Талдықорған: +32°C
$ 456.89
€ 531.36
₽ 5.32
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Мөлдір сезім, мөлтек хикая

12.09.2026
КҮНДЕРЕК
Жүректе қалған жаңғырық
WhatsAppTelegramFacebook

Сайын Мұратбековтің әдебиет әлеміне алғашқы қадамдарының бірі – «Менің қарындасым» әңгімесі. Көлемі шағын болғанымен көңілге салған салмағы сүбелі бұл туынды қаламгердің кейінгі шығармашылық болмысының да бедерін аңғартқандай. Жазушының өзі «Үзеңгі жолдас» бағдарламасына берген сұхбатында осы шығарманың жарыққа шығу тарихын еске алып: «Менің ертеректе жазғаным – «Менің қарындасым» әңгімесі еді. Соны «Лениншіл жас» газетіне алып бардым. Ақыры, соны баспай қойды. Өйткені өзінің қарындасының махаббатын жазу қазақ тәрбиесіне қандай ерсі, болмайды деп шығармай қойды. Оның жарыққа шығуы кейін ғой» деген еді.

Мұның астарында сол кезеңдегі ұлттық таным, қазақы тәрбиеге тән ұят, имену жатыр. Алайда уақыт өте келе шығарма оқырманымен қауышып, Сайынның қаламгерлік қарымын танытқан туындылардың біріне айналды. Әңгімеге ден қойған сәттен-ақ жазушының адам жанының ең нәзік пернелерін дөп басатын суреткерлік қасиеті аңғарылады.

«Биыл қысқы демалыста ауылға келгенімде қарындасымның соншалықты тез өсіп, өзгеріп кеткені қатты таңырқатты» деген алғашқы сөйлемнен-ақ оқырманды өзіне тартып әкетеді. Кеше ғана балауса қыз болып, ағасының соңынан еріп, ойнап-күліп жүрген Әлиманың енді бойжетіп, жүрегіне өзгеше бір сезім ұялағанын автор сырттай бақылай отырып, қарындасының бала күнгі мінезін бүгінгі қалпымен салыстыра отырып, уақыттың адамды қалай өзгертетінін аңғартады.

Кеше ғана тілін шығарып, ойнап қашатын кішкентай қыздың орнында енді бойжеткен Әлима тұр. Оның бұрынғы еркелігі басылып, жүріс-тұрысында ұяңдық пайда болған. Себебі бала күннің бейқам шағы артта қалып, жүрекке алғаш рет махаббаттың сәулесі түскен. Осы өзгерісті автор әсірелеп, әспеттемейді. Бір қарағанда қарапайым көрінетін қимыл-қозғалыс, қысқа диалог, ишаралы сөз арқылы ішкі толғанысты оқырманның өзіне сезіндіреді.

Әңгімедегі негізгі желі Нұрлан мен Әлиманың арасындағы алғашқы махаббатқа құрылады. Оқуға аттанғалы тұрған Нұрлан қызды шығарып салуға арнайы іздеп келеді. Үйге кірген сәтте оның алдынан Әлиманың ағасы (автор) шығады. Қарындасы болса, күтпеген жағдайдан қысылып, не айтарын білмей абдырап қалады. Қасындағы құрбысы ғана «Кітап алуға келді» деп екеуінің шын мақсатын бүркемелегендей болады.

Хикаяда Әлиманың тағдыры арқылы автор өз басынан өткен бір естелікті де қатар өрбітеді. Нұрлан мен Әлиманың арасындағы қоштасу көрінісі оған кезінде Сәуле есімді қызбен болған өз махаббатын еске алады. Бір кездері өзін қимай шығарып салған Сәуле де уақыт өте келе басқа бір жігітке тұрмысқа шығып кеткен. Енді өткеннің елесі мен бүгінгі шындық бір арнаға тоғысып, кезінде Сәуленің орнында тұрған қыздың бейнесін бұл жолы Әлима алмастырса, автордың орнында Нұрлан тұр.

Нұрлан мен Әлиманың қоштасуы да шығармадағы ең әсерлі тұстардың бірі. Екеуі қимай қоштасып болған соң Әлима үйге жүгіріп кіріп, анасын құшақтайды да: «Нұрлан оқуға кетті, мен оған сенемін» дейді. Осы бірауыз сөздің өзінде қыздың бүкіл жандүниесі тұр. Алғашқы махаббаттың аңғал сенімі, үкілі үміті, балаң жүректің тазалығы осы қысқа сөйлемге сыйып кеткен.

Әңгіме соңындағы автордың «Алғашқы махаббатың сәтті болсын, қарындасым…» дегені өткенін ой елегінен өткізген адамның бүгінгі жас жүрекке ақ тілегі іспетті. Қаламгер қарындасының сезіміне төрелік айтпайды, оған ақыл үйіп-төкпейді. Тек алғашқы махаббаттың кіршіксіз қалпын жоғалтпауын тілейді. Осы тұста шығармадағы ағалық мейірім мен адамдық парасат айқын көрінеді.

Жазушының суреткерлік қуаты – осы табиғилықта. Бір романға жүк боларлық ойды бірнеше бетке сыйғызу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Әсіресе шынайы сезімді шағын ғана әңгімеге шымыр қылып беру оңай шаруа емес. «Менің қарындасым» – сол Сайынға тән мөлдірліктің алғашқы сәулелерінің бірі. Шынтуайтында, Сайын – сыршыл. Сайын – лирик. Оның әңгімелерінің құдіреті де осында.

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Жүректе қалған жаңғырық

Мөлдір сезім, мөлтек хикая

12.09.2026
Бала қауіпсіздігі – баршаға ортақ

Бала қауіпсіздігі – баршаға ортақ

12.09.2026
«Күмәнді пенальти». «Жетісу» соңғы минутта жеңілді

Қырсық бір айналдырса… «Жетісудың» айыппұлы өсіп барады

12.09.2026
Көптен күткен  жол жаңаруда

Көптен күткен жол жаңаруда

12.09.2026
Жетісуда «Шаңырақ шаттығы» кешінде жас отбасылар марапатталды

Жетісуда «Шаңырақ шаттығы» кешінде жас отбасылар марапатталды

12.09.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.