Талдықорған: +25°C
$ 511.77
€ 593.19
₽ 6.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қорғанын қорғай алмаған, отанын қорғай ала ма?

«Сарытаудағы (Панфилов ауданы) сақ қорғандарын тонап кетіпті» дегенді естігелі ұйқы бұзылып, маза кетті. Кем дегенде үш мың жылдық жаздың шіліңгір ыстығын, қыстың қақаған аязын бастан өткерген, басқасын айтпағанда, кешегі Кеңес одағының тұсында бүлдіргісі бүлінбеген құнды мұраның құрыс-қопасы шыққаны біздің дәуірімізге дөп келгені өкінішті.

27.05.2025
КҮНДЕРЕК
Қорғанын қорғай алмаған, отанын қорғай ала ма?

Өткен жылы күзде Жаркент өңіріне жасалған экспедиция аясында Сарытауға барып, айбынды қорғанның тарихын түгендеп, болашақта істелер жобаларды пысықтап қайтып едік. «Жетісу» өлкетанушылар орталығы» ҚБ дайындап, баспадан шығарған «Жетісудың қасиетті жерлері» деген кітаптың бірінші томына деректерін енгізгенбіз. Енді, міне, жыл өтпей ойран-топаны шығып, тоналған топырақтың сұрқын көрдік.

«Сарытау сақ қорғандары» Жетісу Алатауының оңтүстік сілемдерінің бірі Сарытаудың етегінде орналасқан. Аудан орталығы Жаркент қаласынан 100 шақырым жерде. Жалпы, бұл аумақта тарихтың сан кезеңінен сыр шертетін қола, үйсін, сақ, түркі дәуіріне тән ескерткіштер өте мол. Алайда Сарытаудың баурайындағы тоналған сақ қорғаны солардың ішіндегі ең үлкені. Оны биыл ерте көктемде малшылар көктеуге көшпей тұрғанда әлдекімдер аяусыз қазып, тонап кетіпті.

– Осыдан 1 ай бұрын Сарытаудағы досымның шаруашылығына бара жатқанда сақ қорғандарын әлдекімдердің тонап кеткенін көрдім. Негізінде ерте көктемге бұл маңда ешкім болмайды. Шаруалар малын жайлауға енді әкеліп жатыр. Сондай оңтайлы кезді пайдаланып, қорғанды қазып кеткені айдан анық. Өйткені, тоналды делінген қорған бұл маңдағы елдің назарына бірден ілінетін нысан. Бұл жай ғана қорған емес, тарихи орын. Сондықтан тонаушылардың ісі жауапсыз қалмауы керек. Тоналған қорғанды суретке түсіріп, әлеуметтік желілерге салдым. Сосын: «Бұл әрекетке тыйым болмаса, «Құныққаннан дәніккен жаман» дегендей, осы маңдағы немесе басқа жердегі тарихи жәдігерлер түк қалмай тоналады ғой» деген оймен өлкетанушыларға хабарластым, – дейді Жаркент қаласының тұрғыны Алик Тихомиров.

Тоналған қорғанның аумағын өлшеп шықтық. Оның биіктігі 7-8 м. төбесінің ені мен ұзындығы 16 х 16 (шеңбер тәріздес) метр, етегінің ені мен ұзындығы 28 х 28 (шеңбер тәріздес) метр екен. Басқа обаларға қарағанда оның ерекшелігі төбесінің батыс жағы 6 х 6 метр бүйірленіп шығып тұр. Соған қарағанда бұнда бірнеше адам жерленген болуы мүмкін. Айналасы екі қатар меңгир тастармен қоршалған.

– Қорғанның айналасы меңгир тастармен қоршалып, шығыс жағынан арнайы есік сияқты ашық қалдырылған. Бұл сақ қорғандарына тән белгі. 2019 жылы Тұрғанбек Жүнісов ақсақал бастап келіп, «Жаркент айнасы» газетіне мақала жазған едік. 2023 жылы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығы мен «Жетісу» өлкетанушылар орталығы» қоғамдық бірлестігінің «Жетісу – киелі мекен» экспедициясы аясында қорғандарға зерделеу жұмысы жүргізілген. Сол кезде қорғандарды мемлекет қорғауына алу туралы ұсыныс жасағанбыз. Нәтижесінің қалай болғанын білмеймін. Бірақ ата-бабамыз қалдырған қастерлі тарихты қорғау біздің азаматтық борышымыз. Өкінішке қарай, тоналғанын көріп, жүрегім ауырып тұр, – дейді өлкетанушы Қали Ибрайымжанов.

Қорғанды тонағандар жан-жақтылы дайындалып, арнайы жер қазатын техникамен келіпті. «Біреу-міреу байқап қалады-ау» деп сезіктенбей, асықпай-абдырамай арам ойларын жүзеге асырған. Олар қорғанның бір шетінен экскаватормен ойып кірсе, шығыс жағындағы кіретін дәлізін асықпай ұқыптап үңгіпті. Ал негізгі қабырға қосымша жерленген жерлеу орнын қол күшімен айналдыра қазып шығыпты. Жерлеу орнынан шыққан топырақты арнайы құралмен елеп, мұқият тексергені де байқалады. Демек, осы көріністердің артында үлкен күштер қолдап тұрған ұйымдасқан қылмыстың белгісін көруге болады. Оларды анықтауға мүмкіндіктері жетпесе де бұл істің ақ-қарасы анықталғанша тыным таппаймыз деп бекініп отыр өлкетанушылар.

