Талдықорған: +21°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет

30 қаңтар 2024
КҮНДЕРЕК
Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет
WhatsAppTelegramFacebook

Қаратал ауданы Елтай ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет» атты семинар-кеңес өтті. Оған Жетісу облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Ғабит Тұрсынбайұлы, ауылдық округі әкімі аппараты мен денсаулық сақтау, ветеринария, білім беру, мәдениет саласының қызметкерлері, ақсақалдар алқасының төрағасы, қоғамдастық мүшелері қатысты.Мемлекеттік қызметшілер билік органдарының мақсаттары мен міндеттеріне белсенді қатыспай мемлекеттік қызметтің тиімді жұмыс істеуі мүмкін емес. Көп жағдайда мемлекеттік қызметшілер жұмысының нәтижесі олардың лауазымдық міндеттерін сапалы орындауына, бастаманы көрсету мүмкіндігіне және кәсіби дағдылары мен білімін қолдана алуына байланысты. 

Семинар-кеңесте Жетісу облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Ғабит Тұрсынбайұлы мемлекеттік қызметшілердің әдептілік нормалары мен мінез-құлық қағидалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары жөнінде нақты атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады. 

– Мемлекеттік қызмет қоғам мүдделеріне адалдық танытуға және Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік тіл мен басқа тілдерге, Қазақстан халқының дәстүрлері мен ғұрыптарына құрметпен қарауға міндеттейді. Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде мемлекеттік саясатты ұстануға және оны дәйекті түрде іс жүзіне асыруға, қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекет пен оның институттарына деген сенімін сақтауға және нығайтуға ұмтылуы тиіс. Қоғам мемлекеттік қызметшілер өз міндеттері мен функцияларын заңдарға сәйкес бар адал ниетімен құзыретті және тиімді түрде орындайды деп есептейді. Мемлекеттік қызметшінің қызметтік міндеттерді орындау кезіндегі сырт келбеті мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, ресмилікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпыға бірдей қабылданған іскерлік стиліне сай болуға тиіс, – деді Ғабит Тұрсынбай. 

Елімізде сыбайлас жемқорлықтың  алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі құрылып, жұмыс істеп жатқанын айтқан Әдеп жөніндегі уәкіл сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту-түсіндіру жұмыстары жүйелі жүргізілуі тиіс екенін жеткізді. 

Мемлекет саясатын іске асыратындықтан мемлекеттік қызметтің мәртебесі мен беделі мемлекеттік қызметшілерге тікелей байланысты. Сол себепті де мемлекеттік қызметшілерге үлкен міндеттер жүктелген. Мемлекеттік қызметшінің жұмысы білімділік пен іскерлікті ғана емес, үлкен жауапкершілікті де талап етеді. Мемлекет мүддесіне қызмет ету қашанда оңай емес екенін ескерсек, мемлекеттік қызметшіге қойылатын талаптың да жоғары екендігі түсінікті. 
Абырой, ар-намыстың тазалығы, адамгершілік, еңбек, шығармашылық, жақсылық жасау, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету арқылы көпшілік тарапынан сый-құрметке ие ететін адамның қадір-қасиеті мен қоғамдағы бейнесі жайлы айтқан Ғабит Тұрсынбай мемлекет пен қоғамның сенімін ақтап, адал қызмет істеу баршаның азаматтық парызы екенін жеткізді. 

Семинарға қатысушылар Әдеп жөніндегі уәкілге көкейде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. 

Талғат УӘЛИЕВ, 
Елтай ауылдық округінің әкімі 
Қаратал ауданы  

 

Қатысты жаңалықтар

Ұстаз сөзі неге салмақсызданды?

Бала тілі бал болмай тұр

Бүгін, 11:33
Жыр болған көпір жаңара ма?

Жыр болған көпір жаңара ма?

Бүгін, 10:00
Жаратылысы бөлек Жарасқан

Жаратылысы бөлек Жарасқан

Бүгін, 09:00
Өркендеудің өзегі

Көңіл тоғайтатын құжат

7 қараша 2026
Қызылағашта трассалық медициналық-құтқару пункті бой көтеруде

Сапалы медицина – салауатты қоғам негізі

7 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.