Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Көшербаев: Жағдайы бар қазақстандықтар жәрдемақы алмауға тиіс

24 шілде 2025
КҮНДЕРЕК
Көшербаев: Жағдайы бар қазақстандықтар жәрдемақы алмауға тиіс
WhatsAppTelegramFacebook

Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдері жәрдемақыны 6 санатқа бөліп жатқаны туралы сұрақ қойды.

Сонымен қатар журналистер жәрдемақылар қатарының қысқару ықтималдылығы туралы сұрады.

Республикалық бюджеттен 41 әлеуметтік төлемдер жасады. Бірақ жүріп жатқан жоба оған әсер етпейді. Одан бөлек жергілікті атқарушы органдарда мектепте тамақтандыру, жатақханадан бөлме беру сияқты 11 қосымша мемлекеттік қолдау көресетіледі. Қазір біз осы көмектерді цифрландырып жатырмыз. Ондағы мақсат – мемлекеттік қолдау нақты мұқтаж отбасыларға берілуі керек, — деп жауап берді Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев.

Айтуынша, мұнда 6 кластер белгіленген.

Мәселен, төтенше қажеттілік, жай қажеттілік, салыстырмалы тұрақтылық деп кете береді. Ең соңғы 6-кластер мұндай көмекке мұқтаж емес отбасылар санатын білдіреді, яғни, жоғары әл-ауқатты деп айқындалады да, олар мемлекеттік қолдауды алмайды. Сондықтан мұндағы өзгерістер тек мемлекеттік қосымша қолдауға қатысты жасалып жатыр. Үрдістер цифрландыру және барлық уәкілетті органдардың бірыңғай платформада жұмыс істеуі мақсатында, — деді вице-министр.

Жауапты Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев толықтырды. Ол мұндағы мақсат – ең бірінші әлеуметтік әділдікті орнату, екінші әлеуметтік алаяқтықты тоқтату деп отыр.

Өзіңіз білесіз, бізде мемлекеттік органдар бар, орталық немесе жергілікті органдар болсын цифрландыру аяғына дейін жеткізілмеген. Кімнің не істеп жатқанын базасы арқылы тексере алмаймыз. Көп нәрсені қағазбен алып келеді. Оны жоба бойынша тексергенде бірқатар мәселелер анықталып жатады. Мысалы,бір отбасы жағдайы қиын деп саналып, жергілікті бюджеттен, орталық бюджеттен және сақтандыру қорынан да ақша алып отырған. Ал оны қалай істеген? Әуелде оны біреу «үйі жоқ, машинасы жоқ, көпбалалы отбасы» деп жазып берген. Оны апарып ХҚКО арқылы тіркеген. Ал цифрландыру жүріп бірте-бірте деректер базасы бір-біріне қосылғанда олардың екі қабатты үйі бар, екі машинасы бар екені анықталған. Көптеген тұрмыстық техника алған несиелері болған. Міне, мұндағы мақсат осындай жағдайларға жол бермеу, цифрландыру және сол арқылы оңтайландыра отырып, алаяқтыққа жол бермеу, — деді Ермек Көшербаев.

Еске салайық, елімізде атаулы әлеуметтік көмектің алдағы уақытта қалай және кімдерге төленетіні белгілі болды.

Дереккөз: BAQ.KZ

Қатысты жаңалықтар

Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдеме жалған

Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдеме жалған

Бүгін, 10:51
Қысқа сақадай сай

Қысқа сақадай сай

Бүгін, 09:13
Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

14 қараша 2026
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

14 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.