Талдықорған: +35°C
$ 467.65
€ 533.26
₽ 5.96
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Келісімнің кілті – кітап

23.07.2026
КҮНДЕРЕК
Келісімнің кілті – кітап
WhatsAppTelegramFacebook

Қазір адамдардың қолынан кітаптан гөрі телефонды жиі көреміз. Аз ғана бос уақыт тапсақ, әлеуметтік желіні парақтауға асығамыз. Ал кітап оқуға келгенде «уақыт жоқ» деп ақталамыз. Шын мәнінде уақыт азайған жоқ, өзгергені – біздің таңдауымыз.

Бұл – бүгінгі қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі. Өйткені кітаптан алыстаған қоғам біртіндеп терең ойлау дағдысынан да алыстайды. Кітап адамның таным көкжиегін кеңейтіп, сыни ойлау қабілетін қалыптастырады, рухани дүниесін байытады. Сондықтан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнықтыруымыз керек» деген пікірі кездейсоқ айтылған жоқ. Президенттің бұл ұстанымы кітаптың адам тәрбиесіндегі ғана емес, қоғамдық сананы қалыптастыру мен мемлекеттің зияткерлік әлеуетін арттырудағы айрықша рөлін айқын көрсетеді.

Осы идеяның нақты жалғасы ретінде Достық үйінде «ЭТНОКІТАПХАНА – РУХАНИ КЕЛІСІМНІҢ ЖАҢА АЛАҢЫ» атты этнокітапхана ашылды. Бұл – кітапты қоғамдық келісімнің, мәдени сабақтастықтың және рухани тәрбиенің өзегіне айналдыруға бағытталған маңызды бастама.

Жаңа кітапхана қорында қазақ әдебиетінің классикалық мұралары, әлем әдебиетінің таңдаулы шығармалары, Қазақстан этностары қаламгерлерінің еңбектері, түрлі этностардың тілдеріндегі кітаптар, сөздіктер, тарихи және ғылыми-әдістемелік әдебиеттер, балалар басылымдары жинақталған. Мың жарымға жуық кітаптан тұратын бұл қор – тек ақпарат көзі емес, қоғамдық сананы қалыптастыратын рухани қазына.

Этнокітапхананың ашылу салтанатында сөз сөйлеген «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Айдос Игембай бұл жобаның негізгі мақсаты – кітапқа деген қызығушылықты арттырумен қатар түрлі этностардың мәдени мұрасын дәріптеу, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік құндылықтарын әдебиет арқылы нығайту екенін атап өтті. Оның айтуынша, кітапхана жастардың ізденісіне жол ашатын, мәдениеттердің өзара үндесуіне ықпал ететін маңызды рухани орталыққа айналуға тиіс.

Мұнан соң сөз алған облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы Ермек Келемсейіт, облыс әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Ғабит Тұрсынбай, сонымен қатар өңірдің зиялы қауым өкілдері де жаңа бастаманың мәніне тоқталды. Олар кітаптың қай кезеңде де ұлт тәрбиесінің алтын қазығы болып қала беретінін айтып, этнокітапхананың жас ұрпақтың рухани дүниесін байытуға, ел ішіндегі өзара түсіністік пен татулықты нығайтуға қосар үлесі зор екеніне сенім білдірді.

Шара аясында өңірдің этномәдени келбетін танытатын Этнокарта жобасының таныстырылуы да көпшілік назарын аударды. Онда облыстың этникалық құрамы, этномәдени бірлестіктердің қызметі, олардың орналасуы мен негізгі бағыттары туралы мәліметтер жүйеленген. Бұл жоба өңірдің қоғамдық келісім тәжірибесін танытатын маңызды ақпараттық қор ретінде де құнды.

Қазіргі таңда қоғамға жаңа ғимараттардан бұрын жаңа ойлау мәдениеті қажет. Ал жаңа ойлау мәдениеті кітаптан басталады. Өйткені кітап оқыған адам салыстырады, саралайды, өзгеге құрметпен қарайды. Мұндай қасиеттер қоғамдық келісімнің де, ұлттық бірліктің де берік негізін қалайды.

«ЭТНОКІТАПХАНА – РУХАНИ КЕЛІСІМНІҢ ЖАҢА АЛАҢЫ» – Президент көтерген кітап оқу мәдениетін қалыптастыру бастамасының өңірдегі нақты көрінісі, әдебиет арқылы адамдарды жақындастыратын, қоғамдық келісімді нығайтатын жаңа рухани кеңістік.

Сарби ӘЙТЕНОВА

Қатысты жаңалықтар

Азаматтардың 70,3%-ы Құрылтай сайлауында дауыс беруге ниетті

Азаматтардың 70,3%-ы Құрылтай сайлауында дауыс беруге ниетті

23.07.2026
Үйіңіздің маңына біреу қоқыс тастаса да айыппұл арқалауыңыз мүмкін

Үйіңіздің маңына біреу қоқыс тастаса да айыппұл арқалауыңыз мүмкін

23.07.2026
Алакөл жағалауында дронмен рейд жүргізілді

Алакөл жағалауында дронмен рейд жүргізілді

23.07.2026
Алакөлде заң бұзғандарға 150 мың теңге айыппұл салынды

Алакөлде заң бұзғандарға 150 мың теңге айыппұл салынды

23.07.2026
Қазақстанда жүк және жолаушылар тасымалының көлемі артты

Қазақстанда жүк және жолаушылар тасымалының көлемі артты

23.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.