Қазақстанда Денсаулық сақтау министрлігі кейбір ауыр және созылмалы дерттермен ауыратын азаматтар үшін тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізімін кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл туралы 7-su.kz ақпараттық порталы хабарлайды.
Ведомство ұсынған амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жобасына сәйкес, емдеу процесіне үш жаңа дәрілік препаратты енгізу көзделген. Олар келесі диагноздары бар пациенттерге арналған:
-
лимфоидты, қан түзуші және соған жақын тіндердегі қатерлі ісіктер (оның ішінде апластикалық анемия мен иммундық тромбоцитопения);
-
онкологиялық аурулар;
-
псориаз.
Жоба тиімді және заманауи терапияға қолжетімділікті арттырып, ауыр дерттермен күресіп жатқан азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл бастама созылмалы және онкологиялық аурулары бар пациенттер үшін медициналық көмектің сапасын арттыруға үлкен үлес қосады.