Талдықорған: +18°C
$ 461.37
€ 542.16
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Мемлекет басшысы Орталық Азия елдерін су мәселесінде бірлесіп әрекет етуге шақырды

23.04.2026
КҮНДЕРЕК
Мемлекет басшысы Орталық Азия елдерін су мәселесінде бірлесіп әрекет етуге шақырды

Ақорда

WhatsAppTelegramFacebook

Президент су проблематикасын аймақ елдеріне ортақ әрі халықаралық қоғамдастық назар аударатын өзекті мәселе ретінде қарастыруға шақырды, – деп хабарлайды Ақорда. 

– Бұл ұлттық деңгейдегі немесе тактикалық емес, әлемдік маңызы бар стратегиялық міндет. Сондықтан нақты іске көшу керек. Қор жұмысының ұйымдастыру механизмдерін жаңарту да өзекті. Сол арқылы Ұйым қызметінің қолданбалы сипаты күшейе түседі. Біздің ойымызша, Қордың өңірге ортақ платформа ретіндегі рөлін нығайта түскен жөн. Осылайша, су, экология және орнықты даму мәселелерін Орталық Азия елдерінің мүддесіне сай тиімді шешуге болады. Бұған дейін қалыптасқан өзара ықпалдастықты дамытқан дұрыс. Халықаралық сарапшылардың бақылауынша, соңғы жылдары су мәселесінде аймақ елдері өз мүдделерін алға шығарып отыр. Халықаралық аспектілер, өзара ынтымақтастық, соның ішінде көршілес мемлекеттердің қажеттілігі ескерілмейді. Олардың пікірінше, су-энергетика саласында тепе-теңдіктің болмауы, трансшекаралық өзендерді басқару тәртібінің бұзылуы, экологиялық зардаптың салдарын елемеу – негізгі себеп. Дәл осындай қиын жағдайда әр елдің суға қатысты стратегиясын ұштастыруға ұмтылып көру керек. Бұл су үнемдеу ісіндегі озық тәжірибелерді кеңінен таратуға мүмкіндік береді. Орталық Азия мемлекеттері басшыларының былтырғы Консультативтік кездесуінде халықаралық стандарттарға сүйене отырып, Суды пайдалану жөніндегі негіздемелік конвенция қабылдауды ұсынған едім. Мұндай конвенция қабылдау көпжақты ықпалдастықтың келісілген қағидаттарын бекітуге және трансшекаралық суды пайдаланудың тиімділігін арттыруға жол ашады. Осы мәселеге зейін қоюларыңызды сұраймыз, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев су саласын цифрландыруды, соның ішінде Сырдария мен Әмудария бассейндерінде мониторингтеудің бірыңғай автоматтандырылған жүйесін енгізуді басты міндет ретінде атады. Бұл тетік деректердің ашықтығы мен нақтылығын қамтамасыз етеді.

– Қазақстан мен Өзбекстан Сырдария бассейніндегі он учаскені автоматтандыруға кірісті. Осы тәжірибені Арал теңізіндегі барлық бассейнге енгізуге болар еді. Қорды институционалдық тұрғыдан одан әрі дамыту мәселесі өзекті. Бұл үдеріс біршама созылып кетті деп ойлаймын. Кезек күттірмейтін міндеттің бірі – Мемлекетаралық энергетика комиссиясын құруды аяқтау. Елдерімізді тұрақты әрі сенімді түрде сумен қамту бойынша энергетика саласындағы іс-қимылды үйлестірудің маңызы зор екенін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Сондықтан, біздің ойымызша, Қордың су шаруашылығы және энергетика комиссияларының отырыстарын ұштастырған жөн. Ең әуелі, мемлекетаралық энергетика комиссиясының Сырдария өзені бассейніндегі жұмысын жолға қою орынды деп санаймыз. Одан кейін ықпалдастық тетіктерін жетілдіре отырып, Арал теңізінің тұтас бассейнін қамту арқылы бұл форматтың аясын кеңейтуге болады. Бірнеше кезеңнен тұратын мұндай тәсіл аймақтағы барлық елдің мүддесін сақтауға мүмкіндік береді, – деді Мемлекет басшысы.

Қатысты жаңалықтар

«Кітап – уақыт машинасы атты әдеби кеш өтті

«Кітап – уақыт машинасы атты әдеби кеш өтті

23.04.2026
«Legal Talk: ашық микрофон» форматындағы жастар форумы өтті

«Legal Talk: ашық микрофон» форматындағы жастар форумы өтті

23.04.2026
Жетісуда колонияға тыйым салынған заттарды өткізуге тосқауыл қойылды

Жетісуда колонияға тыйым салынған заттарды өткізуге тосқауыл қойылды

23.04.2026
23 сәуірдегі саудада доллар бағамы аздап өсті

23 сәуірдегі саудада доллар бағамы аздап өсті

23.04.2026
Президент халықаралық конвенция жетекшілерімен кездесу өткізді

Президент халықаралық конвенция жетекшілерімен кездесу өткізді

23.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.