Талдықорған: +12°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ескертпелер неге ескерілмейді?

27 қаңтар 2024
КҮНДЕРЕК
Ескертпелер неге ескерілмейді?
WhatsAppTelegramFacebook

Қазір әркімде қалтафон бар. Сол құрылғыға 112-ден жиі хабарлама келеді. Хабарлама демейікші, ескертпе. Ал ескертпені ескерген кім бар? «Қауіпті» дегенге селт етпейміз, «Абайлаңыз» дегенді елең қылмаймыз. «Қалың қар, жол жабық» деп ескертсе де жолға шығамыз. «Апат айтып келмейді» дегенмен, қауіпті дегенге құлақ түру де керек шығар?!

Қыс басталғалы облыс аумағынан 185 адам құтқарылған. Оның 13-і бала, 58-і шетел азаматы. Ескертулерді елең қылмағандардың 33 көлігі қар құрсауынан шығарылған. Құдайға шүкір дейік, адам өлімі тіркелмеді. Алдағы уақытта да тіркелмесін деп тілейік. Бір өкініштісі, қалтафоннан бас көтермейтіндердің заманында қауіпті дегенді назарға ілмейтіндер жыл санап көбейіп келеді. Салыстыра қарайықшы, 2022-2023 жылғы қыста төтеншеліктер 80 адамды қар құрсауынан алып шыққан. Оның төртеуі бала, үшеуі шетелдік. Санда өсім бар. Бұл жақсылықтың нышаны емес.

Жетісу өңірінде 3988 шақырым жол болса, оның 1034-і республикалық маңызға ие. Ал облыстың құзырына қарайтыны 2954 шақырым. Осынша жолдың бойында 12 қар басу қаупі бар аймақ анықталған. Оның жалпы ұзындығы 197 шақырым. Қыс айында қауп жоғарылайтын Арқарлы және Алтынемел асуы да қамсыз жандарды алаңдатуы аса қажет. Төтеншеліктердің айтуынша, өңірде 2 трассалық-медициналық құтқару пункті бар. Биылғы қысқа 8 стационарлық және вахталық автобустар базасында 6 жылыту пункті даярланған. Алда-жалда ауа райы құбыла кетіп, бұрқасынды боран бола қалғанда табиғаттың тосын мінезінен өңір тұрғындары мен қонақтардың өмірін арашалау үшін 498 арнайы маман мен 110 техника, бесаспап құрал-жабдық сақадай-сай тұр.

Жетісу облысы ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының өкілі Сағади Әлібайдың айтуынша, биыл қыс басталғалы бері республикалық және облыстық маңыздағы жолдар 43 мәрте жабылыпты. Осындай қауіпті кезеңдерде қауіпсіздік шараларын күшейтуге бағыттаған sms хабарламадан бөлек 2500-ден астам үгіт-насихаттық материалдар таратылған. Соның өзінде ескертпені елең қылмайтындар азаймай тұр.

 – Жолға шыққанда sms хабарламаға назар аударған абзал. Бұл жүргізушінің қауіпсіздігі үшін аса қажет. Сонымен қатар, ауа райының қыс айында құбылмалы келерін ескеріп, көлік ішіне жылы киім, ұзақ сақтауға болатын азық, парафин шамдары, күрек және арқан салып қою керек. Ең маңыздысы, өмір қауіпсіздігі әр адамның өз қолында. Сақтықты назардан шығармаған абзал, – дейді Сағади Әлібай.

Қазіргінің адамдары заңшыл келеді. Өз құқығын қорғауға келгенде алдына жан салмайды. Бірақ, өз кемдігін білмейді. Бір кем дүние. Мемлекеттің басты байлығы – адам. Бұл Ата Заңда үлкен әріппен жазылған. Ал сол адамның қауіпсіздігі мемлекеттің қарауында. Содан қауіпті кездерде sms хабарлама жолдайды. Ал оны ескеру әрбір азаматтың басты міндеті.

Дастанбек САДЫҚ

 

 

 

Қатысты жаңалықтар

Өркендеудің өзегі

Көңіл тоғайтатын құжат

Бүгін, 16:05
Қызылағашта трассалық медициналық-құтқару пункті бой көтеруде

Сапалы медицина – салауатты қоғам негізі

Бүгін, 15:00
Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

Бүгін, 14:48
Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

Бүгін, 14:45
«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

Бүгін, 14:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.