Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қазақстанда ипотека мөлшерлемесі не себепті төмендемейтін болды?

25 маусым 2025
КҮНДЕРЕК
Қазақстанда ипотека мөлшерлемесі не себепті төмендемейтін болды?

baq.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанда 16 маусымда төмендеуі тиіс болған ипотека мөлшерлемесі туралы қаулы биылғы қарашаға дейін уақытша тоқтатылды. Тәжірибе көрсеткендей Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұрын-соңды мұндай маңызды шешімнің күшін кері қайтармайтын. Не себепті қазір ипотека мөлшерлемесі түспейтін болды? 

16 маусымда елдегі екінші деңгейлі банктер беретін ипотека мөлшерлемесі 25%-дан 20%-ға дейін төмендеп, алайда ертеңгі күні шешім уақытша күшін жойып, тек 1 қарашада қайта енгізілетін болды. Бұл тиісті банкер арқылы үйлі боламын деген азаматтар мен тұрғын үй нарығы сарапшыларының арасында сұрақтар туғызды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) бұл шешімді «банктерге жүйелерін баптауға, ипотека шарттарын қайта қарауға, ішкі құжаттар мен жарнаманы жаңартуға дайындалу үшін уақыт беру мақсатында жасалып отыр» деп түсіндірді.

Экономист Айбар Олжайдың айтуынша, ҚНРДА-ның алғашқы иптотека мөлшерлемесін түсіру бойынша шешімін банктер аса қолдамаған болуы мүмкін.

Екінші деңгейлі банктер ашық қарсы шықпаса да, көптеген банктер ипотека беруді техникалық үзілістермен байланысты тоқтата бастады. Сондықтан бұл норманы күзге дейін кейінге қалдыруды дұрыс деп ойлаймын. Банктер оған дейін толық дайын болады, – деді сарапшы.

Десе де банктердің алды ипотека мөлшерлемелерін азайтуды бастаған болатын. Мәселен, Altyn Bank Біртұтас сыйақы мөлшерлемесі – 18%, ЖТСМ (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі) 19,6% болып белгіледі. Бұған дейін онда мөлшерлеме 15%-дан 21,5%-ға дейін (ЖТСМ 20,8%-дан 24%-ға дейін) аралығында болатын. Ал Halyk Bank пен Банк ЦентрКредит бір уақытта ипотекалық несиелеу бойынша өтінімдерді уақытша қабылдауды тоқтатқанын жариялаған еді.

Экономист Расул Рысмамбетовтың қаржы агенттігінің өз шешімін уақытша тоқтатуын макроэкономикадағы үдерістермен байланыстырды.

Менің ойымша, ең алдымен шынымен де жаңа келісімшарттар қажет. Сонымен қатар ипотекаға мақұлдау алу – тұтынушылық несие секілді тез процесс емес. Сондықтан кейбіреулер қазір мақұлдау үдерісінде, кейбір келісімшарттар жасалып қойған, шарттар өзгеріп отыруда тұрақтылық бар. Сондықтан ҚНРДА пайыздық мөлшерлемені төмендетуді ұсынып отырған болар. Дегенмен, шын мәнінде біздің макроэкономикамызда белгілі бір деңгейде болжап алмайтын жағдайлар бар, бұл – инфляция, теңге бағамы және тағы басқалар. Яғни тұрақсыздық бар. Сол себепті де ҚНРДА үзіліс алып, жағдайды қайта қарап, банктерге бейімделуге уақыт беріп отыр, — дейді ол.

Экономист ипотека мөлшерлемесін төмендету үшін өз ұсынысын айтты.

Ипотекалық пайыз мөлшерлемесі өзгермелі, ол базалық мөлшерлемеге байланысты болуы керек. Көптеген елдерде осылай жасалады. Бұл – нарық пен банктердің бағаны өздері анықтауы үшін. Ақшаның құны сирек өседі, керісінше егер базалық мөлшерлемеге байланысты болса мұндай жағдайда ипотека пайызы төмендейді, – деді Расул Рысмамбетов.

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының мәліметінше, елде ипотека беру сиреген. 2025 жылдың бірінші тоқсанында жаңа несие беру көлемі 5,7%-ға азайып, 390 млрд теңгені құрады. Алдыңғы тоқсанда бұл көрсеткіш 413 млрд теңге болған.

Дәстүрлі түрде несиелердің негізгі бөлігін «Отбасы банк» берген. Алайда банк қаңтар-наурыз айларында ипотека беруді 10,4%-ға азайтып, 225 млрд теңгеге дейін төмендеді. Бұл депозиттер бойынша мемлекеттік сыйақының кеш төленуімен байланысты болып, салдарынан клиенттер жаңа несиеге өтініштерін тек тоқсан соңында бере бастады.

Осы жағдай аясында коммерциялық банктер беретін несиелердің үлесі артты – 2024 жылғы 31%-дан 36%-ға дейін. Бұл соңғы 8 жылдағы ең жоғары көрсеткіш.

Дереккөз: BAQ.KZ

Қатысты жаңалықтар

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Бүгін, 20:12
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

Бүгін, 17:00
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

Бүгін, 16:20
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Бүгін, 15:19
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

Бүгін, 15:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.