Талдықорған: +35°C
$ 467.48
€ 539.52
₽ 5.73
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Енді бастауыш сынып оқушылары ТЖБ мен БЖБ тапсырмайды

07.08.2026
КҮНДЕРЕК
Енді бастауыш сынып оқушылары ТЖБ мен БЖБ тапсырмайды

istockphoto

WhatsAppTelegramFacebook

Жаңа оқу жылынан бастап Қазақстанның бастауыш сынып оқушылары ТЖБ мен БЖБ тапсырмайды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Оқу-ағарту министрлігі қоғамда ұзақ уақыт бойы қызу пікірталас тудырған жиынтық бағалау жүйесіне қатысты түпкілікті шешім шығарды. Сарапшылар мен мамандар бұл форматының бастауыш буында тиімсіз екенін алға тартқан еді. Енді 1-4-сынып оқушылары күзелу мен эмоциялық қысымнан арылып, білімді тереңірек меңгеруге мүмкіндік алады. Осылайша, білім саласының жауапты өкілдері оқушыларға түсетін психологиялық жүктемені азайтуды көздеп отыр.

Бұл өзгеріске ата-аналар қауымы оң баға беріп жатыр. Мәселен, төрт баланың анасы Гүлнар Омарова жиынтық бағалау оқушылардың алған білімінің нақты деңгейін көрсетпейді деген пікірде. Ата-ананың айтуынша, бағалаудың бұл түрі балаларды білім алуға емес, дайын жауапты көшіріп алуға баулыған. Оқушылар ғаламтордан дайын үлгілерді тауып алып, жоғары балл жинайды. Алайда мектеп аяқтар шақта негізгі білімнің ақсап тұрғаны байқалып, репетиторлардың көмегіне жүгінуге мәжбүр болады.

Оқу-ағарту министрлігі де бұл мәселені ішінара мойындады. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының аға ғылыми қызметкері Раушан Бапишева арнайы талдау жұмыстары жүргізілгенін атап өтті. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, бастауыш сыныптардағы БЖБ мен ТЖБ балалардың шынайы қабілетін толық айқындай алмайды. Керісінше, кішкентай оқушыларға артық академиялық және эмоциялық ауыртпалық түсіреді.

Дегенмен реформа тек бастауыш мектепті қамтиды. 5-11-сынып оқушылары үшін БЖБ мен ТЖБ тапсыру форматы сақталады. Орта және жоғары сыныптарда бұл жүйе әлі де білім деңгейін тексерудің негізгі құралы ретінде қала береді.

Бұл жаңалық қоғамда қолдау тапқанымен, тәжірибелі мұғалімдер мен мамандар тарапынан сынға да ұшырады. Парламент Мәжілісінің бұрынғы депутаты Ирина Смирнова бұл жүйені кезінде ойлап тапқандар мен енгізгендер жауапқа тартылуы тиіс деп есептейді. Оның сөзінше, БЖБ мен ТЖБ жүйесін енгізуге, мұғалімдерді қайта оқытуға бюджеттен 10-15 млрд теңгеден астам орасан зор қаржы жұмсалған. Қазіргі таңда бұл инновацияның сәтсіз болғанын мойындау жеткіліксіз, тиімсіз реформа ұсынған жауапты тұлғалар халық алдында жауап беруі керек.

Біле жүрген абзал: БЖБ – бөлім бойынша жиынтық бағалау, ол оқу бағдарламасының белгілі бір тарауы аяқталғанда өткізіледі. ТЖБ – тоқсан бойынша жиынтық бағалау, тоқсан соңында өтілген барлық материалды қорытындылау үшін алынады.

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанда тағы 41°C-қа дейін аптап ыстық болады

Қазақстанда тағы 41°C-қа дейін аптап ыстық болады

07.08.2026
Жетісуда полиция қызметкерлері жолда қалған отбасыға көмектесті

Жетісуда полиция қызметкерлері жолда қалған отбасыға көмектесті

07.08.2026
Жетісуда тоғыз ауыл табиғи газға қосылды

Жетісуда тоғыз ауыл табиғи газға қосылды

07.08.2026
Туризмді мемлекеттік қолдау: Жаңа өзгеріс саяхатшыларға не береді?

Туризмді мемлекеттік қолдау: Жаңа өзгеріс саяхатшыларға не береді?

07.08.2026
Қазақстанда негізгі азық-түлік өнімдерін тұтыну көлемі артты

Елімізде әлеуметтік азық-түлік бағасы арзандады

07.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.