Талдықорған: +3°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Мемлекеттік қолдаудың арқасында жетісулық кәсіпкер жайма қақ өндіре бастады

29 тамыз 2023
КҮНДЕРЕК
Мемлекеттік қолдаудың арқасында жетісулық кәсіпкер жайма қақ өндіре бастады
WhatsAppTelegramFacebook

Әйелдер кәсіпкерлігінің өңірлік орталығы облыстың әр түкпірінде жүрген еңбекқор да талантты жандардың арман-мақсаттарын жүзеге асыруға жәрдемдеседі. Мәселен, 2022 жылы орталыққа көмек сұрап жүгініп, тиісті ақпарат алғаннан кейін ісін бастауға бел буған кәсіпкер Алмагүл Мұратбек биыл жеміс-жидектен жайма қақ жасауды қолға алды.  Оған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде бизнес-идеясын іске асыруға берілген 5 млн.теңге сомасындағы грант зор көмек болды. Қажетті құрал-жабдықтарды сатып алып, қазір Ескелді ауданында үй жағдайында қақ өндірісін жолға қойып отыр.

Осылайша Алмагүл Мұратбек «Qonaq Kade» брендінің негізін қалады. Қазір жергілікті жеміс-жидектерден қақтың бірнеше түрін жасайды. Оның дәмді, ең бастысы табиғи әрі пайдалы өнімдеріне деген сұраныс қазірдің өзінде артып отыр. 

— Өз бизнес-идеямды жүзеге асыру үшін Алматы қаласынан Ескелді ауданының Қаратал ауылына көшіп келдім, өйткені мұнда жергілікті фермерлер құлпынай мен таңқурайды жақсы өсіреді. Кейде текелілік тұрғындардан да жидектер сатып аламын. Негізі фармацевт маманмын. Бірақ бизнеспен айналысып, пайдалы өнім шығарғым келді. Бұл мақсатыма мемлекеттік қолдаудың арқасында қол жеткіздім, — дейді кәсіпкер.

Оның айтуынша, қақ өндіру қарапайым процесс, оны кез келген әйел үйінде жасай алады.

— Қай-қайсымыз да бала кезімізде алмадан қақ жасағанбыз, мен де солардың бірімін. Бірақ қазір арнайы құрал-жабдықтардың арқасында жұмыс бұрынғыдан әлдеқайда жеңілдеді. Әрине, азық-түлік жинауға, жеміс-жидектерді жууға, тасымалдайтын ыдыстарға салуға көп уақыт кетеді, бірақ блендерді пайдалану уақытты едәуір  үнемдейді. Мұнан соң дайын қоймалжың 10-12 сағатқа дегидраторға кептіру үшін жіберіледі. Осы уақыт аралығында басқа шаруаларыңызбен айналысуыңызға болады. Нарықта жайма қақ өте қымбат, дегенмен бізде өсетін жеміс-жидектердің түрі көп. Сондықтан жыл бойы сапалы әрі пайдалы жергілікті өнім өндіруді жолға қоюға және одан тұрақты табыс алуға болады, — дейді ой бөліскен Алмагүл Мұратбек.

Атап өтсек, жақында Алмагүл Мұратбек «Бір ауыл – бір өнім» жобасының жеңімпазы атанды. Сол сияқты «Қорғас» ХШЫО аумағында өткен халықаралық көрмеге қатысып қайтты. Бүгінде шағын бизнесін жүргізіп, екі адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы өткізетін мастер-класстар шеңберінде тәжірибе алмасуға белсенді қатысады. Алдағы уақытта кооператив құру есебінен өндірісін ұлғайтып, жұмысшылар санын арттырып, үлкен нарыққа шықсам деген жоспары бар.

 Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 

Қатысты жаңалықтар

Үшарал қаласында 7 көпқабатты үйдің қасбеті жөнделеді

Үшарал қаласында 7 көпқабатты үйдің қасбеті жөнделеді

30 қазан 2026
Мәдени мұра және жасанды интеллект: Минскіде қазақстандық мамандар тәжірибе алмасты

Мәдени мұра және жасанды интеллект: Минскіде қазақстандық мамандар тәжірибе алмасты

30 қазан 2026
Талдықорғанда жаңа оңалту орталығы ашылады

Талдықорғанда жаңа оңалту орталығы ашылады

30 қазан 2026
Алакөл ауданында «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді

Алакөл ауданында «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді

30 қазан 2026
Қорғаныс министрі зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларын қабылдады

Қорғаныс министрі зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларын қабылдады

30 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.