Талдықорған: +7°C
$ 452.91
€ 509.43
₽ 5.53
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Назарбаев естелік кітабына шетелдік баспагерлер қызығушылық танытып жатқанын айтты

13 желтоқсан 2023
КҮНДЕРЕК
Назарбаев естелік кітабына шетелдік баспагерлер қызығушылық танытып жатқанын айтты
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, «Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа» атты естелік кітабына шетелдік баспагерлер қызығушылық танытып жатыр.

Нұрсұлтан Назарбаев «Астана клубының» жетінші отырысына қатысты. Іс-шара барысында Назарбаев халықаралық қатынастар, санкция, климаттың өзгеруі және ядролық қауіп туралы айтты.

«Жалпы, осы онжылдықтарда Қазақстанда дағдарыстарды шешудің көптеген табысты кейстері жинақталды. Бұл кездесуде барлығы жайлы айту мүмкін емес. Қазақстанның соңғы 30 жылдағы сыртқы саясаты туралы желтоқсан айының басында шыққан менің естеліктерімнен толық біле аласыз.

Кітап үлкен қызығушылық тудырды және оны ағылшын тіліне аудару туралы шетелдік баспагерлерден ұсыныстар келіп түсуде. Жақын арада кітап әлемдік аудиторияға қолжетімді болады деп ойлаймын», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Экс-президент тағы не туралы айтты. Саясаткер ядролық қауіп пен әлемнің болашағына алаңдайтынын мойындады.

«Біз ядролық апатқа бұрынғыдан да жақынбыз. Мұндай регрессия мені ерекше алаңдатады. Өйткені біздің еліміз ядролық қарусыздану ісіне үлкен үлес қосты. Жаһандық деңгейде саяси ерік-жігерсіз бұл салада елеулі прогреске қол жеткізу мүмкін емес», – деп атап өтті спикер.

Назарбаев 2019 жылдың наурыз айында Қазақстан Президентінің өкілеттігін өз еркімен тоқтатып және қазір ешқандай қызмет атқармайтынын еске салды.

«Бірақ бүкіл саналы өмірін өз еліне қызмет етуге арнаған адам ретінде мен әрқашан балаларымыз бен немерелеріміз өмір сүретін әлемнің жағдайы мен болашағы туралы алаңдайтын боламын», – деп түйіндеді Қазақстанның экс-президенті.

Материал: kursiv.media-дан алынды

Фото: kaz.nur.kz/Ардақ Құлтай

Қатысты жаңалықтар

Жетісу мен Литва: ынтымақтастық көкжиегі кеңейеді

Жетісу мен Литва: ынтымақтастық көкжиегі кеңейеді

Бүгін, 16:28
Кербұлақта жас сарбаздарды әскер қатарына шығарып салды

Кербұлақта жас сарбаздарды әскер қатарына шығарып салды

Бүгін, 16:01
Талдықорғанда «ақылды» жаяу жүргіншілер өткелі орнатылады

Талдықорғанда «ақылды» жаяу жүргіншілер өткелі орнатылады

Бүгін, 15:05
Депозиттерге салық салынады деген ақпарат – жалған

Депозиттерге салық салынады деген ақпарат – жалған

Бүгін, 14:52
Балқаш пен Алакөлге 11 млн балық шабағы жіберіледі

Балқаш пен Алакөлге 11 млн балық шабағы жіберіледі

Бүгін, 12:54

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.