Талдықорған: +39°C
$ 465.19
€ 536.55
₽ 5.61
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Кедендегі кездесу

13.08.2026
КҮНДЕРЕК
Кедендегі кездесу
WhatsAppTelegramFacebook

Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Орталық Азия елдері үшін сауда-саттық пен транзиттік байланысты дамыту қашанда өзекті. Бүгінде ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан керуен жолдарының дәстүрі заманауи көлік дәліздерімен жалғасып, өңір мемлекеттерінің экономикалық ықпалдастығына жаңа серпін беріп отыр. Соның бір айғағы – Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға бағытталған жұмыстар.

Халықаралық сауда орталығы (ХСО) Дүниежүзілік сауда ұйымы мен Біріккен Ұлттар Ұйымының бірлескен техникалық агенттігі ретінде дамушы және өтпелі экономикасы бар мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, орнықты сауданы өрістетуге қолдау көрсетіп келеді. Бүгінде аталған құрылым Еуропалық одақтың қаржылай қолдауымен техникалық көмек жобасын жүзеге асыруда.

Жобаның мақсаты – Транскаспий көлік дәлізінің әлеуетін ұтымды пайдаланып, сауда айналымын ұлғайту, тасымал мен логистика үдерістерінің тиімділігін арттыру, сондай-ақ Орталық Азия мемлекеттері арасындағы өзара байланысты бекемдеу. Бұл бағыттағы бастамалар шекаралық өткізу бекеттерінің жұмысын жетілдірумен, кедендік рәсімдерді оңтайландырумен және цифрлық технологияларды кеңінен енгізумен сабақтасып жатыр.

Осы мақсаттағы тәжірибе алмасу алаңы жуырда біздің аймақта ұйымдастырылды. Облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің «Алтынкөл-жол» кеден бекетінде Өзбекстан Республикасы кеден қызметінің жауапты мамандары мен халықаралық ұйымдардың өкілдері бас қосты.

Кездесуде транзиттік рәсімдерді жетілдірудің тиімді тетіктері, кедендік операцияларды цифрландыру, шекарадан өтетін тауарлар мен көлік құралдарын рәсімдеу уақытын қысқарту, сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстанның бейінді мемлекеттік органдары арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелері көтерілді.

Көршілес мемлекет өкілдері «Алтынкөл-жол» кеден бекетінің тыныс-тіршілігімен танысып, оның транзиттік мүмкіндіктеріне назар аударды. Әсіресе тауарлар мен автокөлік құралдарын автоматтандырылған тәртіпте рәсімдеу жүйесі, бақылау үдерістерінің цифрландырылуы және бекеттің техникалық жарақтандырылуы қызығушылық тудырды.

Қазіргі кеден саласының талабы – бақылауды күшейте отырып, кәсіпкер мен тасымалдаушыға көрсетілетін қызметті барынша жеделдету. Бұл ретте цифрлық шешімдер уақытты үнемдеп қана қоймай, адами факторды азайтып, рәсімдердің ашықтығын арттыруға жол ашады. «Алтынкөл-жол» бекетіндегі жаңғырту жұмыстары осы талап үдесінен шығуға бағытталған.

Өзбекстандық мамандар Қазақстан тарапындағы кедендік рәсімдерді ұйымдастыру тәжірибесімен танысып, шекаралық өткізу пунктінің заманауи техникалық мүмкіндіктеріне оң бағасын берді. Мұндай жүздесулер екі елдің тәжірибесін саралап, ортақ мәселелерді бірлесе шешуге мүмкіндік береді.

Қазақстан мен Өзбекстан – ежелден іргелес қонып, барыс-келісі үзілмеген көрші мемлекеттер. Бүгінде сол дәстүрлі байланыс сауда керуендерінің сүрлеуінен цифрлық дәуірдің жаңа арнасына ойысып отыр. Шекарадағы әрбір жаңашылдық, кедендегі әрбір оңтайлы шешім – елдер арасындағы тауар айналымының жандануына, кәсіпкерлік байланыстардың кеңеюіне және өңірлік экономикалық ықпалдастықтың тереңдеуіне қызмет етеді.

«Алтынкөл-жол» кеден бекетіндегі тәжірибе алмасу жиыны – шекаралық сауда мен транзитті жаңа сапаға көтеруге бағытталған өзара ізденістің көрінісі. Көлік дәліздері кеңейіп, цифрлық технологиялар қанат жайған кезеңде мұндай ынтымақтастықтың маңызы да арта түспек.

Бекен НҰРАХМЕТОВ,
«Алтынкөл-жол» кеден бекеті
басшысының орынбасары

Қатысты жаңалықтар

«Әділет» партиясы Жетісу облысының кәсіпкерлерімен және шаруаларымен кездесті

«Әділет» партиясы Жетісу облысының кәсіпкерлерімен және шаруаларымен кездесті

13.08.2026
Сүйсіндірген сарқырама

Сүйсіндірген сарқырама

13.08.2026
Балаңыз мектепке дайын ба?

Балаңыз мектепке дайын ба?

13.08.2026
Биылғы сайлау науқаны саяси бәсекенің жаңа кезеңін айқындады

Тарихи белес

13.08.2026
Халықтық Конституция – жаңа басқарушылық мәдениет

Біртұтас ұғым, бірліктің қайнары

13.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.