Талдықорған: +21°C
$ 469.93
€ 541.64
₽ 5.71
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қара өлеңнің Қастегі

09.08.2026
КҮНДЕРЕК
Қара өлеңнің Қастегі
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақ әдебиетінде есімі сирек аталатын, шығармалары ұмытыла бастаған қаламгерлер аз емес. Солардың бірі – ақын, публицист Қастек Баянбай. Биыл тірі болғанда тоқсан жасқа толар еді. Бар ғұмырын қазақ баспасөзіне арнап, газет-журналдардың қара нарына айналған қаламгер соңына мол әдеби мұра қалдырды. Өкінішке қарай, бүгінгі оқырманның дені сол байлықтың қадіріне толық жете алмай келеді.

Ақын шығармашылығының шоқтығы биік дүниелерінің бірі – 1996 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген «Құс сүті» атты жыр жинағы. Екі жүз елу беттен асатын бұл кітапқа өлеңдер, толғаулар, дастандар топтастырылған. Абайдың «жұп-жұмыр тегіс келген айналасы» деген бағасына дәл келетін, басынан соңына дейін бір деммен оқылатын сирек жинақтың бірі десек, артық айтқандық болмас.

Әрине, бір мақаланың көлемінде ақынның тұтас шығармашылығын таразылау мүмкін емес. Әйтсе де кітаптың алғашқы бөліміндегі «Боз қағаз» өлеңі Қастек Баянбайдың ақындық әлеміне жол ашатын туынды.

Аспан айғыз, жер жалбыз,
Келемін жел өтінде.
Құдай жалғыз, мен жалғыз,
Боз қағаздың бетінде…

Осы төрт тармақтың өзінен-ақ ақынның жалғыздықты, өмірді, шығармашылықты қалай қабылдайтыны аңғарылады. Боз hәм ақ қағазбен бетпе-бет қалған қаламгердің ішкі әлемі оқырманды бірден өзіне тартады.

Әр кітаптағы барлық өлең бірдей деңгейде болуы шарт емес. Дегенмен жинақтың 31-бетіндегі «Менің анам» атты туынды қазақ поэзиясындағы ең шынайы әрі ең мұңды шығармалардың қатарына қосуға әбден лайық.

Биыл анам елу беске толады,
Бірақ мені иіскеп көрген жоқ әлі, – деп басталатын осы екі жолдың өзінде тұтас бір қазақы өмір салты жатыр. Ақынды ата-әжесі бауырына басып өсірген. Анасы тірі болса да баланы құшақтап еркелетуге, маңдайынан иіскеуге қазақы таным мүмкіндік бермеген. Келіннің өз баласына деген мейірімі сыртқа шықпай, үлкеннің алдында тежеліп отырған кезеңнің көрінісі бұл. Сондықтан ақын:
Маңдайымнан сипай қалса не бәрі,
Кешпес күнә жасағандай болады, – дейді.
Бұл жерде ана мейірімінің жоқтығы деуге келмейді. Керісінше, қазақы тәрбиенің қаталдығы суреттеледі. Ана жүрегі баласына елжіреп тұр. Бірақ әжесі мен атасы көз алдында тұрғандай именеді. Бар болғаны маңдайдан сипаудың өзі оған үлкен ерсі қылық болып көрінеді.

