Талдықорған: +10°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

САЙЫН МҰРАТБЕКОВТІҢ 85 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ӘДЕБИ БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАНДЫ

18 қазан 2021
КҮНДЕРЕК
САЙЫН МҰРАТБЕКОВТІҢ 85 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ӘДЕБИ БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАНДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Жазушы Сайын Мұратбековтің 85 жылдық мерейтойына орай «Жусан иісі» атты әдеби байқау жарияланды. Байқаудың толық ережесі төмендегідей:

1.Жалпы ережелер

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы Сайын Мұратбековтің 85 жылдығына орай С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы мен «Janr» Жетісу әдеби клубы Алматы облысы Ескелді ауданы әкімдігінің қолдауымен «Жусан иісі» атты әдеби байқау өткізеді.

2.Байқаудың мақсаты

1) Қазақ әдебиетіне өшпес із қалдырған қаламгерді еске алу;
2) Жазушының шығармашылығын насихаттау;
3) Жас қаламгерлердің шеберлігі мен шығармашылық қабілетін шыңдау әрі оларды ынталандыру; 
4) Әдеби процеске серпін беру.

3.Байқаудың  шарттары

1) Байқау бір номинация (әңгіме жанры) бойынша өтеді.
2) Байқауға 18 жастан асқан барлық авторлар қатыса алады.
3) Байқау еркін тақырыпта өтеді. Бірақ әдепсіз сөздері бар, тәрбиелік құндылығы төмен, басқа бір адамның, ұлттың ар-ожданына нұқсан келтіретін шығармалар жіберілмейді. 
4) Байқауға бұрын бәйгеге түсіп, жүлде алған шығармалар мен газет-журналдарда жарияланған әңгімелер қатыстырылмайды.
5) Шығарманың көлемі 30 (А4 нұсқасында, 14 шрифт, Times New Roman шрифі) беттен аспауы шарт.
6) Автор байқауға жіберген шығармасына авторлық құқықтың бар екеніне кепілдік береді. Әрі шығармаларының БАҚ, жинақтарда, ғаламторда, әлеуметтік желіде жариялауына рұқсат береді. Ұйымдастырушыға қандай да бір қаржылық талаптарды қоюдан бас тартады.
7) Шығармалар қазылар алқасының сараптауынан өтеді. Жазушының стиліне, шығарманың көркемдік ерекшелігі мен мазмұнына баса мән беріледі. 
8) Шығармалар 2021 жылдың 15 қазанынан бастап, қараша айының 15 жұлдызына дейін қабылданады. Байқаудың қортындысы жеңімпаздарға арнайы хабарланып, әлеуметтік желіде жарияланады.
9) Байқауға ұсынылатын шығармалар oqy_zaly@mail.ru электронды почтасы арқылы қабылданады. Бір автор бір шығарма ұсынуға құқылы. Автор бәйгеге қосқан шығармасымен бірге өзі туралы толық мәлімет беруі керек (аты-жөні, қызметі, тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефоны).
10) Байқау жеңімпазы мен жүлдегерлері арнайы дипломдар мен ақшалай сыйлыққа ие болады. Олар марапаттау салтанатына келіп-кету шығындарын өз мойнына алады.
11) Байқауда барлығы үш орынға жүлде тігіледі. Қосымша ынталандыру сыйлықтары тағайындалады. 1-орын 300 000 тг; 2-орын 200 000 тг; 3-орын 150 000 тг.

12) Байқаудың жеңімпазы мен жүлдегерлері туралы ақпарат кітапхананың интернет ресурстарында орналастырылады.

Туындаған сұрақтар бойынша  төмендегі телефонға хабарласуға болады: Әмина АДАЙХАН, 8 775 651 92 68.

Қосымша: өтінім үлгісі

№ Аты-жөні Туған айы, күні, жылы Тұрғылықты жері Шығарманың аты

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Үшарал қаласында 7 көпқабатты үйдің қасбеті жөнделеді

Үшарал қаласында 7 көпқабатты үйдің қасбеті жөнделеді

30 қазан 2026
Мәдени мұра және жасанды интеллект: Минскіде қазақстандық мамандар тәжірибе алмасты

Мәдени мұра және жасанды интеллект: Минскіде қазақстандық мамандар тәжірибе алмасты

30 қазан 2026
Талдықорғанда жаңа оңалту орталығы ашылады

Талдықорғанда жаңа оңалту орталығы ашылады

30 қазан 2026
Алакөл ауданында «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді

Алакөл ауданында «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді

30 қазан 2026
Қорғаныс министрі зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларын қабылдады

Қорғаныс министрі зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларын қабылдады

30 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.