«Әділет» партиясының Жетісу облыстық сайлауалды штабының өкілдері «Талдықорған жылу сервис» мекемесінің еңбек ұжымымен кездесті.
Басқосу барысында жергілікті өндірісті дамыту, кәсіпорындардың технологиялық мүмкіндіктерін арттыру, инвестиция тарту және жаңа өндірістік жобаларды іске қосу мәселелері талқыланды.
Кездесуде өндіріс орындарының тұрақты жұмыс істеуі мен олардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызы сөз болды. Заманауи технологияларды енгізу, өндірістік қуаттарды жаңарту және кәсіпорындардың техникалық мүмкіндіктерін кеңейту еңбек өнімділігіне де, өңір экономикасының дамуына да әсер ететіні атап өтілді. Сонымен қатар инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қолайлы жағдай қалыптастыру мәселесі қозғалды. Жаңа өндірістердің ашылуы қосымша жұмыс орындарын құруға, жергілікті кадрлардың жұмыспен қамтылуын арттыруға және өңірдегі экономикалық белсенділікті күшейтуге мүмкіндік береді.
Кездесу барысында еңбек ұжымының пікірі мен ұсыныстары да тыңдалды. Қатысушылар өндіріс саласындағы өзекті мәселелерді ортаға салып, кәсіпорындардың әлеуетін тиімді пайдалану жолдарын талқылады.
Өндірісті жаңғырту, инвестициялық жобаларды қолдау және жергілікті кәсіпорындардың мүмкіндігін кеңейту – өңірдің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ететін маңызды бағыттардың бірі.





