Талдықорған: +35°C
$ 474.63
€ 544.50
₽ 5.92
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

МАҚСАТ – АЙҚЫН, МЕЖЕ – БИІК

25.01.2024
КҮНДЕРЕК
МАҚСАТ – АЙҚЫН, МЕЖЕ – БИІК
WhatsAppTelegramFacebook

Еліміздегі 7 саяси партияның ең жасы әрі өткен жылы 25 қаңтарда тіркеуден соңғы болып өткені «Respublica» партиясы. Жақында саяси ұйымның құрылғанына жыл толды. Былтыр саяси науқанның тұсында құрылған «Respublica» партиясы белсенділік танытып, барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауында ерекше қарқын көрсетті. Осы орайда партияның Жетісу облыстық филиалының жетекшісі Ришат Асқарбекұлынан сайлаушыларға берген уәденің қалай орындалып жатқанын сұрап, білдік.

– Ришат Асқарбекұлы, «Respublica» партиясының құрылғанына жыл толды. Аса құдіретті тарих өлшемімен қарасақ, қысқа ғана мерзім. Осы жыл ішінде партия қандай елеулі істер атқарды? Өзіңіз жас партия жұмысына қашан араластыңыз? Журналистикада жүрген адамға саяси партия жұмысын ұйымдастыру ауыр тиген жоқ па? Талдықорғанға келіп, Жетісу өңірінде филиал ашу қиындық тудырмады ма?

– Былтыр 17 қаңтарда партияның тең төрағаларының бірі Сырымбек Таудың Алматыдағы кеңсесінде кездесіп, партияның тіркелетіні туралы жаңалықты алғаш өзінен естідік. Ал 18 қаңтарда министрлік «Respublica» партиясы қоғамдық бірлестігінің тіркелгенін жариялады. Сол күннен бастап елдің 20 аймағында партияның филиалдарын тіркеу міндеті тұрды. Жаңа бөлініп шыққан Жетісу облысына келіп, саяси бірлестіктің бөлімшесін құру маған жүктелді. Үш күн ішінде осы шаруаны бітірдік. Талдықорғанда штаб жасақтап, алдағы сайлауға кандидаттар таңдауға осы өңірді жақсы білетін Есболат Айдабосын, Роза Нұрбекқызы, Данияр Жаныс және Наргиз Қамбаева сияқты әріптестердің көмегі тиді.

– Біздің аймақта саяси партиялардың арасында бәсеке бар ма? Себебі, сайлау науқаны кезінде әрбір сайлаушының дауысы үшін талас болатыны заңдылық. Халық сеніп дауыс берді. Одан кейін сайлаушының сенімін ақтау үшін не істеп жатырсыздар? Әлде ел ішінде айтылатын «есегім көпірден өткенше…» деп келетін мәтелдің кері болып жатқан жоқ па? Нақты шараларға тоқталсаңыз?

