ҚР Ұлттық ұланының Кеңес Одағының Батыры, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінде тағылымды кездесу өтті.
Онда жеке құрамымен жауынгерлік клубының аға жаттықтырушысы және ережесіз жекпе-жектен Қазақстанның неше дүркін чемпионы, Әлем, Азия чемпионы Дәнеш Дунгенбаев және оның көмекшісі Қанат Рахимов, UFC жауынгері Азат Мақсұм, «Octagonleaque» промоушеннінің жауынгерлері, чемпион Дамир Толенов, Абай Жалал, Аян Тұрсынмен «Өмірінді жарқын ет, спортты таңда» тақырыбында ой қозғады.
Шара барысында кездесуге келген даңқты спортшы ел ағалары жастарға өнегелі сөздерін жеткізіп, жеңіске жету жолындағы үлгілі істерін айтып, спортшының рухани кемелденуін сөз етті.
Спортшылар өздері туралы, өздерінің спорттық мансаптары туралы айтып, кәсіби жетістіктерінің құпияларымен бөлісті. Олар барлық сұрақтарға сенімді жауап берді. Атақты спортшылар барлық жиналған жеке құрамға көптеген жағымды эмоциялар қалдырды.
Іс-шара соңында спортшыларға әскери бөлім командирі, полковник Максат Баймагуловтың атынан Алғыс хат, «Бүркіт» журналы, «Қалқан» газеті және Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» атты кітабы табысталды.
«Жетісу-Ақпарат»