Тонаушылардың қандай байлыққа кенелгенін білмейміз. Десе де шашылып жатқан аруақтардың сүйегі, шіріген бөренелердің қалдығы, ақымға пайдаланылған тау тастарын ұқыппен тексерілгеніне қарап: «тағы бір Алтын Адамды тапты» деп кесіп айтпасақ та соған жетеқабыл байлықтың тонаушылардың олжасына айналғаны анық. «Құдайдан қорықпағаннан қорық» дегендей, бұл жағдайды көріп біз қорықтық. Өйткені осыдан біраз уақыт бұрын тоналған қорғанның орнын енді анықтап жатқанда кәнігі тонаушылар тағы бір тарихты қазып жатқан шығар, кім біледі?!

Бір айта кетерлігі, осыған дейін асқақ бейнесімен ата-бабаларымыздың асыл парасатының белгісі болып көрінетін қорғанның қазылып, үңірейген орны осы маңдағы елдің көлеңке қуалаған жылқыларының қорасына айналыпты. Төрге шығар тарихымыз мал қораға айналды деген осы болар.

«Ат аунаған жерде түк қалады» деген нақыл бар. Біз де қорғанның айналасынан тонаушыларды анықтауға көмегі болар деген оймен заттық айғақтарды жинастырып, сапарлас болған жергілікті өлкетанушылар мен Алик Тихомировтың қолына тапсырдық. Олар құқық қорғау орнына жеткізетін болып келісті.
Жалпы, Жетісу Алатауының бөктері тұнып тұрған тарих. Алайда, сол маңда жыл өткен сайын тоналған жәдігерлердің де қатары артып келеді. Сапар барысында қазылған қола дәуірінің қорымын, таланған үйсін обаларын, бұзылып-шағылған түркі дәуірінің сәулет ескерткіштерін кездестірдік.

– Кейінгі 10-15 жыл көлемінде қазылған обалардың біразын көрдік, кейбіріндегі шашылған сүйектерді жинап, Құран оқып, қайта көмгендеріміз болды. Ал мынадай ұйымдасқан және өте қаскөйлі тонауды бірінші рет көріп отырмыз. Қысқасы, қорған тонаушылардың араны жыл сайын ашылып бара жатыр, – дейді өлкетанушы Рауан Наймантаев.

Қайтар жолымызда соның тағы бір қатарына куә болдық. Сарытаудан төмен құлдилдап, Бұрқанның аузына ілінгенде жартылай бүлінген күмбезі бар еңселі кесене мен көне бейіттер көзге шалынды. Бірден еңселі кесенеге бет түзедік. Міне, керемет! Қабырғасының ішкі жағы шикі кірпішпен қаланып, сыртқы қасбеті құран аяттары жазылып, күйдірілген дөңгелек, төрт бұрышты, конус формалы етіп құйылған қыш плиталармен қаланған кесенені көріп таңғалдық. Есігі оңтүстік батысқа қараған кесене қабырғасының ішкі жағының орта бөлігінде де Құран аяттары бар қыш плиталар шапталыпты.

Жергілікті жұрт Ақкүмбез атап кеткен кесененің күмбезі көк түсті мәрмәр тастан қаланған екен. Өкінішке қарай, 1930 жылдары шегарашылар зеңбірекпен атып, көркем күмбездің күл-талқанын шығарыпты. Күмбез материалының қалдықтарын да кездестіруге болады. Шаңырағы ортасына түскен кесененің қабырғалары да қараусыз қалып, қаусап бітіпті. Өкінішке қарай, шебер қолдармен Құран аяттары өрнектеліп, күйдірілген қыш плиталар кесененің айналасында, әр жерде шашылып, тайынша-торпақтың табанына тапталып жатыр.

Тоналған қорған, бүлінген кесене, қазылған қорымдарды көріп, жұмысқа оралған соң облыстық тарихи мәдени мұраны қорғау орталығымен хабарласып едік.

– Жетісу облысы өз алдына шаңырақ көтергеннен бері аймақтағы табиғи, археологиялық, ландшафтық ескерткіштер мен қасиетті нысан саналатын жерлерді қайта тізімге алу жұмысы қолға алынды. Сарытаудағы сақ қорғандары, Бұрқандағы Ақкүмбез мемлекет тарапынан қорғауға алынуға тиісті нысандардың тізіміне алдын ала енгізілген. Орын алған жағдай бойынша алдағы уақытта орталық мамандары құқық қорғау орындарымен бірлесіп тексеріс жүргізеді. Сондай-ақ, сол маңдағы ескерткіштерді қайта түгендеу мақсатында экспедиция ұйымдастыруды да қарастырамыз, – деген жауап алдық.

«Бабаларымыз осынау ұлан-байтақ даланы білектің күші, найзаның ұшымен қорғап, бізге жеткізді» деп мақтанамыз. Тарихымыз осылай бүліне берсе келешек ұрпақтың: «Аталарымыз арын ақшаға сатып, қастерлі тарихын тонап, бізге күл-қоқысын қалдырды» деген сайқымазағына қалмасымызға кім кепіл?!
Өлімнен ұят күшті, ағайын!

Қажет АНДАС

Қатысты жаңалықтар

Антикор спортқа бөлінген 6,7 млрд теңгені қысқартты

Антикор спортқа бөлінген 6,7 млрд теңгені қысқартты

13.06.2025
Жетісу облысы маман тапшылығын қалай шешуде?

Жетісу облысы маман тапшылығын қалай шешуде?

13.06.2025
Тоқаев ExxonMobil корпорациясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Даррен Вудсты қабылдады

Тоқаев ExxonMobil корпорациясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Даррен Вудсты қабылдады

13.06.2025
Жетісу облысында үздік медицина қызметкерлері марапатталды

Жетісу облысында үздік медицина қызметкерлері марапатталды

13.06.2025
Жетісудан табылған ортағасырлық қалаға әлі сараптама жасалған жоқ

Жетісудан табылған ортағасырлық қалаға әлі сараптама жасалған жоқ

13.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.