– Дұрыс айтасыз, десе де «біздің жүйеде ашық саяси бәсеке бар ма?» деген сауалға жауап беру қиын. Бұған дейін бәрі жасандылыққа толы болды ғой. Былтырғы Мәжіліс пен мәслихат сайлауларының қарсаңында саяси ұйымдар арасындағы тартыстың немесе шоудың бұрынғыға қарағанда шынайы болғанын ел көрді  деп ойлаймын. Сайлаушылар үшін «Respublica» партиясы жаңалық, сенім мен жаңа леп әкелгендей болды. Себебі ұйымның басында жеке табысқа жету жолында тәжірибесі бар кәсіпкерлер мен жалындаған жастар тұрды. Саясаттың бел ортасында жүрмесе де елге өзгеріс әкелеміз деген құлшынысты электорат сезді және оларға сенім артты. Әрине, бір жыл деген тым аз уақыт. Бізде төрағалар институты, оған бағынатын партияның орталық аппараты және онымен тікелей жұмыс істейтін өңірлік филиалдар бар. Біз орталықтан арнайы тапсырма күтіп отырмаймыз. Өңірдің ерекшелігі мен күнделікті тыныс-тіршілікке бейімделіп жұмыс істейміз. Жалпы, бағыт-бағдар, төлқұжат деуге болатын партияның алдыға қойған 6 бағдарламалық міндеті белгілі.
Жетісу өңірінде партия атынан сайланған 8 депутаттың үшеуі облыстық, үшеуі Талдықорған қалалық және тағы екеуі аудандық мәслихаттарда халықпен тікелей жұмыс істеп келеді. Жақында «Respublica» партиясының Жетісу облыстық филиалында партия атынан облыстық мәслихатқа сайланған депутаттарымызбен қорытынды жиын өткіздік. Мәслихат депутаттары жыл бойы атқарған жұмыстары туралы есеп беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті. Мысалы, облыстық мәслихат депутаты, «Жетісу» телеарнасының журналисі Гүлназия Мұстапова сайланғалы бері 7 мәселе бойынша депутаттық сауал жолдапты. Оның ішінде қала тұрғыны көтерген абаттандыру жұмыстары, көпбалалы аналардың мәселесі бар. Сондай-ақ, депутат «Алтынемел» ұлттық саябағына апарар жол туралы республикалық деңгейге жеткізіп, Сарыөзек ауылы мен Талдықорғандағы «Ынтымақ» шағынауданындағы мектеп салынып жатқанда бақылауға алған. Ал облыстық мәслихат депутаты Алмат Садиев (Алакөл ауданынан сайланған) бүгінге дейін 6 мәселені атқарушы билік назарына ұсынған. Оның ішінде аудандардағы спорт бөлімдерінің қысқаруы және бұқаралық спорт тақырыбы, Алакөл жағалауына қайық жетіспеушілігі, демалушылар қауіпсіздігі және бейнебақылау камералары туралы айтып, олардың шешім табуына ықпал етті. Оның айтуынша, бейнебақылау камералары мәселесін көтеру арқылы кейбір демалыс орындарында электр қуатының жоқтығын анықтаған. Соған орай электр желісін тарту мәселесі шешімін тапқан. Сондай-ақ, депутаттық сауалдан бөлек құжатсыз жүрген екі адамның жұмысқа орналасуына ықпал еткен.
Облыстағы ең жас депутат Темірлан Қылышбеков медицина қызметкерлерінің тұрғын үйге кезекке тұру мәселесін, мектептердегі дабыл жүйесі және мүгедек балалардың ата-аналарының зейнетке ерте шығуы сияқты ауқымды мәселелерді көтерген.

– Ал, өзіңіз айтқандай, партияның орталық аппараты арнайы жоспар бекіте ме, қаражатты қайдан аласыздар? Штатта қанша адам жұмыс істеп жатыр?

– Әрине, орталықтан түсетін тапсырмаларға сай партия имиджін көтеру және қатарымызға жаңа мүшелер алу бойынша былтыр 30-дан  астам шара өткіздік. Негізі ондай бастамаларды орталық аппарат қаржылай қолдайды, қалғанын жеке демеушілер арқылы табамыз. Атаулы даталарға орай түрлі шаралар ұйымдастыру көзделген. Мысалы, әлеуметтік салаға қатысты, оның ішінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, мүмкіндігі шектеулі жандарды емдеу, әлеуметтік портал жұмысын жақсарту, «жедел жәрдем» қызметінің жұмысы, денсаулық сақтау жүйесін реформалау және медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру, ауылдық жерлерде медициналық кадрлардың тапшылығына қатысты мәселелер, халықтың әлеуметтік осал топтарын қамсыздандыру бойынша партияның Парламент Мәжілісіндегі фракциясымен бірге жұмыс істейміз. Өткен жазда осы мәселелер бойынша партия төрағасы, Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров Жетісуға 3 рет ат басын бұрды. Партияның тең төрағасы Сырымбек Тау 2 рет келіп кетті. Ал партияның атынан Мәжіліс депутаты болып сайланған Нұргүл Тау Жаркент өңіріне және Көксу ауданына келіп, «жайлы мектеп» бағдарламасымен салынып жатқан нысандардың құрылысымен танысты. Партия филиалы Талдықорған түбіндегі Шайқорған елді мекеніндегі  мектептің 30 оқушысы мен «Даму бала» жобасымен қосымша білім алатын оқушыларға мектепке керек-жарақ үлестірді. Футболдан БАҚ қызметкерлері арасында ылғи жүлделі орындармен танылып жүрген «Қарекет» футбол командасына да қолдау білдіріп тұрады. Партия мүшелері, Талдықорған қалалық мәслихатының депутаттары Алсу Габракипова, Әзиз Абылайұлы, Батыр Мәшеков шараларымызға қолдау білдіріп, белсенділік танытады.

