Талдықорған: +2°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Елімізде 2 мыңнан аса онлайн-казино сайты бұғатталды

31 тамыз 2023
КҮНДЕРЕК
Елімізде 2 мыңнан аса онлайн-казино сайты бұғатталды
WhatsAppTelegramFacebook

Биыл елімізде 2 мыңнан аса онлайн-казино сайты бұғатталды. Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттіктің ақпаратынша, 2019 жылдан бері заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактілері бойынша өндірісте 1 148 іс болған, оның ішінде 849 адамға қатысты 940 іс аяқталды. Қабылданған алдын алу шараларының нәтижесінде соңғы 5 жылда тіркелген істер саны 5,5 есеге төмендеген.

Жыл сайын анықталатын заңсыз ойын терминалдарының саны 16 есеге – 1260-тан 76-ға дейін азайды. Бұл ретте заңсыз ойын терминалдары бойынша қылмыстық істердің саны 2019 жылғы 208-ден биыл 28-ге дейін, яғни 7 есеге азайған.

Сонымен қатар, үй-жайларды жалға берушілерді жауапқа тарту бойынша шаралар қабылдануда.

«Астыртын казино қызметін тоқтатуға бағытталған жұмыс аясында анықталған құқықбұзушылықтар санын 2019 жылғы 35-тен биыл 12-ге дейін яғни 3 есе азайтуға мүмкіндік туды. Заңды букмекерлік кеңсе атын жамылған, заңсыз ойын сайттарының 4 фактісі анықталды. Алаяқтар белгілі букмекерлік кеңселердің атауларын (домендерін) қосымша аббревиатуралар қосу арқылы өзгерткен. Атап айтқанда, белгілі букмекерлік кеңсенің атымен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша тергеу басталды», — деп хабарлады агенттік.

Бұдан бөлек ҚМА ақпаратынша биыл «TikTok» желісінде құмар ойындардың онлайн трансляциясы жиілеген. Қабылданған шаралардың нәтижесінде ұйымдастырушылардың 177 аккаунты анықталды. Күн сайын мыңдаған ойыншы құмар ойындар ойнаған.

10 ұйымдастырушыға қатысты 5 қылмыстық іс қозғалды, оның 3-і бойынша сот үкімі шықты. Қалған істер әлі тергеліп жатыр. 4 адам әрқайсысы 4 жылға сотталса, 2 адамның бас бостандығы шектелді.

«Ақпарат комитетімен және желі иесімен бірлесіп, «TikTok» платформасының жасанды интеллектісінің жұмысы жолға қойылды. Бұл заңсыз контент эфирін жедел бұғаттауға мүмкіндік береді. Құмар ойындарды тарататын жаңа аккаунттар қысқа мерзімде автоматты түрде бұғатталады», — деп мәлімдеді агенттіктегілер.

Сондай-ақ 2022 жылы 5,5 мың онлайн-казино сайты мен аккаунты, биыл 2 мыңнан аса сайт бұғатталған.

Агенттік Ақпарат комитетімен және ҰҚК МТҚ-мен бірлесіп онлайн-казиноның «көшірме» сайттарын (жаңадан құрылатын) жедел бұғаттау туралы шешім қабылдады. «Кибербақылау» жүйесіндегі сайттарды бұғаттау алгоритмі 14 тәуліктен 1 күнге дейін жеңілдетілді.

Қатысты жаңалықтар

Үшарал қаласында 7 көпқабатты үйдің қасбеті жөнделеді

Үшарал қаласында 7 көпқабатты үйдің қасбеті жөнделеді

30 қазан 2026
Мәдени мұра және жасанды интеллект: Минскіде қазақстандық мамандар тәжірибе алмасты

Мәдени мұра және жасанды интеллект: Минскіде қазақстандық мамандар тәжірибе алмасты

30 қазан 2026
Талдықорғанда жаңа оңалту орталығы ашылады

Талдықорғанда жаңа оңалту орталығы ашылады

30 қазан 2026
Алакөл ауданында «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді

Алакөл ауданында «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді

30 қазан 2026
Қорғаныс министрі зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларын қабылдады

Қорғаныс министрі зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларын қабылдады

30 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.