Өлеңнің келесі шумақтары бүтін бір дәуірдің трагедиясын алға тартады.
Жас еді ол бақыт құсы басында,
Қара мұртты әкем барда қасында.
Қырық бірінші жыл әкелді жесірлік,
Дәл қазіргі келінінің жасында.
Мұнда енді тұтас ұлттың қасіреті жатыр. Мұқағали «қарғыс атқыр қандыбалақ соғыс!» деп атаған сұрапыл жылдар Қастек Баянбайдың анасын да жастай жесір қалдырды. Әкесі майданнан оралмады. Одан әрі ананың мінезі даралана түседі.
Көңіл сынып, көнерсе де көйлегі,
Қайсар анам қайғылы емес, ойлы еді.
Ауылдағы ақсақалдар мадақтап,
«Жер қозғалса қозғалмайтын» дейді оны.
Жесірліктің тауқыметін тартса да мойымаған қазақ әйелінің бейнесі осы. Көнерген көйлек, сынған көңіл болғанымен рухы сынбаған. Ел қадірлеген, ауыл ақсақалдары өнеге еткен ана тұлғасы көз алдыңа келеді. Бірақ өлеңнің ең әсерлі тұсы – әже бейнесі.
Бауырына ерте сіңіп әжемнің,
Ана сүтін өзгелерден аз емдім.
Маған деген кеңшілігі керемет,
Мен әжемнің сонысына разы едім…
Қазақтың қара шаңырағындағы әжелердің мейірімі дәл осындай болатын. Баласының әр еркелігін көтеріп, бас бұзар бұзықтығын кешіріп, немересін төбесіне көтеретін кеңдік осы жолдардан анық сезіледі. Тіпті ақын:
Алғаш шылым шеккенімді көргенде,
«Балам жігіт бопты» деді қуанып… – деп жазады.
Қазіргі өлшеммен қарасақ, мұны түсіну қиын. Бірақ бұл қазақы таным. Әженің ойынша, немересі азамат болып ержетті. Сондықтан оны жазалаудың орнына өскеніне қуанады. Ал анасы мүлде басқа мінезде.
Қылығыма күннен-күнге асырған,
Анам мені сипамады басымнан.
«Көк түтінде күнің бар ма?!» деп ұрысты,
«Көксау болғың келді ме?» деп жасыңнан…
Мұнда ананың қамқорлығы жатыр. Ана ұрсады, өйткені жаны ауырады. Баласының денсаулығын ойлайды.
Кейін ақын жігіттік кезеңін де бүкпесіз баяндайды.
Жөн айтатын анам түгіл ауылға,
Әжем мені мақтап тұрса, жауым ба?
Арақты да татып көрдім бір күні,
Жігіт болып қосылдым деп қауымға… Иә, әженің түсінігі бойынша арақ – еразаматтың ермегі:
Әжем ойынша арақ ердің ермегі,
Ішкенімді және теріс көрмеді.
«Ішіңді өртеп кетеді ғой» деп анам,
Бұл жолы да бізге шырай бермеді, – деп қарсы шығатын тағы да анасы.
Осылайша ақын бір үйдің ішінде екі түрлі тәрбиенің, екі түрлі мейірімнің қатар өмір сүретінін көрсетеді. Бірі – еркелетеді. Екіншісі – жөнге салады.
Өлеңнің шарықтау шегін соңғы бөлімде:
Бұрын-соңды үлкен сөзін кім бұзды,
Әжем мені өз бетімен жүргізді.
Келін керек дей берген соң бір күні,
Көрші ауылдан алып келдім бір қызды, – дейді ақын. Үйленіп, отау көтерген ақын әке атанып, бір үйдің азаматына айналған.
Маңдайымнан бір сүймеген сол ана,
Мейірімін төкті менің балама.
Күні бойы соны ғана аймалап,
«Жібермеймін» дейді сонау қалаңа.
Баяғы қатал көрінген ана енді әже болған. Өз ұлына көрсете алмаған мейірімін немересіне төгеді. Бұл – қазақ шаңырағындағы өмірдің заңдылығы. Бір кезде баласын иіскеуге именген ана немересін құшағына басқан.
Ал ақынның соңғы шумағы тіпті жүректі шымырлатады.
Балам болып алданышы, ермегі,
Өзімізге онша көңіл бөлмеді.
Кім біледі, немересін сүйгенде,
Сол арқылы сүйе ме екен ол мені?!
Осы төрт жол – бүкіл өлеңнің түйіні. Ақын анасынан көрмеген мейірімді немересіне қарап сезінеді. Анасының немересін аймалаған сайын «мені де осылай сүйген шығар?» деген үмітке жабысады. Мұндай психологиялық дәлдік қазақ поэзиясында сирек ұшырасады.
Иә, «Менің анам» – ешқандай жасандылыққа сүйенбеген шығарма. Мұнда пафос жоқ, қолдан құрастырылған сезім жоқ. Бар болғаны – өмірдің өз шындығы. Сондықтан ол жүрекке жетеді.
Осындай шығармаларды оқыған сайын бір сауал мазалайды. Неге біз шынайы поэзия жасаған, қазақтың жандүниесін дәл бейнелеген ақындарды кейінгі буынға кеңінен таныта алмай жүрміз?
Қастек Баянбай өлеңдері уақыт озған сайын құнын жоғалтпайды. Керісінше, жылдар өткен сайын тереңдей түседі.

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Қара өлеңнің Қастегі

Қара өлеңнің Қастегі

09.08.2026
Сашка бәрін біледі

Сашка бәрін біледі

09.08.2026
Тағдыр табыстырған

Тағдыр табыстырған

09.08.2026
Ұлттық құрамда жаңа бапкер

Ұлттық құрамда жаңа бапкер

08.08.2026
Балуаннан балуан озар белдескенде

Балуаннан балуан озар белдескенде

08.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.