Талдықорған: +30°C
$ 456.56
€ 530.52
₽ 5.28
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

КЕМШІЛІК ЖЕТІСТІКТІҢ КӨЛЕҢКЕСІНДЕ ҚАЛМАУЫ ТИІС

29.11.2023
КҮНДЕРЕК
КЕМШІЛІК ЖЕТІСТІКТІҢ КӨЛЕҢКЕСІНДЕ ҚАЛМАУЫ ТИІС
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл баспасөз мәслихатында шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрғысында баяндама жасап, өзекті мәселелерді айшықтады.  Алдағы жылдарға арналған жоспарымен бөлісті. 

Талдықорған көркейіп, дамып жатыр дегенмен шешілуі керек мәселелер де жоқ емес. Оның бірі – заңсыз берілген пәтер санының көптігі. Бүгінде несие арқылы рәсімделген баспаналардың кейбірі заңға қайшы үлестірілген.  Осы кемшілікті түзету үшін әкімдік нендей қарекет жасап жатыр деген сауалдың туындайтыны заңдылық. Бұл орайда қала басшысы 67 пәтер ерікті түрде қайтарылғанын, алдағы уақытта көп пәтер мемлекет меншігіне алынатынын атап өтті. Осы тұста халықтан да қолдау керектігін жасырмады.

Баспасөз мәслихаты аясында шаһар маңында орналасқан Қызылтас елді мекеніндегі тарихи жәдігер петроглифтердің бұзылып жатқанына байланысты сөз қозғалды. Тілшілер әкімнен құнды дүниелерді сақтап қалу үшін қандай да бір шара қолдануын талап етті. Ернат Дүйсенбекұлы бұл өте күрделі мәселе деген тұжырымда. Аталған петроглифтер дәл «Темір-бетон» зауыты тас алуға еншілеген карьердің қасында болғандықтан әзірге ештеңе істей алмайтындықтарын,  ауылшаруашылық министрлігіне қарасты комитет осы іс бойынша тексеріс жүргізіп жатқанын алға тартты.

Жиында қаңғыбас иттер мәселесі де көтерілді. Көше кезген төртаяқтылардың жай-күйіне әкімдік те алаңдаушылық білдіріп отыр. Бұл бағытта арнайы жоба қолға алынып, алдағы 2 айда 150 орынды ит ұстау орнын ашпақ екен. Бүгінде Талдықорған бойынша ит ұстайтын 2 бригада жұмыс істеуде.

Кездесуде 5-6 жыл бұрын ғана салынған көпқабатты тұрғын үйлердің қасбетінің бұзылып, сылақтардың құлауы туралы сұрақ қойылды. Шаһар басшысы келер жылдан бастап тұрғын үйлерге жаңа қасбет салатындарын айтты. Ал, сылағы құлап қалған үйлерге келер жылы жергілікті бюджеттен 26 миллион теңге қарастырып жатқанын алға тартты.

Ернат Бәзіл шаһар жетістіктеріне тоқталды. Биылғы 10 айда қала экономикасының даму қарқыны оң динамика көрсеткен.  Өнеркәсіп,  ауылшаруашылығы, мал шаруашылығы, бөлшек сауда,  құрылыс және тұрғын үй сынды салалар бойынша өткен жылмен салыстырғанда өсім бар. Көрсеткіш көңіл тоғайтады. Осы ретте жыл басынан бері қала экономикасына 43,0 млрд. теңге инвестиция тартылған.

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында екінші деңгейдегі банктердің несиелерінің сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау бойынша жалпы сомасы 2,5 млрд. теңгеге 96 жоба мақұлданып, 804,7 млн. теңгеге 75 жобаға кепілдік берілген. Жаңа бизнес-бастамаларды жүзеге асыру үшін жалпы сомасы 320,0 млн. теңгеге 67 мемлекеттік грант тағайындалыпты. Жыл соңына дейін әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің оң динамикасын сақтау көзделіп отыр.

Жиында журналистер тарапынан қала әкіміне мемлекеттік тілдің аясын кеңейтіп сөйлесе деген сыни пікір де айтылды. Сөзінің денін орысша айтқан шаһар басшысы көпшіліктен кешірім сұрап, алдағы уақытта ана тілде есеп беретінін жеткізді.

Медет ЖҰМАБАЙ
Суретті түсірген Руслан Қадіров

 

Қатысты жаңалықтар

Жетісулық жеңімпаздарды марапаттады

Жетісулық жеңімпаздарды марапаттады

08.09.2026
Кітапханашыларға арналған жаңа портал іске қосылды

Кітапханашыларға арналған жаңа портал іске қосылды

08.09.2026
Министр болашақта жойылатын мамандықтарды атады

Министр болашақта жойылатын мамандықтарды атады

08.09.2026
Жұмыста жарақат алсаңыз не істеу керек? Еңбек инспекция төлем алу шарттарын түсіндірді

Жұмыста жарақат алсаңыз не істеу керек? Еңбек инспекция төлем алу шарттарын түсіндірді

08.09.2026
Емханаға тіркелудің жаңа ережесі: Жетісуда не өзгереді?

Емханаға тіркелудің жаңа ережесі: Жетісуда не өзгереді?

08.09.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.