Талдықорған: +29°C
$ 464.02
€ 536.18
₽ 5.54
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қоражайда ырысың, мұражайың кім үшін?

16.03.2025
КҮНДЕРЕК
Қоражайда ырысың, мұражайың кім үшін?
WhatsAppTelegramFacebook

Адам баласы өз туған елінің түп тарихын, мәдениетін білуі қажет. Сан ғасырдан шеру тартып келген көш-керуен дүниедегі ұлы құндылықтарды құнттай білу ләзім. Дегенмен күйбең тірлікпен күн өткерген бүгінгі қоғамдағы замандастар мен жас ұрпақтың аяқ алысына қарасаңыз, ел танымындағы ұлы дүниелерді ұғымға қондыру емес, ақша табу, жан бағу басты орында секілді көрінеді. Бұл тұрғыда айтылар сөздің арнасын сан түрлі мысалмен мазмұнды етуге болатынын да жасыра алмаймыз. 

Мәдени өмірімізде олқы түсіп жатқан кемшіліктерді сараптап, негізгі дүниелерді астарлап өтуді мақсат тұтқан бұл жобамыздың, яки «Ойталқы» айдарына арқау болған «Жәрмеңкеде шырқалған ән немесе қара базардағы қазақ өнері», «Қазақ балалар драматургиясы немесе шабан аттың аяңы» деген тақырыптарда ән мен драматургия хақында толғанған едік. Сол уақытта да ел руханиятының түп қазығы саналған тарихымыздың ақтаңдақ беттерінен ақпар бере отырып негізгі мәселенің мәніне сана жетелеткенбіз. Қарқара жәрмеңкесі мен бүгінгі қара базардағы ән айту, өнер адамдарын бағаламау немесе орыс ертегілерін сахналаудан аспаған қазақ драматургиясының жайы секілді кемшіліктер көңілге кірбің ұялатады. Сол көңіл терезесіне қырау қатырған мәселенің бірі – мұражайдан қоражайды биік қоюымыз.

Мақаланың әлқисасында тарих пен дәстүрлі өмірді, құндылықты һәм мәдениетімізді барынша жетік білуіміз қажет деп ой толғадық. Оны біліміміздің жетілгенінен немесе мәдени өмірді барынша нұрлы еткен адам ретінде айтып отырғанымыз жоқ.

Хош, айтар ойдың астарына үңілген оқырман алдында ақталмай-ақ қоялық. «Менде Абай мен Мұхтардың (Әуезов) тілі бар» деген Мұхтар Мағауин секілді толғансақ, біздің бойымызда бір адамның қауашағына дарыған тарих пен мәдениеттің өзіндік қоры бар екенін жасырмаймыз. Бұл ретте замандастардың кейбірі мәдениеттің бір бөлшегі саналған мұражайларға өмірінде бір мәрте болсын ат ізін салмағаны қынжылтатынын қаттырақ толғай кеткіміз келеді. Оған да себеп болған Алаш арысы, Ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның: «Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт, өзінің тарихын ұмытқан ел – қайда жүріп, қайда тұрғандығын, не істеп, не қойғандығын білмейді, келешекте басына қандай күн туғанына көзі жетпейді», – деген пікірі екенін айшықтап өту ләзім.

«Түрік баласы» атты бүркеншік атпен жазылған «Қазақ тарихы. Сөз басы» атты бұл мақалада Әлихан Бөкейхан: «Осы күнде істеп жүрген ісіміз, қылған жұмысымыз, мінез-құлқымыз, сөздің бəрі кейінгілерге тарих болып қалады. Бұрынғының тарихы жазылмай қалушы еді, ендігі тарих күні-күніменен жазылып тұрылады. Кейінгілер ғибрат аларлық үлгі тастап кетіп алғыс алармыз ба? Жоқ, далаға лағып, жөнсіз кетіп қарғыс-лағынет аламыз ба? Кеудесінде көзі бар адам көп ойланарлық жұмыс», – деп тағы бір ой тастайды. Осынау мысал еткен қос сөйлемге сана жетелетер болсаңыз, адам өмірінің түпкі мәні мен мазмұнының бай болуы, тағдырдың көркем құрылуына өз тарихының, танымының тереңдене түсуі айтарлықтай ықпал ететінін көреміз. Абайдың: «Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел» дегеніндей, біз де өркениетке бет алған тұста жаппай мәдениетке, ұлттық құндылыққа мойын бұруымыз керек екенін аңдаймыз.

