Талдықорған: +26°C
$ 465.08
€ 536.52
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Орындалған арман

13.08.2026
КҮНДЕРЕК
Орындалған арман
WhatsAppTelegramFacebook

Жандос Берікқанұлы Лепсі ауылдық округіне қарасты Көкжиде ауылында дүниеге келген. 2016 жылы Ерікті орта мектебін тамамдаған. Отбасындағы төрт баланың үлкені. Үш қарындасына сүйеу. Әкесі Берікхан Мағзұмов ұзақ жыл ветеринар болып еңбек етсе, анасы Динара Дүйсембекова балабақшада тәрбиеші. Жандостың мамандық таңдауына отбасындағы адал еңбекке деген құрмет әсер еткен. Еңбекке жауапкершілікпен қарау, бастаған істі соңына дейін жеткізу, адамдарға пайдасын тигізу Жандостың бойына отбасындағы тәрбиеден сіңген.

– Бала кезімнен сурет салғанды, бір нәрсенің сызбасын жасағанды ұнататынмын. Құрылыс саласы қызығушылығымның бәріне жол ашатынын түсіндім. Мұнда есеп, дәлдік, логика да рөл ойнайды, – дейді ол.

Жас маман Алматыдағы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясына түсіп, «Құрылыс» мамандығы бойынша жоғары білім алып шықты. Алайда оның кәсіби жолы диплом алғаннан кейін емес, студент кезінен басталған. 2019 жылы «Construction» акционерлік қоғамына инженер-құрылысшы болып жұмысқа орналасып, өндірістің қыр-сырын іс жүзінде меңгере бастады. Арматура орнату, монолитті жұмыстар, қалып құрастыру, құрылыс материалдарын қабылдау, атқарылған жұмыстардың талапқа сәйкестігін тексеру жас маманның тәжірибесін ұштады. Жұмыс барысын назарда ұстап, материалдың сапасын қадағалап, жобалық құжаттаманы мұқият оқу қателесудің алдын алады: Жандос осы талаптардың бәрін тәжірибе арқылы меңгерді. Кейін төрт жылдан астам уақыт «Sunkar» ЖШС-де еңбек етті. Одан соң «Etasa» компаниясында прораб қызметін атқарды. Осылайша ол қарапайым инженерден тәжірибелі маманға, одан бөлімше басшысына дейінгі жолды біртіндеп жүріп өтті. Қазір оның құрылыс саласындағы еңбек өтілі жеті жылдан асты. Өткен жылдың ақпан айынан бастап «Нұр-Шапағат Құрылыс» компаниясының ұйымдастыру мен бақылау жұмысына жауап береді. Бүгінде ол туған ауылы Лепсідегі аурухананың күрделі жөндеу жұмысын жүргізуде. Бұл медициналық мекеме тек Лепсі тұрғындарына ғана емес, Көкжиде, Көктөбек, Мұқан Төлебаев ауылының және маңайдағы теміржол разъездерінің тұрғындарына да қызмет көрсетеді. Сондықтан аурухананың жаңаруы – ауыл халқы үшін аса маңызды. Мұндай нысанда жұмыс істеу бөлімше басшысына үлкен міндет жүктейді. Құрылыс жұмыстарының жобаға және белгіленген талаптарға сәйкестігін қадағалау, нысанды мерзімнен кешіктірмей қолданысқа беру назарынан тыс қалмауы тиіс. Жандос үшін бұл нысанның тағы бір ерекшелігі бар. Ол мұнда өз ауылдастарының игілігіне жұмыс істеп жүр. Ауруханадан ем алатын адамдардың арасында туыстары, таныстары, ұстаздары бар.

– Өз ауылыңда жерлестерің үшін жұмыс істегенде жауапкершілік ерекше сезіледі. Барлығы сапалы әрі берік болғанын қалайсың. Өйткені бұл аурухана халыққа бір-екі жыл емес, ұзақ уақыт қызмет етуі керек, – дейді Жандос.

Бүгінгі құрылысшының жұмысы бұрынғыдай тек қол еңбегімен шектелмейді. Қазір маман арнайы бағдарламалармен жұмыс істей білуі керек. Жандос та күнделікті қызметінде «AutoCAD», «MS Project» секілді бағдарламаларды меңгерді. Есеп-қисап жүргізу, жұмыс кестесін жасау, құрылыс барысын жоспарлау – оның күнделікті міндетінің бірі. Жас маман өзінің бойындағы басты қасиет – жауапкершілік, ұқыптылық, уақытты бағалау, ұсақ-түйекке дейін мән беру және үнемі іздену екенін айтады.

Кеше ғана студент болған жас жігіт алдымен қарапайым жұмыстарды меңгерді. Тәжірибе жинады. Қателіктерден сабақ алды. Өздігінен шешім қабылдауды үйренді. Уақыт өте келе өзгелердің жұмысын ұйымдастыратын деңгейге көтерілді. Құрылысшының еңбегі осындай. Бір қарағанда, оның жұмысы – кірпіш қалау, қабырға тұрғызу, терезе орнату секілді көрінуі мүмкін. Ал шын мәнінде құрылысшы елдің ертеңіне қызмет ететін нысандарды дүниеге әкеледі. Мектеп, аурухана, тұрғын үй, жол – барлығы да маңдайдан сорғалап аққан термен тұрғызылады. Әсіресе ауылдық жерлерде жас мамандардың еңбек етуі үлкен мәнге ие. Туған жерден түлеп ұшып, білім алып, тәжірибе жинап, қайтадан елге қызмет ету – кейінгі жастарға үлгі. Алдында әлі талай құрылыс нысаны, күрделі жоба, жаңа міндеттер күтіп тұр. Бірақ оның кәсіби іргетасы қазірдің өзінде қаланды. Оның негізі – сапалы білім, жеті жылдан астам еңбек тәжірибесі, маңдай тер және әр істің нәтижесіне жауап бере білу арқылы қаланды.

Жандос Тұрсынханның сызба сызудан басталған бала күнгі қызығушылығы туған жеріндегі маңызды нысанның жаңаруына үлес қосуға ұласты. Жандосқа және оның әріптестеріне еңбектеріне береке, қолға алған жұмыстарына сапа, жаңа жобаларына сәттілік тілейміз. Елге қажет нысандарды тұрғызып, туған жерінің өркендеуіне үлес қосатын жас мамандар көбейе берсін.

Гүлжан ТҰРСЫН

Қатысты жаңалықтар

Кедендегі кездесу

Кедендегі кездесу

13.08.2026
«Әділет» партиясы Жетісу облысының кәсіпкерлерімен және шаруаларымен кездесті

«Әділет» партиясы Жетісу облысының кәсіпкерлерімен және шаруаларымен кездесті

13.08.2026
Сүйсіндірген сарқырама

Сүйсіндірген сарқырама

13.08.2026
Балаңыз мектепке дайын ба?

Балаңыз мектепке дайын ба?

13.08.2026
Биылғы сайлау науқаны саяси бәсекенің жаңа кезеңін айқындады

Тарихи белес

13.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.