Талдықорған: +32°C
$ 456.89
€ 531.36
₽ 5.32
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қараталдың «Ақ маржаны»

10.09.2026
КҮНДЕРЕК
Қараталдың «Ақ маржаны»

energyprom.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Облыста егін жинау науқаны жоспарлы түрде жүргізілуде. Бүгінге дейін дәнді дақылдар егілген алқаптың 223,6 мың гектары немесе 76,7 пайызы орылып, 478,9 мың тонна астық бастырылды. Орташа өнімділік гектарына 21,4 центнерді құрап отыр. Атап айтқанда, 88,6 мың гектар бидай мен 1,5 мың гектар сұлы алқабы толық орылып бітті. Майлы дақылдар егілген 105,2 мың гектар алқаптың 4 мың гектары орылып, 3,5 мың тонна өнім жиналды. Орташа өнімділік гектарына 8,8 центнерден айналды. Жиналған өнімнің 178,3 мың тоннасы  бидай, 291,3 мың тоннасы  арпа. Сонымен қатар 5,9 мың тонна дәндік жүгері, 30 тонна күріш және 2,8 мың тонна сұлы бастырылды.

Қаратал ауданында ауыл шаруашылығын дамытуға, егістік алқаптарды тиімді пайдалануға және су үнемдеу технологияларын енгізуге ерекше көңіл бөлініп келеді. Биыл аудан бойынша егістік көлемі 22 111 гектарды құрады.Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Ілияс Саяқбаевтың айтуынша, қазіргі міндет егістік көлемін ұлғайту ғана емес, жер мен су ресурстарын тиімді пайдаланып, әр гектардан алынатын өнім көлемін арттыру.

– Аудан шаруашылықтары дәнді және майлы дақылдармен қатар қант қызылшасын, күріш, картоп, көкөніс, бақша және мал азығы өнімдерін өсіреді. Кейінгі жылдары шаруалар заманауи агротехнологияларды енгізуге, техника паркін жаңартуға және су үнемдеу тәсілдерін пайдалануға ден қойып келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады, – дейді Ілияс Саяқбаев.

Бөлім басшысының айтуынша, биыл ауданда 7905,2 гектарға дәнді дақыл себілген. Оның 751 гектары күріш.

Қаратал ауданының табиғи жағдайына бейімделген төл дақылдарының бірі – күріш. Ақ маржан өсіруді ауданның ауыл шаруашылығы саласындағы өзіндік бренді деуге болады. Өңір шаруалары күріш өсірудің қыр-сырын жылдар бойы меңгеріп, қалыптасқан тәжірибені қазіргі технологиялармен ұштастырып келеді.

Алайда кейінгі жылдардағы су тапшылығы күріш шаруашылығына да әсерін тигізбей қойған жоқ. Суды көп қажет ететін дақыл болғандықтан аудандағы күріш алқаптарының көлемі біртіндеп қысқарды. Сондықтан бүгінгі жағдайда күріш алқабын негізсіз кеңейту емес, қолда бар жер мен суды ұтымды пайдаланып, әр гектардан мол өнім алу маңызды.

Осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізіп отырған шаруашылықтың бірі Үштөбе қаласындағы «Опытное» өндірістік ауыл шаруашылығы кооперативі. Аталған кооператив 1997 жылғы 23 сәуірде құрылған. Бүгінде кооперативтің жалпы жер көлемі 2463,20 гектарды құрайды. Оның 1707,15 гектары егістік алқап. Шаруашылықта 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Ал егіс және егін жинау науқанында түрлі жұмысқа жегілетін еңбеккерлердің саны оданда көп болады. Биыл кооператив 334 гектарға күріш, 428 гектарға жүгері, 159,6 гектарға күнбағыс және 140 гектарға арпа еккен. Бұдан бөлек мал азығына арналған көпжылдық шөп өсіріледі.

Шаруашылық басшысы Ержан Қайсановтың айтуынша, өндірістегі негізгі мақсат дақылдардың егістік көлемін көбейте беру емес, әр гектар жерді тиімді пайдаланып, өнімділікті арттыру.

– Әр дақылды агротехникалық талаптарға сай күтіп-баптап, егілген өнімді ысырапсыз жинап алуға күш салып жатырмыз, – дейді кооператив басшысы.

