Талдықорған: +13°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ертең өкінбейік десек…

3 наурыз 2024
КҮНДЕРЕК
Ертең өкінбейік десек...
WhatsAppTelegramFacebook

Өмір өркендеген сайын тұрмысымыз да мағыналы жаққа беттейді деп ойлаймыз. Өкінішке қарай, рухани байлығымыз молайған сайын бүлдіретін бәлекеттердің де саны артып, қатары  көбейіп келеді. Келеңсіз қылықтармен қанша күрескенмен де оны түбегейлі шешудің жолын таппай санамыз сан-саққа бөлініп жүр.

Сол қоғам дертіне айналған құбылыстың бірі – электронды шылым болашағымызды ойрандап жатыр. Көшедегі жүргіншілердің денінен сол затты көресің. Көресің де көңілің құлазиды. Үлкені де, кішісі де бірреттік шылымды жарыса сатып алуда. Оларды шылымның дәмі мен әдемі сыртқы қабы еліктіріп жүргенін білеміз.

Электронды шылым темекі секілді ащы емес, құрамына әртүрлі жемістің дәмі шығатын еліктіргіш заттар қосылған. Бағасы да тым қымбат емес. Дүкендерде кішкентай балаға сатуға тыйым салынса да мектеп жанындағы дүкен сөрелерінде самсап тұр. Оны жасөспірімдердің таласа сатып алып, тұтынғанына мәз болып жүргенін көреміз. 

Балалардың осы бір еліктіргішке қалай бейімделгенін ата-аналары неге байқамайды дейтін шығарсыз. Өндірушілер шылымның қабын шырынның бөтелкесіне ұқсатып жасаған. Сырт көзге түтікшемен шырын ішіп тұрғандай көрінеді.  Түсінген адамға болашағымыз осылай быт-шыт болып жатыр. Ата-аналар таңды кешке жалғап балаларым мектепте тамақ ішсін деп аузындағысын жырып береді. Ал балалар ата-ананың үмітін ақтаудың орнына әлдекімдердің ақшақұмарлығының құрбаны болуда. 

«Біреу туберкулез ауруына шалдығыпты» десе жағамызды ұстаушы едік. Мына бәлекет одан да салмақты дертке ұшырататынын дәрігерлер дәлелдеп, дабыл қағып жатыр. Өкініштісі, қоғам бұл дертпен күресудің жолын таппай келеді. Осындай жағдайдан туындайтын мәселелерге мектепті кінәлайтындар да көп. Дегенмен, бала бірінші тәрбиені отбасынан алады. Сондықтан ата-аналар балаларының тұтынған заты, қолданған амалдарын қадағалап, зиянды әрекеттерге бейім болса  оның жаман тұстарын түсіндіріп, балаларды қатерлі жолдан арашалауға атсалысқаны жөн. Әйтпесе ертең өкініп қалуымыз мүмкін. 

Камила Сергеева,
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті журналистика 
мамандығының 4-курс студенті  
Фото: kazpravda.kz

 

Қатысты жаңалықтар

Өркендеудің өзегі

Көңіл тоғайтатын құжат

7 қараша 2026
Қызылағашта трассалық медициналық-құтқару пункті бой көтеруде

Сапалы медицина – салауатты қоғам негізі

7 қараша 2026
Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

7 қараша 2026
Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

7 қараша 2026
«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

7 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.