Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті жаңажылдық мерекені өткізу кезінде тұрғындарды қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.
Қауіпсіздік ережелері мыналар:
— шыршаны тұрақты тұғырға орнатыңыз;
— шыршаны безендіру үшін тез тұтанатын ойыншықтарды, мақтаны, шамды, қағазды пайдаланбаңыз;
— шыршаны жылыту құралдары мен адамдарды эвакуациялау жолдарының жанында орнатпаңыз;
— үй-жайларда, шырша жанында бенгал оттары, пиротехникалық құралдарды пайдалануға жол бермеңіз;
— балаларға шыршаға гирляндаларды өз бетінше қосуға рұқсат етпеңіз;
— электр желісіне қосылған электр аспаптарын қараусыз қалдырмаңыз;
— электрлік гирляндалар зауытта дайындалған және толық жарамды болуы тиіс;
— үйде пиротехникалық құралдарды пайдаланбаңыз;
— отшашуларды терезе арқылы және балконнан іске қоспаңыз;
— пәтер терезелеріне, тұрғын үйлердің кіреберістеріне, лифтілерге петардалар тастамаңыз;
— петардаларды адамдар тобына, аяқтың астына, сыртқы киімге лақтырмаңыз;
— отшашуды адамдарға бағыттамаңыз;
— жиналған шөп маяларына, жануарларға, ғимараттар мен ағаштарға 50 метрден жақын отшашулар жасамаңыз.
Осындай нұсқаулық аясында кеше Алматы облысының төтенше жағдай қызметкерлері кадет сыныптарының жас құтқарушыларын мерекемен құттықтады. Кадеттерге жаңажылдық сыйлықтар тарту етілді. Департамент өкілдері оларға оқуда табыс, ашық аспан, бақытты балалық шақ, амандық тіледі. Сондай-ақ жаңажылдық мерекелер мен демалыстарды қауіпсіз өткізу мақсатында кадеттермен өз кезегінде өздерінің достары мен туған-туыстарына қауіпсіздік бойынша алған білімдерін жеткізе алу үшін «Қауіпсіз Жаңа Жыл» акциясы шеңберінде нұсқаулықтар берілді.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»