Иә, тарихсыз түбің мен түбіріңді білу мүмкін емес. Тарихсыз адам – тұл. Ал бүгінде қаншама адам ата тарихын білмей күн кешуде. Тарихында қанша хан болғаны, олардың қай кезеңде билік құрғаны мектеп бағдарламасымен бірге тамамдалып жатқаны жасырын ба? Бұл орайда күллі тарих пен мәдениеттің алтын қоры, негізгі арнасы ретінде мұражайларды, музейлерді қарастыруға негіз бар. Өкінерлігі сол, мұражайға барушылар қатары халық санына шаққанда жоқтың қасы екенін жасыра алмаймыз.

Жетісу облысы бойынша негізгі орталық мұражай – М.Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі. Жарты ғасырдан астам тарихы бар мәдени ошақтың Абай көшесіне орын тепкенінің өзіне биыл аттай 45 жыл толып отыр. «Ғылыми-зерттеу және жинау», «Ғылыми-қор», «Ғылыми-экспозиция», «Көпшілік-ағарту», «Баспасөз жұмысы» секілді бес бағыт бойынша қызмет ететін мұражайға келушілердің саны жылға шаққанда шамамен 12 мыңды әрең құрайды. Ал енді осы жерден қандай ой түюге болады? Жетісу облысы бойынша халық саны шамамен 800 мыңға жуық десек, тұрғындарымыздың 5-6 пайызы ғана мәдени ошаққа ат басын бұрады екен. Яғни, бір өңірдің халқы өз өлкесінің тарихын, тамырын, негізгі құндылықтарын білуге, жәдігерлер сақталған мәдени ошаққа баруға селқос қарайды деп айта аламыз.

Шындығында «Жетісудың табиғаты», «Жетісудың көне және ортағасырлық тарихы», «ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ халқының мәдениеті мен тұрмысы», «Жетісу Кеңес дәуірі кезеңінде», «Тәуелсіз Қазақстан» секілді 5 бөлімнен тұратын мұражайда сан рет болғанбыз, рухани шараларға қатысқанбыз. «Музей түні» секілді мұражайдың қыр-сырына қанық қылар шараларда негізінен мәдениет қызметкерлері, өнерге жақын адамдар мен зиялы қауым жүргенімен  қарапайым жандарды ұшырата қоймаймыз. Аталған шараның ауқымы кең болғанымен адам аяғы сирек болатынын да жасырып қалу қиын. Міне, бұл біздің бүгінгі ахуалымыз, рухани деңгейіміз.

Адам өз тарихын, мәдениетін жетік білген жағдайда ғана бойына отансүйгіштік, ұлтжандылық қасиет қалыптастыра алса керек. Жас ұрпақ тәрбиелеп, оны ұлттың болашағы деп білетін халық ретінде біз мектеп жасындағы балаларды да жиі мұражайға апарып, ондағы ұлы мұралармен таныстыруымыз керек. Жоғарыда атап өткендей, 5 бөлімнен тұратын, Жетісудың табиғатын, көне және орта ғасырлардағы тарихынан сыр шертетін, Кеңес дәуіріндегі жылнамалардан ақпар беретін тәуелсіз Қазақстан шежіресін назарға ұсынатын мұражай кім үшін керек? Мұражайға қарағанда төрт түлігі жетілген қора-жайы құнды болып тұрған заманда тірлік кешіп жатқандай көрінетініміз де жасырын емес.

М. Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінде 25 мыңға жуық жәдігер бар. Музейдің негізгі анықтамасына сүйенсек: «Жыл сайын негізгі қор музейлік маңызы бар құнды заттармен толықтырылып тұрады. Бүгінде музей қорында мемлекеттік есептегі 25 627 бірлік музейлік зат пен коллекция бар. Олардың ішінде 11 519-ы негізгі қорды құрайды. Мұның 2000-нан астамы экспозицияға қойылған», – делінген. Ал Негізгі қордан бөлек, 14 мыңнан астам қосымша қордың барын да қаперге алайық. Осындай елдің, бір өңірдің тарихы мен шежіресін, ондағы тұлғалардың тағдырын, ғасырларын көз алдымызға алып келер осынша көл-көсір байлық һәм қорды біз неге назардан тыс қалдыруымыз керек? Ойланарлық сауал.

