Талдықорған: +20°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

КОРОНАВИРУС: ҚАРАТАЛ АУДАНЫН ДҮРЛІКТІРГЕН ЕКІ ТҰРҒЫН ҰСТАЛДЫ

29 наурыз 2020
КҮНДЕРЕК
КОРОНАВИРУС: ҚАРАТАЛ АУДАНЫН ДҮРЛІКТІРГЕН ЕКІ ТҰРҒЫН ҰСТАЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Қаратал ауданында коронавирусқа байланысты жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылды. «Үштөбе қаласының екі тұрғыны коронавирус инфекциясына шалдыққан», — деп «WhatsApp» желісі арқылы жергілікті тұрғындар арасында аудиожазбамен қауесет таратқан азаматшалар анықталды.

Бұл ақпарат мессенджердің өзге топтары арасында тез тарап, мыңнан астам жергілікті тұрғын қарап үлгерді. Желдей ескен аудиожазба ешкімді де бей-жай қалдырмады. Онсыз да үрейленіп отырған Үштөбе қаласының тұрғындары дүрлігіп сала берді. Даурыққан жұрт ақпараттың рас-өтірігін анықтамастан байбаламға салынып, жазбаны одан ары таратқан.

Осыны растау мақсатына дереу іске кіріскен жауапты тұлғалар ақпараттың жалған екенін анықтады. Осыған орай аудандық құқық қорғау органдарының қызметкерлері оны дереу тексеруге кірісіп, елді дүрліктірген ақпаратты таратушылар бірден анықталып, ұсталды.

Олардың бірі қоғамдық жұмыспен қамтылған, 1985 жылы туған А. есімді Үштөбе қаласының тұрғыны. Екіншісі 1972 жылы туған И. есімді Ұмтыл ауылының тұрғыны. Ол орталық аудандық ауруханада медицина қызметкері болып жұмыс істейді. Қазіргі таңда азаматшалардан жалған ақпарат таратқандары үшін жауап алынып жатыр.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 274-бабының 4-бөлігіне сәйкес, «Төтенше жағдай кезінде көпе көрінеу жалған ақпарат тарату» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Онда 3-тен 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

«Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі» демекші, елді дүрліктірмей тыныш жүргендері абзал еді. Жалған ақпарат таратқаны үшін жауапқа тартылатындығы жайлы құқық қорғау органдары бір емес, бірнеше рет ескерткен болатын. Әйтсе де, желдей ескен жалған сөз ел арасын аралап жүр. Бұл жақсылыққа апармайды. Сондықтан, барынша абай болғанымыз абзал. Қазақ атам: «Бір елі ауызға, екі елі қақпақ», — деп бекерге айтпаған.

Ришад ТҰРҒАНБАЕВ

Қаратал ауданы,

Алматы облысы

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Жыр болған көпір жаңара ма?

Жыр болған көпір жаңара ма?

Бүгін, 10:00
Жаратылысы бөлек Жарасқан

Жаратылысы бөлек Жарасқан

Бүгін, 09:00
Өркендеудің өзегі

Көңіл тоғайтатын құжат

7 қараша 2026
Қызылағашта трассалық медициналық-құтқару пункті бой көтеруде

Сапалы медицина – салауатты қоғам негізі

7 қараша 2026
Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

7 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.