Талдықорған: +12°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«КҮНІ-ТҮНІ БАҚЫЛАЙДЫ»: АЛМАТЫНЫҢ СЫРТЫНА ТАҒЫ 82 БЛОКПОСТ ҚОЙЫЛАДЫ

21 наурыз 2020
КҮНДЕРЕК
"КҮНІ-ТҮНІ БАҚЫЛАЙДЫ": АЛМАТЫНЫҢ СЫРТЫНА ТАҒЫ 82 БЛОКПОСТ ҚОЙЫЛАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысының əкімі Амандық БАТАЛОВ пен Алматы қаласының əкімі Бақытжан САҒЫНТАЕВ алып шаһарға апаратын күрежолдарға қойылған блокпостарды аралап, жарияланған карантинге дайындық шараларымен танысып шықты.

Қапшағай, Талғар жəне Шелек бағытындағы жолдарға орнатылған 27 бекетте құзырлы органдардың мамандары, атап айтқанда, полиция қызметкерлері, Қорғаныс министрлігінің əскері, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін қадағалау, фитосанитария жəне ветеринарлық бақылау департаменттерінің мамандары төтенше жағдайдың алдын алу жолында талмай қызмет етеді.

Бекеттерді аралап көрген басшылық мамандардың жұмыс істеуіне қажетті жағдай жасалғанын сұрап білді. Мысалы, мамандар кезекшілігі бірнеше ауысымға бөлініпті. Осыған орай, аймақ басшысы Алматы қаласының шегарасынан шыға берістегі республикалық трассаларға 5 шақырымдық қашықтықта қосымша полиция бекеттері қойылатынын жеткізді. Бұл ең алдымен облыс тұрғындарына қаланың жабықтығын ескерту үшін қолға алынып отыр.

Тексеру кезінде екі əкім коронавирус дертін тоқтатудың жалғыз жолы таралу аймағын шектеу екендігін əңгіме өзегіне айналдырып, қала мен облыс тұрғындарының сабыр сақтауы жəне қажетті шарттарды орындауы керектігін ескертті. Одан соң қала əкімі Бақытжан Сағынтаевпен бірге мегаполистің шыға берісіне қойылған бекеттердегі жағдайға байланысты селекторлық жиынға қатысқан облыс əкімі Амандық Баталов алып шаһар маңындағы жұмыстардың нəтижесін таныстырып өтті.

– Орнатылған бекеттерді өз көзімізбен көріп шықтық. Тексеру бекеттері қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген, – деген Амандық Ғаббас­ұлы жұқпалы дерттің таралуын болдырмау баршаға ортақ міндет екендігін ұғындырды. – Біздің тарапымыздан Алматы қаласынан 5 шақырым радиусқа 82 бекет орнату көзделіп отыр. Олардың бəрі облыс аумағын басып өтетін республикалық трассалар мен елді мекендердің кіреберісіне орнатылады. Онда күні-түні кезекпен қызмет атқаратын полиция қызметкерлері қоғамдық тəртіпті қадағалап, заңсыздықтың белең алмауын бақылайды. Ал аудандық жəне ауылдық округ əкімдіктерінің мамандары тұрғындарға төтенше жағдайға байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Карантинге жабылған Алматы қаласының маңындағы жұмыстарға арналған тексеріс осылайша түйінделді.

Алматы облысы əкімінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

Өркендеудің өзегі

Көңіл тоғайтатын құжат

7 қараша 2026
Қызылағашта трассалық медициналық-құтқару пункті бой көтеруде

Сапалы медицина – салауатты қоғам негізі

7 қараша 2026
Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

7 қараша 2026
Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

7 қараша 2026
«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

7 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.