Талдықорған: +19°C
$ 463.41
€ 546.27
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қоқысқа тұншыққан Шымбұлақ

Қорықпайсыз ба? Кімнен һәм неден? Өзіңізден! О, тоба, о заманда бұ заман адам өзінен қорқушы ма еді, адамнан қорықпау керек, Құдайдан қорық! Қорықпайсыз ба? Құдай адам етіп жаратты, адамдықтан ада болуға қорықпайсыз ба? Айналаға жауыздықпен қарауға, тілі жоқ бола тұра тіршілікке тамырымен, тырнағымен жабысқан тірілердің тынысын тарылтуға, тұрмысқа қажетсіз бола тұра өлтіруге қорықпайсыз ба? Арланбайсыз ба? Адамды адам етер иманы мен санаға жиғаны емес пе? Осынша пәлсапаны неге сапырдық? Неге адамтану ғылымына сонша үңілдік? Оған себеп бар, құлақ түрсеңіз.

25.11.2025
КҮНДЕРЕК
Қоқысқа тұншыққан Шымбұлақ

Жұмабай МҰСАБЕКОВ

WhatsAppTelegramFacebook

Жалпы қазаққа Құдай бәрін берген. Ештеңеден тар етпепті. Түрлі табиғи белдеуі бар, суы бар, нуы бар, тау мен тасы, теңізі мен көлі, шөлі бар ұлан-ғайыр атырапты сый еткен. Аспанын ашық, жер астына байлықты мол ғып берген. Сахарада орналасқан не мәңгілік мұзға құрсанған елдермен салыстырғанда қазақтың бес елі бағы бар. Сол баққа сай алты елі соры тағы бар. Соры – сол қолда барды алтындай қадірлей алмайтын әдеті. Оған тағы көз жеткіздік. «Жетісу жер жаннаты» деп баба жұрт тегін айтпаса керек. Жеті өзеннен нәр алған киелі мекеннің бір пұшпағы Қапал екен. Сол топырақта тіршілікке қан тамырындай нәр сепкен «Шымбұлақ» атаулы тұма бар. Бұлақ дейікші. Құдайдың құдіретімен бүлкілдеп тау жынысынан шығып, біраз атырапқа қуат беріп тұр. Мақтауын бізге дейін талай жазушы мен ақын суреттеп тастаған болар, бүгінгі хәлін баяндайық. Қараса көз тояттайтын сұлу сайда жылғалап аққан Шымбұлақтың қазіргі күйі кеуде тұста бір өксік туындатады.

Саялай келген жолаушыға қуат сыйлайтын орын жылап тұр. Айтарға тілі болмаған соң іштей бұлап тұр. Шоқан «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ» деген еді ғой. Бұламай ше? Арнасын қоқыс толтырып тұр. Жүргінші тастаған ұсақ қоқыс емес. Арасында сәбилердің дәрет жаялығы, қаптаған полиэтилен пакет, сусын қалбырлары, 50 келілік қоқыс толы қап, жазуы табиғаттың күшімен өңе бастаған қағаз да бар. Әрісі қашан аршылғаны белгісіз картоп пен пияздың қабығы да жатыр мұнда. Елді мекенге де жақын емес, Қапал мен Көшкенталдың тұрғындары тастады деуге ауыз бармайды. Дегенмен, картоп суда тұрмаса қарайып кетуі табиғатынан, ал мұндағы қабық қараймаған. Құдды осы маңда тамақ істеген бе дерсің. Тіпті, дәрігер ем-домы жазылған қағаз да табылады. Бізге беймәлім 1969 жылы туған «Жүнісоваға» берілген дәрігер рецепті де жатыр. Пошта қызметінің жабыны да толып жатыр бұл маңда. «Асел. Б» (аты-жөні осылай жазылған кісіге поштадан, пиндуодуодан алынған заттардың сыртқы жабыны) сынды тұрғын тұтынған затының жабынынан аяқ алып жүру мүмкін емес. Қоқысын тастаған жұрт жануарын да әкеп тастапты мұнда. Ар мен намысы өлген жұрт өзі асырағанды аясын ба? Қапалдан 5-6 шақырымда қоқыс жағалап қаңғыбас ит те жүр. Жылмаңдап жылулық іздеген итақай жолаушының аяғына оралады келіп.

Шымбұлақ басындағы қоқыстың көптен алынбағанын да аңғару қиынға соқпайды. Кей қоқыстың өңі қашқан. Демек, мұнда ұзақ жатты деген сөз. Мемлекет басшысы еліміздің туризм әлеуетін дамытуды тапсырғанын ескерер ме екенбіз?! Табиғаты саф алтындай жарқырап тұрғанымен турист түгілі сол маңның тұрғыны жиіркене һәм күйінішпен қарайтын Шымбұлақтың жайы Ақсу ауданы әкімдігінің назарына шын ілінбей тұр ма? Көркемдігі көз тояттататын бұлақ басының туристерге алыстан менмұндалайтын әлеуеті бар. Қоқысын тазартса, бұлақ көзін аршыса, маңайындағы бар инфрақұрылымды қалыпқа келтірсе жетіп жатыр емес пе? Әлде, ақсулық әкімдіктегілер өздерінен жоғары лауазымдылардың көзіне түспегесін «айқайыңнан ойбайым тыныш» деп отыр ма? Бәлки, Ақсу ауданының Шымбұлағы біреу емес, бірнешеу шығар?! Шынында мұндағы жағдай «қайсы біріне үлгерейін» деген пиғылдан туғандай. Әлде, бұл орынға бейжай қарай ма? Онда олардың есіне биыл ғана Ескелді ауданы халқымен кездесуде облыс әкімі Бейбіт Өксікбайұлы айтқан сөзді салайық, «Құзыреттілер мемлекеттің жұмысын жекенің, яғни өзінің жұмысындай істеуі керек», – деген еді ол.

Аудан әкімдігі Қапалдағы Шымбұлақтың маңайын тазартар, қираған қоқыс тастайтын жәшіктер қайта қалпына келтірілер, қаңғыған ит те арнайы орынға жеткізілер. Әрине, біз жазғаннан кейін. Дегенмен, табиғатты бұлай қорлауға сол маңның тұрғындары да, сол маңнан өткен жолаушы да жол бермеуі тиіс. Білесіз бе, Фукусимо АЭС-інде апат орын алған соң зардабын жоюға жастар емес, 60 жастан асқан зейнеткерлер өз еркімен атсалысыпты. Радиация зардабын тартқан адам 10-15 жылдың көлемінде қауіпті ауруға шалдығуы мүмкін. Осы жайды ескерген қариялар «ұрпағымыз үшін құрбанбыз» деп қарекетке көшкен екен. Жапондардан үлгі алсақ нетті? Құрбан болмайық, дейтұрғанмен Құдай сый еткен табиғатты ұрпаққа бүлдіріп қалдырмасақ екен!

Дастанбек САДЫҚ

Қатысты жаңалықтар

«Seitkhan Cup» турнирі: «QAREKET» үздік үштікте

«Seitkhan Cup» турнирі: «QAREKET» үздік үштікте

07.05.2026
«Turgyndar amanaty» жобасы таныстырылды

«Turgyndar amanaty» жобасы таныстырылды

07.05.2026
Құрылысы қарқынды, сәулеті келісті

Құрылысы қарқынды, сәулеті келісті

07.05.2026
Ел қорғаған егіздер

Ел қорғаған егіздер

07.05.2026
Қапалдағы волейболдан облыстық турнир

Қапалдағы волейболдан облыстық турнир

07.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.