Талдықорған: +16°C
$ 509.51
€ 570.60
₽ 6.30
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«ӘЛСІЗДЕРГЕ ОРЫН ЖОҚ»

06.04.2025
КҮНДЕРЕК
"ӘЛСІЗДЕРГЕ ОРЫН ЖОҚ"

«Таң самалы елі» — Корей Республикасының білім беру жүйесі әлемдегі ең үздік және табысты жүйелердің қатарында. Білім жүйесіндегі жетістіктер мен мүмкіндіктер мемлекеттің дамуына ғана әсер етіп қоймай, халықаралық қатынастарда әлем экономикасының дамуына да үлесін қосып келеді.

Кореядағы білім беру жүйесі «әлсіздерге орын жоқ» қағидасы бойынша құрылған. Бұл студенттерді академиялық өмірде және еңбек нарығында жоғары бәсекелестікке дайындайды. Білім беру жүйесінде оқу үлгерімі мен стандартталған тест тапсыру қабілеті жоғары бағаланады. Сондықтан корей студенттері стреске төзімді және еңбекқор болып тәрбиеленеді. Кореяның білім беру жүйесінің басты ерекшеліктерінің бірі – оның жоғары сапасы мен инновациялық тәсілдері. Мұнда жаңа технологиялар, компью-терлік бағдарламалар, виртуалды оқыту әдістері кеңінен қолданылады. Мысалы, күнделікті үй тапсырмасын цифрлық топтық ойындар, викториналар арқылы тексереді. Әр студенттің ойын білу үшін әртүрлі бағдарламалар кеңінен жүзеге асырылады.

Бүгінде Кореяда көптеген шетелдік студенттер оқиды, әсіресе Қытай, Орта Азия, Оңтүстік-Шығыс Азия және Африка елдерінен келген студенттер көп. Мемлекеттер түрлі оқу бағдарламалары мен жобалар арқылы Корей Республикасымен ынтымақтастық орната отырып, білім саласында академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде студенттерді осы елде оқытуда. Мұндай бағдарламалар мемлекеттер арасында көпжақты байланыстарды орнатуға ықпал етеді.

Корей Республикасы қоғамдық дипломатияны алға тарта отырып, шетелдік студенттерге оқу гранттарын, стипендиялар бөлу, корей тілін оқыту курстарын ұсынады. Ал университеттердің көпшілігі ағылшын тілінде де білім алу жүйесін қарастырып, студенттерге жағдай жасауға тырысқан. Білім алушыларға оқу, тұру және тіпті медициналық сақтандыру шығындарын жабу үшін Korean Government Scholarship бағдарламасы (KGSP) аясында көптеген мемлекеттік және жеке стипендиялар тағайындалған.

Университет қабырғасында білім алудың басты артықшылықтарының бірі – технологияны енгізуге, стартаптарға қолдау білдіруге баса назар аударылған. Студенттер инновациялық орталықтар мен заманауи зертханаларда жасанды интеллектке негізделген ресурстарды қолдану арқылы зерттеу жүргізу мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланады. Университеттер «Samsung», «Hyundai»  және «LG» сияқты жаһандық корпорациялармен белсенді жұмыс істейді, бұл студенттерге нақты жобаларға қатысуға және әлемдік деңгейдегі тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді.

Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы білім саласындағы серіктестік соңғы жылдары қарқынды дамып келеді және бұл ынтымақтастық екі елдің білім жүйесін жетілдіріп, сапасын арттыра түсуде.Осы мақсатта Корей Республикасының университеттері (Донгук университеті, Хангуг шет тілдер университеті, Пусан университеті, Сукменг қыздар университеті және т.б.) мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ арасындағы меморандумдар бойынша академиялық ұтқырлық бағдарламасы негізінде арнайы гранттар мен студенттер алмасу келісімдері қарастырылған. Атап айтсақ, Корея Республикасы шетелдік студенттерге арналған KGSP (Korean Government Scholarship Program) бағдарламасы арқылы қазақстандық жастарға жоғары оқу орындарында білім алу мүмкіндігі мен бірлескен зерттеу жобалары, профессорлар мен студенттер алмасу бағдарламаларын ұсынған. Қазақстанда корей тілін үйрету орталықтары ашылып, корей мәдениеті мен тілін үйренуге деген қызығушылық күн санап артуда.

Осы мақсатта жаңашылдыққа бет бұру бағытында бірнеше маңызды қадамдарға назар аударуымыз қажет:

Біріншіден, жаңа технологияларды оқыту үдерісіне енгізу – бұл Оңтүстік Кореяның табысты тәжірибесі, ол студенттердің сандық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Оқу үдерісін әртүрлі цифрлық платформалар мен құралдар арқылы қолдау, студенттерді тек біліммен емес, болашақтың технологияларымен де қаруландыру қажет. Корей университеттерінің платформаларымен ынтымақтастық орнату, әсіресе Coursera сияқты ірі білім беру платформасында Қазақстанның онлайн білім беру жүйесін байланыстыру арқылы дамыту. Қазіргі таңда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетте бұл платформа енгізіліп, студенттерге Оңтүстік Кореяның оқытушыларымен байланыс орнатылды. Бұл әдіс білім сапасын арттыруға, тәжірибе алмасуға және Қазақстанның білім беру жүйесін жаһандық деңгейде бәсекеге қабілетті етуге ықпал етуде.

 Екінші маңызды бағыт – халықаралық білім алмасуды кеңейту. Оңтүстік Кореяның тәжірибесі бойынша шетелдік студенттермен өзара тәжірибе алмасу –  екіжақты білім алмасуды дамыту үшін өте маңызды. Қазақстан шетелден келген студенттерді құшақ жая қарсы алу арқылы халықаралық білім жүйесінде өз орнын тапса, өз кезегінде отандық студенттердің де әлемнің әртүрлі елдерінде білім алу мүмкіндігі кеңейеді. Осылайша, Қазақстан мен Корея арасындағы академиялық байланыстарды нығайтып, болашақта өзара студенттік алмасулардың көбеюін қамтамасыз етуіміз қажет.

Үшіншіден, халықаралық стипендиялар мен білім беру бағдарламаларын кеңейтуге бағытталған. Оңтүстік Кореяның үкіметтік стипендия бағдарламалары (KGSP, OKF, KOICA, GKS) көптеген халықаралық студенттерді тартудың тиімді құралдары. Қазақстан да осындай бағдарламаларды кеңейтіп, әлемнің түрлі елдерінен студенттерді шақыру арқылы өз білім беру жүйесінің халықаралық деңгейін арттыра алады.

Қорыта айтқанда, Оңтүстік Кореяның білім беру саласындағы тәжірибелері бізге жаңа мүмкіндіктер ашып, алдағы уақытта бәсекеге қабілетті, шығармашыл жастарды тәрбиелеуге жол ашады. Қазақстан осы бағытта білім беру жүйесін дамытса, әлемдік аренада өз орнын нығайтады және елімізді болашақтың көшбасшысы етуге қадам жасайды.

З. ЖАХАНОВА, 
Корея Республикасында академиялық ұтқырлықпен білім алып жатқан студенттерінің
жетекшісі, аға оқытушысы 

Фото: globaldialog.ru
 

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғандықтарды тәнті етті

Талдықорғандықтарды тәнті етті

18.05.2025
Жанкүйерін қуантпай тұр

Жанкүйерін қуантпай тұр

18.05.2025
Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

18.05.2025
Сот шешімін орындамасаң  жаза бар

Сот шешімін орындамасаң жаза бар

18.05.2025
ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

18.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.