Талдықорған: +35°C
$ 476.07
€ 541.86
₽ 6.08
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ГАЗЕТ – ТАСҚА БАСЫЛҒАН ТАРИХ

31.10.2023
КҮНДЕРЕК
ГАЗЕТ – ТАСҚА БАСЫЛҒАН ТАРИХ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақ өзендермен өрнектелген Жетісу жерін жұмаққа баласа, Жаркентті жазиралы өлке санайды. Сонда жұмақ мекеннің жазиралы өлкесі атану үшін қаншалықты көркемдік, тұмса табиғат керек екен деп ойланасың. Желіп аққан жеті өзені, жеті арасаны бар Жаркент жері өзінің асқақ та ақын перзенті Қайрат Әлімбек «Ата-тау» деп жырлаған тауы бар, самырсын мен ұшқаты, жыңғылы мен сексеуілі, қайыңы мен қарағайы сыңсыған тоғайы бар керім өңір. Көркем мекен. Балағы құм, кеудесі өзен, басы тау болып келетін осынау көркем жердің экономикалық көрсеткіші де көңіл қуантарлық жағдайда.

Біз мұны баспасөз науқаны бойынша арнайы барған сапарда қайталай қуаттап қайттық. «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деген ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының аталы сөзін өміршең етіп, билік пен бұқара арасындағы «алтын көпірлік» міндетті 105 жыл жалғастырып, ұлт мұраты, құндылығы мен тарихы тұрғысында тағы бір ширек ғасырға құлаш сермеген «Jetіsý» газетіне жазылу науқаны басталғанын айтып, Панфилов ауданының әкімі Марат Сағымбекпен жүздестік.

– Ел идеологиясының ең негізгі тегершігінің бірі газет деп білетін буынбыз. Елдің тыныс-тіршілігін қалтқысыз бақылап, жылт еткен дүниені ашып жазатын, сынды сындай, шынды шындай көрсететін газет қоғамға ауадай қажет. Осы межеден ғасыр бойы шығып келе жатқан «Jetіsý» газеті жаркенттік оқырмандардың да олжасы. Біз басылымға жазылуды қашанда қуана құптаймыз, – деген өрісті мекеннің басшысы өз кезегінде ауданның тыныс-тіршілігінен аз-кем ақпар берді. 

Бүгінде алты құрлықтың ажырамас ұранына айналған «жаһандану» үдерісінен жаркенттіктер де қалыс қалған жоқ. Тіпті, облыстың жетекші ауданы санатындағы Панфилов ауданында бірқатар ілкімді іс жанданып, ел табысын арттырып, тұрмысын түзеуге ықпал етіп отыр. Оның бірі халықаралық сауда-саттықтың қан тамырына айналған «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы, «Қорғас» шегара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» АҚ, «Нұр жолы» кеден бекеті, «Алтынкөл» теміржол стансысын айрықша атауға негіз бар. Одан бөлек «Жаркент крахмал-сірне» зауыты сынды өндіріс ошақтарын да бұл санатқа қосуға болады. Өткен жылы аудан әкімі Марат Сағымбекпен пікірлескенде ол 30 жылдан бері мұрты ойылмай келген бірқатар істі айтып, қынжылыс білдірген еді. Ел қамын ойлайтынын, туған жерін түлетуді көздейтінін әр сөзінен аңғарғанбыз. Сонау кеңестік кезеңнен бері Жаркентке бағытталған автожолдардың асфальтталмағаны, ауданаралық, ауылішілік даңғылдардың кедейдің көрпесіндей құрақ-құрақ күйінде тұрғанын айтып, бүгінде бірқатар жолдардың жаңғыртылғанын, бәріне уақыт қажеттігін тілге тиек еткені есімізде. Айналдырған 1 жыл ішінде  ауданға бастайтын жолдардың жөнделуі түгелге жуық аяқталыпты. Ауданішілік жолдар да тегіс, жаңа. Уәжге тоқтап, уәдеге жүретін азаматтың бірсөзділігі, іскерлігі бізді ғана емес, жаркенттік тұрғындарды да риза еткен сыңайлы. Осы орайда ауылды жерлерде де бірқатар нысан бой көтеріп, ел игілігіне берілгенін аңдадық. Жиын-терін науқанының бірсыпырасы аяқталғанымен ауданда әлі жүгері жинау жұмысы қызу жүруде. Жүгері бағасының төмендеуі, «Есіл еңбек еш кете ме?» деген тұрғындардың алаң көңілі де жоқ емес. Бұл алдағы уақытта айналып соғар, тереңнен талдауды қажет ететін тақырып… 

Десе де  Жетісу облысының басты үнпарағы, ата басылымға алқаусыз пейіл танытып, жетістігі мен көрсеткішін айтып, кемшілігін жасырмаған Марат Сағымбек бастаған аудан басшылары рухтың сөзі, ұлттың үні болған «Jetіsý» газетімен қашанда бірге екенін жеткізгеніне қуандық.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ
Суретті түсірген Руслан ҚАДЫРОВ

Қатысты жаңалықтар

Асығың алшысынан түссін…

Асығың алшысынан түссін…

25.07.2026
Азаматтардың 70,3%-ы Құрылтай сайлауында дауыс беруге ниетті

Болашаққа бағдар

25.07.2026
Үгіт науқанының екінші күні қалай өтті?

Үгіт науқанының екінші күні қалай өтті?

25.07.2026
Әлемдік кино жұлдыздары Астанада

Әлемдік кино жұлдыздары Астанада

25.07.2026
Сайлауалды үгіт-насихат кезеңі туралы не білу керек?

Құқықтық жүйені жетілдірген

25.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.