Талдықорған: +26°C
$ 469.71
€ 536.17
₽ 6.01
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

FACTCHECKING: АҚПАРАТТЫҢ РАС-ӨТІРІГІН ТЕКСЕРЕТІН КӘСІБИ ЖУРНАЛИСТЕР

03.06.2020
КҮНДЕРЕК
FACTCHECKING: АҚПАРАТТЫҢ РАС-ӨТІРІГІН ТЕКСЕРЕТІН КӘСІБИ ЖУРНАЛИСТЕР
WhatsAppTelegramFacebook

Күнделікті өмірде түрлі жаңалықтар мен ақпараттарды естиміз, таратамыз. Уақыт өткен сайын ақпарат айдынының аумағы да кеңейіп келеді. Ал сол мəліметтердің ақ-қарасы мен рас-өтірігін қалай ажыратуға болады? Ақпарат пен деректердің рас-өтірігін тексеретін FactChecking туралы не білеміз? Думан Смақов бізге осы туралы айтып берді. Ендеше, оқып көріңіз.

FACTCHECKING ҚАШАН, ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

FactChecking ағылшынның «fact» – дерек, «check» – тексеру деген сөздерінен пайда болған. Демек, FactChecking деректің, ақпараттың қаншалықты шындыққа жанасатынын тексереді. Мейлі, ол саясаткерлердің сөзі болсын, мəдени-ғылыми жаңалық болсын, қарапайым ақпарат болсын, FactChecking оның рас-өтірігін анықтайды.

FactChecking Қазақстанға 2017 жылы ғана келген жаңа термин, жаңа атау. Ал ТМД елдерінде 2014 жылы пайда болған. 2014 жылы қаңтар, ақпан айларында Украина еліндегі соғысқа қатысты түрлі алыпқашпа əңгімелер мен фотосуреттер əлеуметтік желілер арқылы таралып кеткен еді. Халық бұл ақпараттардың қайсысы рас, қайсысы өтірік екенін ажырата алмай, адасушылыққа тап болды. Осы ақпараттардың рас-өтірігін тексеру мақсатында ТМД елдерінде FactChecking саласы жұмыс істей бастады.

FACTCHECKING – АҚПАРАТ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ҚАРУ

Журналистикада FactChecking жаңадан пайда болған сала емес. Ол бұрыннан бар. Марат Барманқұлов өзінің жас тілшілерге арналған оқулығында: «Кез келген елдің əлеуеті нақты ақпарат пен дерексіз нөлге тең» деген екен. Журналистің миссиясы тек қана ақпарат таратып, жаңалық жеткізу емес, оның рас-өтірігін анықтау. Себебі, журналист – қоғамдық пікір қалыптастыруға жауапты тұлға. Ал FactChecking – журналистің ақпарат кеңістігіндегі басты қаруы.

Күнделікті өмірде əлеуметтік желілер арқылы көптеген мəлімет аламыз. Алайда, олардың қаншалықты шындыққа жанасатынын білмей жатып, басқа қолданушыларға таратып жіберетін адамдар аз емес. Осылайша, қоғамда қате пікір мен көзқарас қалыптасады. Біз мұндайға жол бермес үшін FactChecking саласын меңгеріп, халықтың көзін ашуға тиіспіз.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ FACTCHECK КОМАНДАСЫ ТУРАЛЫ

Factcheck.kz командасы – əлеумет, экономика, мəдениет, саясат жəне тағы да басқа салалар бойынша тəжірибесі бар, елдегі тұңғыш фактчекинг ресурсын ашу жөнінде шешім қабылдаған кəсіби журналистер тобы.

Жобада штаттағы жəне штаттан тыс авторлар бар. Олардың арасында жетекші ақпарат агенттіктерінің журналистері мен əр саланың эксперттері де бар.

