Талдықорған: +21°C
$ 469.93
€ 541.64
₽ 5.71
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Сашка бәрін біледі

09.08.2026
КҮНДЕРЕК
Сашка бәрін біледі
WhatsAppTelegramFacebook

Әр ауылдың өзіне ғана тән болмысы, өзіне ғана жарасқан тұрғындары болады. Олар биік мінберден сөйлеп, үлкен лауазым иеленбесе де елдің ортасында жүріп-ақ көптің құрметіне бөленеді. Ондай жандардың қадірін ауылдастары жақсы біледі. Өйткені олардың еңбегі күн сайын көз алдында, көмегі әр шаңырақтың тіршілігінде көрініс табады.

Үшбұлақ ауылының таңы өзгеше атады. Көкжиектен көтерілген күн шапағы қоңыр төбелерді қызғылт сәулеге бөлеп, түнгі шыққа малынған шөптердің бетін аймалап өтеді. Ауыл тіршілігі де сол күнмен бірге оянады. Бір үйден сиыр мөңіресе, бір үйден трактордың дауысы естіледі.

Таң әлетінде малды өріске жіберіп, таңғы шайларын ішкен соң күнделікті әдеттерінен жаңылмаған үш қария Мәдениет үйінің алдындағы орындыққа кеп жайғасты.
– Көлігімнен біртүрлі дыбыс шығып жүр, – деді бірі.
– Өзің қарадың ба?
– Жоқ.
– Онда Сашкаға көрсет. Ол табады.
Қарияның жауабы қысқа болды. Бұл мекендегілердің аузынан жиі шығатын бір есім бар. Ол – Сашка!
– Сашкаға апар…
– Сашка қарап береді.
– Сашка біледі.
Осы сөздер Үшбұлақта әлдеқашан үйреншікті тіркеске айналған.

Бағанағы ақсақал айтып ауыз жиғанша болған жоқ, Сашка да олардың жанына маң-маң басып келіп амандық сұрасты. Көп ұзамай шаң көтеріп ескі мотоцикл келіп тоқтады. Тізгіннен түскен жігіт ағасы жымиып келіп:

– Сань, шөп шабатын техниканы бір қарап жібересің бе? Тағы да қырсығып тұр, – деді.
– Кешке кел, көрерміз, – деп жауап қатты Александр.

Оның үні сабырлы шықты. Дауысынан да, жүрісінен де, қимылынан да асығыстық байқалмайды. Бірақ ауыл адамдары жақсы біледі: егер Сашка «көрерміз» десе, міндетті түрде көреді. Ол осы уақытқа дейін ешкімнің өтінішін аяқасты қалдырған емес.

Біреудің тракторы бұзылады. Екіншінің электр жарығы сөніп қалады, қақпасы қисайып кетеді. Келесі үйдің үйіндегі құбыры қатып қалады. Сонда ауыл тұрғындары ең әуелі соның үйіне барады. Өйткені ол «жоқ» деп айтуға үйренбеген адам.

Александр Безродныхтың тағдыры да ауылдың ескі жолдарындай бұралаң. Ол әке мейірімін көрмеген. Жеті жасында анасынан айырылып, балалық шағының аспанын ерте бұлт торлады. Тағдыр оны жетімдікпен ерте таныстырды. Сол кезде Үшбұлақтағы әжесі немересін бауырына басты. Әжесінің ақ жаулығы мен мейірімге толы алақаны Александрдың бүкіл балалық әлеміне айналды.

Кейін есейген шағында ол сол күндерді жиі есіне алатын. Егер әжесі болмағанда өмірі қай арнаға бұрылар еді?! Мұны өзі де білмейтін. Бірақ бір нәрсе анық. Ол – адамды адам ететін мейірім екендігі. Сондықтан болар, бүгінде көмек сұрап келген жанды кері қайтаруға дәті бармайды. Жастайынан техникаға әуес болды. Темірдің тілін түсінуге тырысты. Трактордың гүрілінен қорықпады. Қозғалтқыштың дыбысын тыңдап-ақ қай жері сыр бергенін аңғаратын қасиет бойына ерте дарыды.

Жылдар өтті. Әскерге барды. Трактор, комбайн жүргізді. Механизатор болды. Егістік басында күнге қақталды. Сан рет жаңбыр астында қалды. Аязға тоңды. Бірақ еңбектен қашпады. Сол еңбектің арқасында темір атаулы оның сенімді серігіне айналды.
Қазір ауылдастары әзілдеп:

«Сашка жөндей алмайтын техника әлі шығарылған жоқ», – дейді.

Шынында да оның шеберханасына кірген жан әртүрлі бөлшекті, темір сайманды, дәнекерлеу аппаратын көреді. Бірақ Александрдың өзі үшін олардың бәрі жансыз темір еместей. Әр бөлшектің өз орны бар. Әр механизмнің өз сыры бар. Ал сол сырды ұғу үшін сабыр керек.

Қазір ол ауылдық Мәдениет үйінде күзетші болып жұмыс істейді. Күндіз-түні ғимараттың амандығына жауап береді. Қыста пештің қызуын қадағалайды. Бірақ ауылдастары оны күзетші ретінде емес, ең алдымен қолынан іс келетін азамат ретінде таниды. Оның ең үлкен марапаты да сол шығар?! Өйткені халықтың сенімінен асқан сый жоқ қой.

Александр кейде кешкілік ауласына шығып, аспанға ұзақ қарайды. Жұлдыздар жымыңдайды. Алыстан пойыздың дауысы жетеді. Сол сәтте ол өмір жолын ойлайды. Маңдай термен өткен жастық шағын. Өзі тәрбиелеп өсірген ұлын. Қазір ержетіп, өз жолын тапқан немересін. Осының бәрін ойлаған сайын жүрегіне бір жылы сезім ұялайды.

Өмір оған көп нәрсені тегіннен-тегін берген жоқ. Бірақ одан адамдық қасиетін де тартып ала алмады. Үшбұлақта жұрт оны кейде «Александр» деп атайды. Кейде «Викторович» дейді. Бірақ көпшілік үшін ол бәрі-бір – Сашка. Қарапайым ғана есім. Алайда сол есімнің артында тұтас бір өмір бар. Еңбекпен өрілген өмір. Адалдықпен көмкерілген өмір. Көпке жақсылық жасаудан жалықпаған жүрек бар. Сондықтан ауыл қариялары әлі күнге дейін бірауыз сөзбен оның бүкіл болмысын сипаттайды.

– Сашканың білмейтіні жоқ…

Ал бұл сөз – халықтың жүрегінен шыққан ең шынайы баға еді.

Медет ЖҰМАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Сашка бәрін біледі

Сашка бәрін біледі

09.08.2026
Тағдыр табыстырған

Тағдыр табыстырған

09.08.2026
Ұлттық құрамда жаңа бапкер

Ұлттық құрамда жаңа бапкер

08.08.2026
Балуаннан балуан озар белдескенде

Балуаннан балуан озар белдескенде

08.08.2026
Жетісуда биыл 3300-ден астам жаңа пәтер беріледі

Жетісуда биыл 3300-ден астам жаңа пәтер беріледі

08.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.