Талдықорған: +15°C
$ 444.40
€ 488.97
₽ 5.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Сарқандық шаруалар қант қызылшасын жинауды аяқтауға жақын

11 қараша 2025
КҮНДЕРЕК
Сарқандық шаруалар қант қызылшасын жинауды аяқтауға жақын

kyrgyzkorm.kg

WhatsAppTelegramFacebook

Сарқандық шаруалар қант қызылшасын жинауды аяқтауға таяды.

Биыл Сарқан қаласы бойынша 147 шаруа қожалығы егін шаруашылығымен айналысты. Соның ішінде 8 шаруа қожалығы қант қызылшасын өсіруге ден қойып, жалпы 585 гектар жерге тәтті түбір дақылын екті. Бүгінде шаруалар өнімнің жартысынан астамын «Ақсу қант» зауытына өткізді. Зауыттың мәліметінше, осы күнге дейін Сарқан қаласы бойынша 9315 тоннаға жуық қант қызылшасы қабылданған. Жалпы биылғы ауа райы мен топырақ жағдайы қант қызылшасының жақсы өнім беруіне оң әсерін тигізді.

Шаруалар өз еңбектерінің жемісін көріп, маусымдық жұмыстарды аяқтап қалды. Өнімді тасымалдау жұмыстарына 38 жүк көлігі тартылып, тәулік бойы іс атқаруда. Шаруалардың айтуынша, күз айларында ауа райы егін жинауға қолайлы болғанымен қараша айының басынан бастап күн суыта бастады. Осыған байланысты шаруалар бағалы дақылды қар түспей жинап алу үшін тынымсыз еңбек етуде. Қазіргі таңда қала аумағында қазылмаған балтамырдың көлемі – 60 гектар.

Қалған шаруалар өнімдерін толық қазып, бурттарға (сақтау орындарына) жинап қойды. Қала аумағындағы шаруалар күздік бидай себуді толық аяқтады. Қала әкімдігінің бас маманы Тілеужан Әскербектің сөзінше, биыл 22 шаруа қожалығы жалпы 1194 гектар егістікке күздік бидай еккен. Ауыл шаруашылығы мамандарының айтуынша, «Стекловидный» сорты Сарқан өңірінің табиғи жағдайына бейім, өнімділігі жоғары болғандықтан шаруалар дәл осы сортты таңдаған. Қант қызылшасын жинау мен күздік бидай себу науқандарының сәтті аяқталуы – диқандардың еңбексүйгіштігі мен табиғатқа бейімделе еңбек етуінің айқын көрінісі.

Жақсылық ЖОМАРТҰЛЫ
Сарқан ауданы

Қатысты жаңалықтар

Негізгі Заңда жеке деректерді қорғау мен ауыл бюджетін арттыру мәселелері бекітілді

Негізгі Заңда жеке деректерді қорғау мен ауыл бюджетін арттыру мәселелері бекітілді

Бүгін, 09:18
Ғалымдар қатерлі ісікті гендік деңгейде анықтап, жасушалық өнімдер әзірлеуде

Ғалымдар қатерлі ісікті гендік деңгейде анықтап, жасушалық өнімдер әзірлеуде

Бүгін, 09:07
150 адамға арналған инклюзивті спорт кешені салынуда

150 адамға арналған инклюзивті спорт кешені салынуда

16 қараша 2026
Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

16 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

16 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.