Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғам өмірінде ерекше рөл атқарады. Ол қоғамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуді және қоғамдық мүдделерді ен үздік және тиімді тәсілмен қанағаттандыруды білдіреді.
Мемлекеттік қызмет қоғам мүдделеріне адалдық танытуға және Қазақстан халқының бірлігі мен елдігі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік тіл мен басқа тілдерге, Қазақстан халқының дәстүрлері мен ғұрыптарына құрметпен қарауға міндеттейді.
Мемлекеттік қызмет атқару-қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады. Мемлекеттік қызметші өзінің функционалдық міндеттерін мінсіз орындау арқылы ел азаматтарының мемлекеттік қызметке деген сенімін арттырып, өз іс-әрекетімен сыбайлас-жемқорлықтың кез-келген көріністеріне төзбеушілік жағдайын жасау мен қоғамда сыбайлас-жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда баршаға үлгі болуы тиіс.
Қазіргі біздің қоғам мемлекеттік қызметшілерден елдік және қоғамдық мүдделерге әділ және адал қызмет етуін, өз күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін еліміздің дамуына жұмсауын күтеді.
Мемлекеттік қызметшінің тұлғалық болмысы қоғамға үлгі болуы қажет. Ол үшін мемлекеттік қызметші үнемі кәсіби жетілуде, тұлғалық ізгі қасиеттерді бойына жинақтап, іс жүзінде оның нәтижесі көрініп тұруы қажет.
Мемлекеттік қызметте жұмыс істеу – адамнан оны саналы түрде сезінуді, шын ынта-жігерін ен бастысы-ниет тазалығын талап етеді. Ел игілігі үшін адал, риясыз қызмет ететін мемлекеттік қызметші нағыз азамат және Отанды сүюдің үлгісі болуға лайық.
Мемлекеттік қызметшілер Отанға қызмет ету мәдениетін дәйекті түрде игеріп, жүзеге асыруы қажет. Елге қызмет ету-әркімнің өзіне жүктелген міндетті шынайы және адал орындауынан көрінеді. Мемлекетшіл болу, елдік, ұлттық мүддені бәрінен жоғары қою үшін тек білімді, іскер, тәжірибелі болу жеткіліксіз. Алаш қайраткері Әлихан Бөкейхан «Ұлтқа қызмет ету-білімнен емес, мінезден» деген, бұл жерде мінез деп адамның ішкі рухын, адамдардың игілігі үшін елге, ұлтқа қызмет етсем деген жүрек қалауын айтып отыр. Шәкәрім айтқандай «халыққа еңбек қылу-адамдық борышын»
Мемлекеттік қызметшілер өз қызметтерінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы», «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін және басқа да заңнамаларды басшылыққа алады.
Мемлекеттік қызметішінің қызметтік әдебі
Мемлекеттік қызметшінің қызметтік әдебі өте маңызды ұғым. Өйткені, мемлекеттік қызметішінің тәртібі мен өзін өзі ұстауына, кәсіби біліктілігіне, халықпен қарым-қатынасына қарай халықтың тұтас мемлекетке деген көзқарасы қалыптасады. Қоғамның айнасы саналатын мемлекеттік қызметшілер өз әрекетімен басқаларға да үлгі бола білуі керек.
Мемлекеттік қызметшілердің қызметте және қызметтен тыс уақытта мінез-құлық ережелері Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің басты міндеттерінің бірі-қызметкердің мінез-құлқының және өзге адамдармен қарым-қатынасының онды болуын қамтамасыз ету, сыбайлас-жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтың оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарды болдырмау, жұмыстан тыс уақытта заң бұзушылыққа жол бермеу болып табылады. Жұмыстан тыс уақытта мемлекеттік қызметшіге беделін түсіретін және қоғам тарапынан сын мен айыптау тудыратын жағдайлардан аулақ болуы қажет.