«Бұрынғының «не ексең – соны орарсың» деген сөзінің терең мағынасы осы. «Құдай не жазса – соны көрерміз» деу соқырлықтың белгісі, тағдырда жазғаны болар деу – ақымақтықтың белгісі. Шөнкі (!) адам нені тілесе, Құдай соны тағдыр қылмақшы.

Тікен еккен жерге бидай шықпақшы емес, ағаштың тамырына балтаның жүзі тисе – құрымақшы», – депті сонау 1913 жылдың бір мезгілінде қолына қалам алған Әлихан Бөкейхан тарих пен таным, ел жайлы толғана отырып. Рас, жазмыштың жазылуы Тәңірден, оны жөндеу мүмкін емес деген сананың кемшін түскен байламымен күн кешуге болмайды. Күнделікті несібені күнде беретін жомарт Жаратушының адам өмірін өзгертуге толықтай мүмкіндік бергені аян. Біз де тіршіліктің қым-қуыт шаруасымен жүріп, ұрпақты «асыраушы» ғана болуымыз қателік емес пе? Біз  ұрпақты ұлық етіп «тәрбиелеуші» екенімізді де санадан шығармауға міндеттіміз. Бұл орайда елдің тарихын, мәдениетін, тұлғалар мен сол жердегі табиғаттың тұмсалығынан, байлығынан сыр шертетін мұражайларға да көңіл бөлуге тиіспіз.

М. Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейіне қарасты облысымызда 12 мұражай бар. Мұның бәрі өлке мен өңір тарихынан сыр шертетін, елдің тауанды шежіресін айғақтар жәдігерлерге толы. Бір ғана М. Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейіндегі ақпарға сүйенсек: «Музей қорына Жетісу өлкесінің табиғи байлықтары, флорасы мен фаунасы туралы, археологиялық құндылықтар, қазақ халқының тұрмыстық заттары, қолданбалы өнер туындылары, халық ақындары, батырлары, мемлекеттік қайраткерлер, тарихи оқиғалар жайлы материалдар жинақталып келеді», – делінген. Ал мұндағы сирек қорда б.д.д. ІІІ-ІІ ғасырларға жататын, бүйірі сыртқа шығыңқы, дөңес күйінде құйылған қола қазанды,  ел басына екіталай күн туғанда етігімен су кешкен атақты Балпық бидің дулығасын, ХІХ ғасырдың аяғында жасалған ағаш төсек немесе жүк аяқты, ұлттық операмыздың ең ғажабы саналған «Біржан-Сара» жазылған М. Төлебаевтың пианиносын көруге болады. Міне, осындай ғажайып мұраларымыз сақталған мұражайға бармауымыз, ел болып ойланар дүние деп білеміз. Кәсіби білікті мамандар, ел руханиятына жаны ашитын музей қызметкерлері еңбек етіп жатқан мұражай – елдің ертеңі үшін, қоражайдағы ырысыңыз бүгін үшін керек екенін қаперде ұстаңыз, алдияр оқырман!

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

 

Қатысты жаңалықтар

Өндірісті дамыту мәселелері талқыланды

Өндірісті дамыту мәселелері талқыланды

17.08.2026
Қорытынды сауалнама: қазақстандықтардың 73,1%-ы сайлауда дауыс беруге дайын

Қорытынды сауалнама: қазақстандықтардың 73,1%-ы сайлауда дауыс беруге дайын

17.08.2026
Биылғы сайлау науқаны саяси бәсекенің жаңа кезеңін айқындады

Қоғамдық сұраныстан туған үдеріс

17.08.2026
ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК-ның қолданыстағы ішкі құжаттарына өзгерістер енгізу туралы

ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК-ның қолданыстағы ішкі құжаттарына өзгерістер енгізу туралы

17.08.2026
Ауыл жағдайы айтылса

Ұстаздың азаматтық ұстанымы

17.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.