Қазақстандықтарды қазан айында қосымша демалыс күні күтіп тұр. Бұл Республика күніне байланысты, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
2026 жылғы мерекелер мен демалыс күндерінің күнтізбесіне сәйкес, Республика күні 25 қазан, жексенбіге түседі. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мереке демалыс күніне сәйкес келген жағдайда, демалыс күні келесі жұмыс күніне ауыстырылады.
Осылайша, бес күндік жұмыс аптасында еңбек ететіндер 24, 25 және 26 қазанда демалады. Республика күніне арналған қосымша демалыс 26 қазан, дүйсенбіге ауыстырылады.
Жалпы қазан айында бес күндік жұмыс аптасымен жұмыс істейтін қазақстандықтар 10 күн демалады.