Әрине, бұрыннан келе жатқан партияларға қарағанда штат саны көп емес. Орталықта кеңсеміз бар, сонда қоғамдық қабылдаулар өткіземіз. Түрлі әлеуметтік сұрақтармен және көмек сұрап келген жандарды қабылдап, қолдан келсе, проблемасының шешілуіне ықпал жасаймыз. Тақырыптық кездесулер мен «дөңгелек үстелдер» өткізілді. Кәсіпкерлер партиясы болған соң кәсіп иелерін жинап, проблемаларын тыңдап, фракцияға жолдадық.

– Ришат Асқарбекұлы, өткен жылдың соңында Жетісу облысында тоғызқұмалақ федерациясына басшы болып сайланғаныңызды естідік. Бұл салада атқарылуы тиіс қандай жұмыстар бар? Биыл қыркүйекте Астанада Дүниежүзілік дәстүрлі көшпенділер ойыны өтеді деп жоспарланып отыр. Оған Жетісуден кімдер барады?

– Партия жұмысымен қатар облыстағы тоғызқұмалақ федерациясының шаруаларымен айналысуға да мүмкіндік берілді. Былтыр қарашада Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы мен Республикалық тоғызқұмалақ қауымдастығының төрағасы Әлихан Бәймен аймақтық федерациядан осы қоғамдық жұмысты ұсынған. Талдықорғанға арнайы келген Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының вице-президенті Әкім Тұрсын жергілікті спортшыларға, депутаттарға, әкімдік өкілдеріне, тоғызқұмалақ жаттықтырушыларына және БАҚ өкілдеріне таныстырып кетті. Осыған орай өткен шараға облыстық мәслихат төрағасы, облыс әкімінің орынбасары, спорт басқармасы, білім басқармасының басшылары және журналистер, біздің өзге партиядағы әріптестер қатысып, осы күнге дейін атқарылған жұмыстың есебін тыңдады. Мен алға қойған жоспарларды таныстырдым. Күнтізбелік жоспар құрып, осы күнге дейін тоғызқұмалақ спорт федерациясының жұмысын бір өзі атқарып келген тоғызқұмалақ жанашыры,  мемлекеттік жаттықтырушы Бауыржан Нұрғазыұлы қол ұшын созып жатыр. Қазір, одан бөлек, облыста 8 жаттықтырушы бар. Аймаққа белгілі журналист, спорт жанашыры, осы интеллектуалдық ойынның қыр-сырын білетін, ардагерлер қауымымен тығыз байланысы бар Ришад Тұрғанбаев өңірде бұл спортты дамытуға байланысты ақыл-кеңесін беріп тұрады.
Биыл дүниежүзілік көшпенділер ойыны өтеді. Жаңа жылда  Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» басылымында шыққан мақаласында талай дүние айтылды. «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек. Дүниежүзілік көшпенділер ойынын өткізу де еліміз үшін айтулы оқиға болмақ. Байрақты бәсеке ұлттық спорт пен саламатты өмір салтын дәріптеу жағынан да, Ұлы Даладағы көшпенділер өркениетінің мұрагері саналатын бауырлас халықтардың мәдени-гуманитарлық байланысын арттыру тұрғысынан да маңызды екені сөзсіз», – деді Президент. «Ұлы Дала дүбірі» деген атпен өтетін V дүниежүзілік көшпенділер ойынына әлемнің 50 мемлекетінен командалар келмек. Осы имиджді шараға Қазақстан Тоғызқұмалақ қауымдастығы төрағасы Әлихан Бәйменнің жетекшілігімен ұжым дайындықты бастап кетті. Жетісу өңірінен іріктелген арнайы делегация да бұл шараға белсене атсалыспақ.