Егін шаруашылығында жұмыстың уақытылы әрі сапалы атқарылуы техниканың жағдайына тікелей байланысты. «Опытное» кооперативінің материалдық-техникалық базасында барлығы 38 ауыл шаруашылығы техникасы мен агрегаты бар. Бұл техникалар жер жырту, тұқым себу, егістікті күтіп-баптау, күрішті дестеге түсіру, астықты бастыру, тазалау және тасымалдау жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.

– Жыл басынан бері күріш өсіру жұмыстарына 20-ға жуық техника жұмылдырылды. Олардың арасында бұрыннан қолданыстағы және жаңадан сатып алынған техникалар бар. Биыл төрт жаңа техника алдық. Жыл сайын «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы техника паркін кезең-кезеңімен жаңартып келеміз. Қазір егін жинау науқанына қажетті техникаларымыз сақадай сай, – дейді Ержан Закерұлы.

Шаруашылық басшысының сөзінше, техника паркін жаңарту егістіктегі қол еңбегін азайтып қана қоймай, жұмыстың сапасы мен қарқынын арттыруға мүмкіндік берген. Әсіресе күріш шаруашылығында әрбір агротехникалық шараны белгіленген мерзімде орындаудың маңызы зор.

 «Опытное» кооперативі биыл күріш өсіру технологиясын жетілдіруге ерекше назар аударған.

– Күріш өсіруде мол тәжірибе жинаған қызылордалық мамандарды арнайы шақырдық. Солар ұсынған бағдарлама бойынша жұмыс жүргіздік. Тұқым себу, суару, минералды тыңайтқыштарды пайдалану және егістікті күтіп-баптау жұмыстарының барлығы белгіленген тәртіппен атқарылды. Қазіргі болжамымыз бойынша әр гектардан орта есеппен 4,5 тонна өнім аламыз деп отырмыз, – дейді шаруашылық басшысы.

Күріш шаруашылығы үшін судың уақытында және жеткілікті мөлшерде берілуі шешуші маңызға ие. Өткен жылы кооператив бір айға жуық су тапшылығын сезініп, күрішті күтіп-баптау кезінде қиындыққа тап болған. Ал биыл мұндай жағдай қайталанбаған.

– Өткен жылы бір айдай су жетпей, біраз қиналып қалған едік. Биыл су тапшылығын сезінген жоқпыз. Су қажетті мөлшерде беріліп, күріштің қалыпты өсіп-жетілуіне мүмкіндік жасалды. Соның нәтижесінде егістіктің жағдайы жақсы. Ендігі міндет  піскен өнімді уақытында жинап алу, – дейді Ержан Қайсанов.

 «Опытное» кооперативі 7 қыркүйектен бастап күріш ору науқанына кірісті. Күріш жинау жұмыстары бірнеше кезеңнен тұрады. Алдымен пісіп тұрған күріш орылып, дестеге түсіріледі. Дән қажетті деңгейде кепкеннен кейін комбайндармен жинау және бастыру жұмыстары басталады.

 «Опытное» кооперативі өнім өндірумен қатар, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып отырған маңызды шаруашылықтың бірі. Мұнда механизатор, комбайншы, жүргізуші, су маманы, агроном және басқа да сала қызметкерлері еңбек етеді.

Науқан кезінде әр жұмысшыға нақты міндет жүктеліп, егінді белгіленген мерзімде жинап алу үшін барлық мүмкіндік қарастырылады. Шаруашылықтың техника паркін жаңартуы еңбек өнімділігін арттырып, жұмысшылардың ауыртпалығын азайтуға да ықпал етуде.

Қараталдың «ақ маржаны» аудан халқының ұзақ жылдар бойы қалыптасқан еңбек дәстүрінің жемісі. Бүгінде сол дәстүр заманауи техникамен, ғылыми негізделген агротехнологиялармен және тәжірибелі мамандардың білімімен толығып келеді.

Қажет АНДАС

Қатысты жаңалықтар

Тарихтан тағылым, жаңашылдыққа бағыт

Тарихтан тағылым, жаңашылдыққа бағыт

10.09.2026
Шекара шебіне шақырады

Шекара шебіне шақырады

10.09.2026
Талдықорған мен Үштөбені жалғайтын жол жаңартылды

Талдықорған мен Үштөбені жалғайтын жол жаңартылды

10.09.2026
Су үнемдеудің тиімді үлгісі

Су үнемдеудің тиімді үлгісі

10.09.2026
Қараталдың «Ақ маржаны»

Қараталдың «Ақ маржаны»

10.09.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.