Талдықорған: +16°C
$ 509.51
€ 570.60
₽ 6.30
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Жастар ауылына қайтып жатыр»: Жетісу облысында шекарадағы аудан қалай өңірдің үздігіне айналды

07.04.2025
КҮНДЕРЕК
«Жастар ауылына қайтып жатыр»: Жетісу облысында шекарадағы аудан қалай өңірдің үздігіне айналды

Жетісу облысына қарасты Панфилов ауданы – еліміздің шекаралық аймақтарына жақын орналасқан өңірлердің бірі. Мұнда тек экономикалық ғана емес, әлеуметтік мәселелерді де шешу үшін қарқынды жұмыстар жүргізілуде.

2024 жыл қорытындысы бойынша Панфилов ауданы облыс бойынша «Үздік аудан» атанған. Qaz.365kz тілшісі Панфилов ауданының әкімі Марат Сағымбекпен ауданның әлеуметтік жағдайы мен дамуы туралы әңгімелесті.

Білім саласындағы тың өзгерістер

Аудан әкімі Марат Сағымбектің сөзінше, Панфилов ауданында соңғы үш жылда білім беру саласында біршама өзгерістер болған. Әлеуметтік қажеттілікке қарай алты елді мекенде жаңа мектеп ғимараттары бой көтерген. 

«Жаркент қаласындағы 1200 орындық «Жайлы мектеп» бағдарламасы бойынша салынған жаңа білім ордасы үлкен жаңалық болды. Бұл мектептің ашылуы ауданның білім беру инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған ауқымды жобаның бір бөлігі. Ал биыл Дәмеш Ақышев атындағы мектептің құрылысы басталды, оның құрылысын тамыз айында аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласында да айтарлықтай жетістіктер бар. Соңғы үш жылда 21 елді мекенде денсаулық сақтау мекемелерінің ғимараттары салынды, ал тағы 7 мекеме күрделі жөндеуден өтті. Биылғы жылы аудан орталығындағы үлкен перзентхана мен ауылдық ауруханаларға жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Бұл жобалар халықтың денсаулығын жақсартуға және медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыруға бағытталған», — дейді Марат Сағымбек.

 

Спорт және мәдениет саласындағы жетістіктер

 

Панфилов ауданының спорт инфрақұрылымы да біршама жаңартылған. Ауданда соңғы үш жылда төрт спорт кешені іске қосылып, ал тағы екі ғимараттың құрылысы жақын арада басталмақ екен. 

«Кәсіпкерлердің бұл салаға қосқан үлесі айтарлықтай. Олар аудандағы спорттық нысандарды жаңартуға қаржылық қолдау көрсетіп келеді. Мәдениет саласында да өзгерістер бар. 2024 жылы екі мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтіп, қайта ашылды. Бұл жұмыс – аудан тұрғындарының мәдени әрі рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған маңызды қадам», — дейді аудан әкімі.

 

Инфрақұрылым мен коммуналдық мәселелер

 

Панфилов ауданының тұрғындары үшін жол мәселесі де маңызды болып табылады. Аудандағы ең өзекті мәселе – Сарыөзек пен Көктал арасындағы 78 шақырымдық жолды жөндеу жұмыстары қолға алынған. 

Марат Сағымбектің айтуынша, бұл – аймақтағы негізгі қатынас жолдарының бірі болып табылады. Сонымен қатар, ауылдар арасындағы қатынас мәселелерін шешу үшін бірқатар жолдарда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

«Газбен қамтамасыз ету мәселесі де шешімін табуда. 25 елді мекенге газ тарту жобасының құжаттары дайындалып, биылдан бастап газ кіргізу жұмыстары басталады. Осылайша, аудан тұрғындары үшін экологиялық таза және ыңғайлы энергия көзінің пайда болуы олардың өмір сүру сапасын жақсартады. Сондай-ақ Панфилов ауданында 5 миллиард теңгеге су құрылыс жобалары қолға алынды. Оның үш жобасы толық аяқталып, қолданысқа берілді. Ал қалған екі жобаны биылдың бірінші жартыжылдығында аяқтау жоспарланып отыр», — дейді аудан әкімі.

 

Кәсіпкерлік және салық төлемдері

 

Әкімнің сөзінше, аудан кәсіпкерлік салада да айтарлықтай жетістіктерге жетіп отыр. Аудандағы екі ірі зауыттың салықтық түсімдері жыл сайын артып келеді. Ал жалпы кәсіпкерлік нысандардың саны 682-ге жеткен. Осы кәсіпорындар мен шаруашылықтар жергілікті бюджеттің негізгі кіріс көздерін қамтамасыз етіп отыр.

«Ауданда 682 кәсіпкерлік нысан мен 4999 шаруа қожалығы тіркелген. Бұл облыс бюджетінің 28-30%-ын құрайды. Кәсіпкерлерді қолдау үшін «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша қаржылай гранттар бөлініп жатыр. Биыл оның мөлшері 10 миллион теңгеге дейін көтерілді. Бұл бағытта кәсіпкерлікке арналған түрлі қолдау шаралары жалғасып жатыр. Сондай-ақ, кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруда атқарылып жатқан жұмыстар да бар. Олар спорт кешендерін, мәдениет үйлерін салуға және жөндеуге қаржылай көмек көрсетіп, жергілікті халықтың тұрмыс деңгейін жақсартуға өз үлестерін қосып жұртшылықты қуантып отыр», — дейді әкім.

 

Жастардың оралуы

 

Жұмыссыздық мәселесі аудан үшін маңызды тақырыптардың бірі болғанымен, бұл мәселе Панфилов ауданында айтарлықтай шешілген. Аудандағы өндіріс орындары мен зауыттардың ашылуы, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарының құрылуы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге септігін тигізіп отыр. 

«Біздің ауданда екі ірі зауыт жұмыс істейді – жүгері және қап тігетін зауыттар. Бұл өндіріс орындары ауданның экономикасына үлкен үлес қосып отыр. Жыл сайын осы зауыттар 1,3-1,6 миллиард теңге салық төлейді. Жалпы жұмыссыздық мәселесі бізде толық шешілген. Жаңа өндіріс орындары мен кәсіпорындар ашылып жатыр, нәтижесінде жұмыс орындары да көптеп пайда болуда, — дейді ол.

Ауданда білікті мамандарға деген сұраныс артуда. Атап айтқанда, теміржол және құрғақ порт салаларында мамандар даярлау үшін арнайы орталықтар ашылып, кәсіптік-техникалық білім беру ісі де жолға қойылған.

«Өткен жылы 870 үй берілді, биыл да осы көлемде тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр. Жастардың ауданға келуі артып келеді, бұл да экономиканың дамып жатқанын көрсетеді. Құрғақ портта 100-ден аса жұмыс орны ашылмақ, ал теміржол компаниялары да жаңа жұмыс орындарын құруды жоспарлап отыр», — дейді әкім Марат Сағымбек.

 

Фото: Qaz365.kz

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғандықтарды тәнті етті

Талдықорғандықтарды тәнті етті

18.05.2025
Жанкүйерін қуантпай тұр

Жанкүйерін қуантпай тұр

18.05.2025
Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

18.05.2025
Сот шешімін орындамасаң  жаза бар

Сот шешімін орындамасаң жаза бар

18.05.2025
ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

18.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.