– Алдағы уақытта партия қандай мәселелер көтеруді жоспарлап отыр? Жұмыс қарқыны арта ма? Алда АЭС салуға байланысты референдум өтуі мүмкін. Сайлау комиссияларына партия мүшелері кірген бе?

– Иә, биыл атом электр стансысын салу мәселесі жалпыхалықтық референдумда талқылануы бек мүмкін. Әрине, бұл Орталық сайлау комиссиясының айналысатын жұмысы. Десе де қазір аймақтарда сайлау комиссияларының құрамын қайта жасақтау жүріп жатыр. 5 жылда бір өткізілетін аймақтық сайлау комиссияларының мүшелігіне өз партиямыздан кандидаттар ұсындық. Қазір 400-ден астам сайлау комиссиясына саяси ұйым мүшелері енді. Енді партия жұмысын аудандарда және ауылдарда ұйымдастыру биыл қолға алынады деген үмітіміз бар. Партияның жастар қанатын құру, бастауыш партия ұйымдарын жасақтау былтыр басталды. Бірақ жұмыс қарқыны әлі де бәсең. Біздің филиалдар еліміздің барлық аймақтарында жұмыс істейді, партия белсенділерімен және сайлаушылармен кері байланыс орнатуға күш салып жатырмыз. Партияның жаңа веб-сайты арқылы мүшелікке кіруге болады. Қазір елдің бәрінің қолында смартфон бар. Арнайы QR-кодпен кіріп, әп-сәтте тіркеліп, партия билетін алуға мүмкіндік қарастырылған. Сайлаушылар әлеуметтік желідегі парақшалар арқылы да байланыса алады. Өзім журналист болған соң әлеуметтік желіде белсендімін. Елдің мұң-мұқтажын іштей білеміз. Өңірлердегі партияның Сайлауалды бағдарламасының орындалу барысымен танысу, филиалдарға әдістемелік көмек көрсету, сайлаушылардың пікірлерін зерделеу және талдау мақсатында өңірлерге іссапармен республикалық роуд-шоу өткізілуде. Алматы, Атырау, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Абай облыстары мен Алматы қаласында өткен жоспарланған іс-шаралар биыл да жалғасын табады. Орталық аппарат «Ұлтқа қызмет» жобасын жүзеге асыруда. Оның барысында Елордада және өңірлерде Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан беделді және еңбегі сіңген тұлғалармен кездесулер өтті. Оразкүл Асанғазы, Күләш Шәмшидинова, Мұхтар Шаханов сынды қайраткерлер мен спорт чемпиондары партия мүшелерімен кездесті. Мәжілістегі біздің фракцияның мүшелері көтеріп жатқан лудомания, яғни құмар ойындары мен вейптің саудасына қарсы заң жобалары биыл қабылданып, «Respublica» партиясы жеткен жеңістің бірі болады деп сенемін.

– Ашық сұхбатыңызға рақмет! Істеріңізге сәттілік тілейміз.

Сұхбаттасқан Мәди Алжанбай

 

Қатысты жаңалықтар

Болашақтың берік негізі

Болашақтың берік негізі

31.07.2026
Тарихтан тамыр тартқан

Тарихтан тамыр тартқан

31.07.2026
Үштөбеде экологиялық рейд өтті

Үштөбеде экологиялық рейд өтті

31.07.2026
Ақхалаттылармен пікір алмасты

Ақхалаттылармен пікір алмасты

31.07.2026
Теміржолшылар марапатталды

Теміржолшылар марапатталды

31.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.