Қазақстанда 2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттарын бөлу конкурсы мәресіне таяп қалды. Еліміздің мыңдаған талапкері мен олардың ата-аналары тағатсыздана күткен шешім жақында белгілі болады. Конкурс нәтижесі 10 тамызға дейін ресми түрде жария етілмек, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Жоғары білім алуға ұмтылған жастар үшін бұл кезең өте маңызды. Биыл мемлекеттік білім гранты конкурсына 127 мыңға жуық талапкер өтініш берген. Бұл көрсеткіш жастардың ғылым мен білімге деген ынтызарлығының жоғары екенін дәлелдейді. Мемлекет тарапынан бөлінетін қолдау жастарға сапалы білім алып, болашақта бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына үлкен мүмкіндік береді.
Осы орайда Ғылым және жоғары білім министрлігі ақпараттың ашықтығын сақтау мақсатында нәтижелерді бірнеше ресми ресурс арқылы таратуды жоспарлап отыр.
Нәтижелер жарияланатын негізгі ресми ақпарат көздері:
-
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мырзаның ресми парақшалары: • Telegram арнасы: t.me/SayasatNurbekOfficial • Facebook парақшасы: facebook.com/sayasat • Instagram парақшасы: instagram.com/sayasatnurbek/ • Жеке веб-сайты: sayasatnurbek.com
-
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми ақпараттық ресурстары: • Веб-сайты: gov.kz/memleket/entities/sci • Telegram арнасы: t.me/gylym_jogary_bilim • Facebook парақшасы: facebook.com/gylym.jogarybilim • Instagram парақшасы: instagram.com/instagram.com/gylym_jogarybilim/
Ақпараттық сауаттылықты сақтау – қазіргі таңда кез келген азамат үшін аса маңызды. Талапкерлер мен ата-аналар тек жоғарыда аталған ресми дереккөздерге ғана сенгені абзал. Себебі конкурс өтетін күндері әлеуметтік желілерде тексерілмеген, жалған тізімдер мен таратылатын қауесеттер көбейіп кетеді. Фейк ақпаратқа сеніп, алданып қалмау үшін тек ресми платформаларды бақылап отыру ұсынылады.
Сондай-ақ, грант иегерлерінің қатарына ене алмаған талапкерлер салы суға жібермегені жөн. Бүгінгі күні елімізде сапалы білім алудың жолдары өте көп. Жоғары оқу орындары ұсынатын ішкі жеңілдіктер, ректорлық гранттар, әртүрлі қоғамдық қорыттардың стипендиялары мен әлеуметтік көмек бағдарламалары бар. Сонымен қатар, мамандық таңдау жолында ресми оқу орындарына түсіп, кейін үздік оқыған жағдайда босаған бос гранттарға ауысу мүмкіндігі де сақталады. Сондықтан әрбір жас өз арманына жетуге ұмтылуы тиіс.





