Талдықорған: +2°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

КОРОНАВИРУСТЫҢ ЖҮРЕК ТАЛМАСЫНА ӘСЕРІ ҚАНДАЙ? ДӘРІГЕР ТҮСІНДІРДІ

29 қазан 2021
КҮНДЕРЕК
КОРОНАВИРУСТЫҢ ЖҮРЕК ТАЛМАСЫНА ӘСЕРІ ҚАНДАЙ? ДӘРІГЕР ТҮСІНДІРДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Статистика бойынша 2020 жылы Қазақстанда коронавирустан 3000-нан аса адам қайтыс болған. Ал қан айналымы жүйесі ауруларынан 30 000-нан астам адам көз жұмған. Бұл барлық елдерде жедел жүрек-қан тамырлары аурулары бар науқастарға медициналық көмекке жүгіну жағдайлары Сovid-19 пандемиясы кезінде айтарлықтай төмендегендігіне байланысты. Бұл пациенттер инфекциядан қорқады және медициналық көмекке жүгінбейді.

Жалпы, бүкіл әлемде 2020 жылы жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітім жоғарылады деп болжанып отыр. Бұл көрсеткіштердің жоғарылауы пациенттердің үйде миокард инфарктісін өз бетінше емдеумен айналысуынан болады.

— Жүрек-қан тамыр аурулары Сovid-19-ды жұқтыру қаупін арттырмайды. Алайда іс жүзінде, тіпті, дүниежүзілік ғылыми медициналық орталықтардың зерттеулеріне сәйкес, жүрек-қан тамыр жүйесі проблемалары жоқ пациенттермен салыстырғанда жүрек-қан тамыры аурулары бар науқастарда бұл аурудың ағымы әлдеқайда ауыр деп айтуға болады. Осы арқылы біз пациенттерімізде инфекция кезінде асқыну қаупі арта түсетінін айтқымыз келеді, — деп атап өтті Талдықорған қаласындағы Алматы облыстық кардиологиялық орталық директоры Нұрсан Сұрашев.

Тыныс алудың күрделі жеткіліксіздігінің коронавирус инфекциясының негізгі факторы гипоксия және дәл осындай фактор жүрек-қан тамыр жеткіліксіздігінің негізі болып табылады. Бұл екі аурудың қатар жүруі асқыну қаупін едәуір арттырады және екі аурудың ағымын ауырлатады дегенді білдіреді. Коронавирустық инфекциядан туындаған негізгі асқынулар — әртүрлі органдардың тамырлы тромбоздары.

Нұрсан Сейітұлының айтуынша, жүрек-қан тамырлары аурулары жоғары қауіпті топтағы науқастар және олар COVID-19 инфекциясынан барынша қорғануы керек.

Коронавирустық инфекцияның белгілері пайда болған кезде шұғыл түрде медициналық көмекке жүгіну немесе дәрігерді үйге шақыру қажет. Тағайындалған дәрі-дәрмектерді күнделікті қабылдау керек. Ешбір жағдайда кеудедегі ауырсынуға төзуге болмайды. Миокард инфарктісі адам өміріне өте қауіпті! Бірнеше сағат ішінде өліп кетуі мүмкін. Инфаркттан болатын өлім қаупі коронавирустық инфекцияға қарағанда едәуір жоғары.

Өзіңізді коронавирустық инфекциядан қорғау үшін қауіпсіздік шараларын сақтау қажет. Төмендегі кеңеске назар аударыңыз:

* өзін-өзі оқшаулау режимін сақтаңыз;
* адамдар арасындағы қашықтықты кемінде 1,5 метр ұстаңыз;
* үйден шығу қажет болған жағдайда жеке қорғаныс құралдарын — бетперде мен қолғаптарды пайдаланыңыз;
* қолды мұқият және жиі жуыңыз, оларды дезинфекциялық құралдармен өңдеңіз;
* адамдар көп топтасқан жерден аулақ болыңыз.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Үшарал қаласында 7 көпқабатты үйдің қасбеті жөнделеді

Үшарал қаласында 7 көпқабатты үйдің қасбеті жөнделеді

30 қазан 2026
Мәдени мұра және жасанды интеллект: Минскіде қазақстандық мамандар тәжірибе алмасты

Мәдени мұра және жасанды интеллект: Минскіде қазақстандық мамандар тәжірибе алмасты

30 қазан 2026
Талдықорғанда жаңа оңалту орталығы ашылады

Талдықорғанда жаңа оңалту орталығы ашылады

30 қазан 2026
Алакөл ауданында «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді

Алакөл ауданында «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді

30 қазан 2026
Қорғаныс министрі зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларын қабылдады

Қорғаныс министрі зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларын қабылдады

30 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.