Кодексте белгіленгендей, мемлекеттік қызмешілердің қызметтік әдебі мынадай қағидаттарға негізделеді:
- Адал ниеттілік – қоғам игілігі үшін мемлекетке кәсіби және жауапты қызмет ету:
- Адалдық – өз міндеттеріне шынайы көзқарас:
- Әділдік – жеке және заңды тұлғалардың, қоғамдық топтар мен ұйымдардың ықпалына қарамастан заңды шешім қабылдау және кез келген мән жайлар бойынша біржақтылық пен субъективтілік себебінен адамдарды кемсітуге жол бермеу:
- Ашықтық – жұртшылықпен жұмыс істеуге дайын екенін көрсету және өз іс-қимылының ашықтығын қамтамасыз ету.
- Сыпайылық – азаматтар мен әріптестерге дұрыс және құрметпен қарау.
- Клиентке бағдарлану – мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде хаплықтың сұраныстарына толықтай бағдарлай отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және жолданымдарды қарау кезінде төрешілдік көріністеріне және әуре – сарсанға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау.
Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттары
Мемлекеттік қызметшілерге мынандай талаптар қойылады:
- Қарапайым болу, жалпыға бірдей қабылданған моралдық-әдептік нормаларды сақтау, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпау;
- Мемлекет мүдделеріне және азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіретін әрекеттерге қарсы тұру;
- Азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік таныту, дөрекілік, қадір-қасиетін кемсіту, әдепсіздік және бейәдеп мінез-құлық фактілеріне жол бермеу, өздерінің әрекеттерімен және мінез-құлқымен олардың тарапынан сынға себепкер болмау;
- Іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, азаматтардың көз алдында өздері өкілі болып табылатын мемлекеттік органдардың абыройы мен беделіне айқын нұқсан келтіретін әрекеттер жасауға жол бермеу;
- Мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік мүлікті тек нысаналы мақсаты бойынша, лауазымдық міндеттерін және рұқсат етілген қызмет түрлерін орындау үшін пайдлану;
- Мемлекеттік қызметшінің қызметтік міндеттерді орындау кезіндегі сырт келбеті мемлекеттік аппаратының беделін нығайтуға ықпал етуге, ресмилікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпыға бірдей қабылданған іскерлік стиліне сай болуға тиіс.
Мемлекеттік қызметшілер әріптестерімен қызметтік қарым-қатынаста:
- Ұжымда іскерлік және жанашыр өзара қарым-қатынас пен сындарлы ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал етуге;
- Ұжымда әріптестерінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін жеке және кәсіби қасиеттерін талқыланудан тартынуға;
- Өзінің мінез-құлқымен бейтараптықтың, әділдіктің, риясыздықтың, жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне құрметпен қараудың үлгісі болуға;
- Әріптестеріне қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілік, қадір-қасиетін кемсіту, әдепсіздік және бейәдеп мінез-құлық фактілеріне жол бермеуге;
- Әріптестеріне өзінің діни нанымдарын таңбауға, қол астындағы қызметшілерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың ұқызметіне қатысуға мәжбүрлемеуге тиіс.
- Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік саясат және қызметтік жұмыс мәселелері жөніндегі өз пікірін, егер ол мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келмесе, жариялауға рұқсат етлімеген қызметтік ақпаратты ашатын болса және мемлекеттік лауазымды адамдарының, мемлекеттік басқару органдарының, басқа да мемлекеттік қызметшілердің атына әдепсіз сөздерді қамтитын болса, көпішілік алдында білдірмеуге тиіс.
- Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, кішіпейілділік танытуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға және қоғамдық имандылыққа қолсұғумен ұсштасқан қоғамға қарсы мінез-құлық жағдайларына жол бермеуге тиіс.
Мемлекеттік қызметші – мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы, мемлекет пен халық арасындағы дәнекер ретінде өте жауапты міндетті атқарып жүрген тұлға.
Ол халыққа, мемлекетке адал қызмет етудің, жұмыста да, қызметтен тыс уақытта да қарапайымдылықтың, әдепті мінез – құлықтың, кішіпейілділіктің, өзгелермен өнегелі қарым-қатынас пен жоғары тәртіптің үлгісі болуы тиіс. Қоғам мемлекеттік қызметшіден осыны күтеді.
Әділхан Қыстаубаев
Алакөл ауданы бойынша Әдеп жөніндегі уәкіл