тәрбие «қисық бұтаны» да түзу етеді. Ал батыр деген кім? Жерін, елін сүйген тұлға. Елдің іргесі мен ордасын қорғайтын арда ұл. Ондай батырларды тәрбиелеу сөзден емес, істен құралады. Әрбіріміздің қарекетімізден тәлім алып отырған кейінгі буын бар. Бала бар. Баланың әдетте айтқанымызды емес, істегенімізді қайталайтыны тағы бар. Сондықтан Қазақстанның тәуелсіздігін айғақтайтын Рәміздерді құрметтеу ісімізден көрінсін. Ұрпақ соны қайталасын! Осылайша Көк байрақ жүзін бұлт шалмаған аспанымызда желбіреп, Елтаңбамыз шаңырағымыздың беріктігін айғақтап, Әнұранымыз рухты ел екенімізді байқатып тұрсын.

Дастанбек САДЫҚ

Қатысты жаңалықтар

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ «J LEAGUE» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖЕҢІМПАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ «J LEAGUE» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖЕҢІМПАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ

17.06.2025
Қытай тарапынан шынайы қызығушылық байқалады

Қытай тарапынан шынайы қызығушылық байқалады

17.06.2025
Туризм – достық көпірі: Қазақстан мен Қытай байланысының жаңа белесі

Туризм – достық көпірі: Қазақстан мен Қытай байланысының жаңа белесі

17.06.2025
Қытаймен экономикалық әріптестік Қазақстан үшін үлкен мүмкіндік

Қытаймен экономикалық әріптестік Қазақстан үшін үлкен мүмкіндік

17.06.2025
Биыл Балқаш көлі жағалауында жарық пен су беріле бастайды

Биыл Балқаш көлі жағалауында жарық пен су беріле бастайды

17.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.