Талдықорған: +35°C
$ 473.59
€ 544.68
₽ 5.94
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қыз қадірі қай деңгейде?

02.08.2026
КҮНДЕРЕК
Қыз қадірі қай деңгейде?
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақ халқы ғасырлар бойы қыз тәрбиесін ұлт тәрбиесімен сабақтастырып, «Қыз – өріс, ұл – қоныс» деген тағылымды қағиданы ұрпақ санасына сіңіріп келеді. Бұл – қыз баланы ардақтап, оның бойына адамгершілік пен ұлттық құндылықтарды дарытудың өміршең үлгісі.

Қыз бала – отбасының ғана емес, елдің абыройы. Сондықтан халқымыз қызды мәпелеп өсіріп, оның тәрбиесіне ерекше жауапкершілікпен қараған. «Қызға қырық үйден тыйым» деген ұғым қыздың еркіндігін шектеу үшін емес, оның ар-ұяты мен абыройын қорғау, ұлттық болмысын сақтап қалу мақсатында қалыптасты. Осы арқылы қыз баланың әрбір ісі мен сөзіне, жүріс-тұрысына, әдебі мен тәрбиесіне бүкіл ел болып мән берген.

Қазақ қызына тән ізеттілік, ибалылық, қарапайымдылық, кішіпейілділік, үлкенді құрметтеу, кішіге қамқор болу сынды қасиеттер – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан тәрбиесінің жемісі. Тарих беттерінде есімі алтын әріппен жазылған Домалақ ана, Айша бибі, Қарашаш ана, Құртқа, Айман сынды аналар мен арулар даналығымен, парасатымен, елдік мүддеге адалдығымен кейінгі ұрпаққа өлшеусіз өнеге қалдырды. Олар қазақ әйелінің қоғамдағы орны тек отбасының шеңберімен шектелмейтінін, ұлттың тағдырына да ықпал ететінін дәлелдеді.

Қазіргі жаһандану дәуірінде ұлттық тәрбиенің маңызы бұрынғыдан да артып отыр. Ақпарат ағыны күшейген сайын жастардың санасына түрлі көзқарас пен өмірлік ұстаным әсер етуде. Өкінішке қарай, кей жағдайда ұлттық болмысқа жат құндылықтар сәнге айналып, ана тілінен, салт-дәстүрден, ұлттық мәдениеттен алыстауға себеп болып жатады. Бұл – уақытша құбылыс емес, қоғам назарын талап ететін өзекті мәселе.

Әрине, заман көшінен қалмай, білім мен ғылымды игеру – бүгінгі жастың басты міндеті. Алайда жаңашылдыққа ұмтыламын деп ұлттық тамырдан ажырауға болмайды. Қазақ қызы ең алдымен өз тілін құрметтеп, ұлттық тәрбиені бойына сіңіріп, әдебі мен мәдениетін сақтай білсе, оның беделі де, қоғамдағы орны да биіктей түседі. Себебі ұлттық құндылықтарды сақтау – өткенге байланып қалу емес, болашаққа нық қадам басудың кепілі.

Халқымыз «Анасын көріп – қызын ал» деп бекер айтпаған. Себебі бүгінгі тәрбиелі қыз – ертеңгі парасатты ана, саналы ұрпақтың тәрбиешісі. Ұлттың рухани тұтастығы да, отбасының берекесі де, қоғамның ізгілігі де қыз тәрбиесімен тығыз байланысты.

Ләззат МҰХАМЕДЖАН,
Жетісу университетінің студенті

Қатысты жаңалықтар

Жастарға серпін берген

Жастарға серпін берген

02.08.2026
Құрылтай – ұлтты ұйыстыратын ұлы дәстүр

Құрылтай – ұлтты ұйыстыратын ұлы дәстүр

02.08.2026
Қыз қадірі қай деңгейде?

Қыз қадірі қай деңгейде?

02.08.2026
Қаланың қанатты тұрғындары

Қаланың қанатты тұрғындары

02.08.2026
«Құдайдың барына қайтіп  сенемін?..»

«Құдайдың барына қайтіп сенемін?..»

02.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.