Жобаның негізгі міндеті – ақпарат құралдарында жарияланған ақпараттың, əлеуметтік желідегі жазбалардың жəне ел алдында жүрген тұлғалардың мəлімдемелерінің рас-өтірігін тексеру. Сайттағы мақалалар қазақ жəне орыс тілдерінде жарияланады. Болашақта ағылшын тілі де қосылады. Қазақстандағы алғашқы фактчекинг ресурсы оқырманға сенімді дереккөзден тексерілген жəне тəуелсіз ақпарат алуға мүмкіндік беріп, атышулы мəлімдеме жасауға құмар тұлғалардың тарататын ақпаратына барынша мұқият болуына септігін тигізеді.

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕГІ «ІЗ» ЕШҚАШАН ӨШПЕЙДІ

Жағалауға барғанда құмның үстінен жүріп өткенде, артымыздан із қалады. Алайда ол ізді су шайып, жоғалтып жібере алады. Ал əлеуметтік желілердегі «ізіңіз» ешқашан жоғалмайды. Кез келген желіде біреумен хат-хабар алмассаңыз, бір нəрсе туралы жазба жасасаңыз, пікір қалдырсаңыз, бұл əрекеттерді кері қайтара алмайсыз. Сіз бұл деректерді жойып жіберген күннің өзінде деректер базасында сақталып қалады. Сондықтан, желідегі əрбір сөзіңіз бен іс-əрекетіңізге абай болған дұрыс.

ФАКТ ЖӘНЕ ПІКІР

Көп жағдайда факт жəне пікір дейтін маңызды екі элементті айыра алмай жатамыз. Қате ақпараттың тарауы осы екі факторға тікелей байланысты. Қазақ журналистерінің көпшілігі фактіге қарағанда пікірге жиі сүйенеді. Ақпарат 12 сөйлемнен тұратын болса, оның 7-8 сөйлемінде ғана нақты факті кездеседі. Қалғаны қалыптасқан түсінік, болжам бойынша жазылады.

БІЗ НЕНІ ТЕКСЕРДІК?

Жылда Ұлттық бірыңғай тестілеу науқанында үлкен дау туындайды. Талапкерлер, ата-аналар мен ұстаздар тарапынан ақылға қонымсыз сұрақтардың кездескені туралы пікір жиі айтылады. «Роза Рымбаеваның сүйікті көйлегінің түсі», «Шыңғысханның жылқысының тісі» деген сұрақтар ҰБТ-да мүлде кездеспеген. Біз мұны дəлелдедік.
    
PS: 90 минут – екі сабақтың уақыты. Біз осы уақыт аралығында ақпаратты тексерудің түрлі тəсілдерін, тегін сервистік жүйелерді, фейк пен спам туралы көп мағлұмат алдық. Бір жарым сағатта алған білімді газеттің бір бетіне сыйғызу мүмкін емес. Алайда назарларыңызға қажет деген ақпараттың аздаған бөлігін ұсынып отырмыз. Болашақ журналистер ақпарат кеңістігіндегі қаруды дұрыс пайдаланып, бұқаралық медиаға айналуға атсалысуымыз керек. Факті мен пікірдің аражігін ажыратуға, осылайша халыққа нақты мəлімет беруге міндеттіміз. «Журналистика – бұл миссия» деп Дебора Кемпбелл айтқандай, миссиямызды мінсіз орындау жолында жалған ақпаратқа жол бермейік.

Дана МАРАТОВА

Қатысты жаңалықтар

Метан шығарындысын азайту шаралары

Метан шығарындысын азайту шаралары

15.07.2026
«TopIQ.kz» – цифрлық дәуірдің озық құралы

«TopIQ.kz» – цифрлық дәуірдің озық құралы

15.07.2026
Жетісуда баспасөз хатшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа талаптар түсіндірілді

Жетісуда баспасөз хатшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа талаптар түсіндірілді

15.07.2026
Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама

15.07.2026
Жаһандық атом ғылымындағы Қазақстанның рөлі қандай?

Жаһандық атом ғылымындағы Қазақстанның рөлі қандай?

15.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.