Талдықорған: +12°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«СӘБИ БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ»: БҮГІН — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ

1 маусым 2020
КҮНДЕРЕК
"СӘБИ БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ": БҮГІН - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ
WhatsAppTelegramFacebook

«Сәби болғым келеді, сәби болғым», – деп Мұқағали ақын жырлағандай, әр адамның бала болып қала бергісі, бір сәт балалық шаққа қайта оралғысы келетін кезі жиі болады. Өйткені, ата-анаңның құшағында алаңсыз өткен балалық шақ – адам өміріндегі ең бір қайталанбас ыстық кезең.

Одан кейін дүниеге сәби әкеліп, оның тәттілігін сезінгенде өмірдің мәнін түсінесің. Мынау жарық әлемге не үшін келіп, кім үшін тіршілік кешіп жүргеніңді ұғынасың. Міне, әрбір ата-ана жүрегінде алғаусыз сезімді оятқан бала – бауыр етің, жан шуағың, барың мен нарың. Әрбір ата-ана баласын, ата-әже немересін өмірдегі ең асылға балап, қолындағы бар жақсысын беруге тырысады.

Әке-шешенің бақыты – балаларының қас-қабағында. Солар ойнап-күліп, мәз болып жүрсе, күн нұрын айрықша төгіп тұрғандай әсерге бөленері анық. Ал бала үшін ата-ананың жылы алақаны, ыстық құшағынан артық пана жоқ. Әке-шеше мейіріне қанып, шуағына бөленіп өскен бала өмірдегі ең бақытты балдырған.

Бүлдіршіндерге ерекше қуаныш, бақыт сыйлайтын мерекенің бірі – Халықаралық балаларды қорғау күні. Жылда 1 маусым күні аталып өтілетін мереке – ең шуақты мейрам деуге болады. Өйткені, бұл күні балаларға ерекше қамқорлығымызды танытып, оларды мейлінше бақытты етуге, қуантуға тырысамыз.

АЛТЫН ҰЯМ

Әулетіміз ибалы жұрт дарадан,

Сыйластықпен бір-біріне қараған.

Мақтан тұтам отбасымды бірлікті,

Мұрат атты атамыздан тараған.

 

Әкем менің әділ адам қымбатты,

Ал, анашым сұлу жүзді, сымбатты.

Айбол ағам қамқор маған әрдайым,

Еркетайы мен боламын ең тәтті.

 

Үлгі-өнеге алып келем әкемнен,

Мен үшін деп бәрін-бәрін әперген.

Алтын анам, жан жетпейді өзіңе,

Бар тәттісін маған жиып әкелген.

 

Отбасым – алтын ұям, бесігім,

Әрқашан да айқара ашар есігін.

Парызым бар маған өмір сыйлаған

Көкке жазам әкем, анам есімін!

Нұрбол МҰРАТОВ,

«Жас ақын» үйірмесінің қатысушысы

Оқушылар сарайы

Лағым

Аппақ, аппақ лағым,
Сүп-сүйкімді лағым.
Сүт іше ғой, кішкенем,
Сені сипап тұрамын.

Айзада ТҰРҒАНБАЕВА,

№14 орта мектеп-гимназиясының 2-сынып оқушысы

Талдықорған қаласы

Биыл елімізді жайлаған коронавирустық жұқпаға орай бұл мерекені ел көлемінде тойлау мүмкін болмаса да, әрбір отбасы балаларын қуантып, шаңырағында қызықты етіп ұйымдастыруына, тәттіге толы шағын дастарқан жасауына болады емес пе? Өмірдің қызығы мен шыжығы, гүлі мен нұры, көзіміздің ағы мен қарасы балапандарымызды еркелетіп, бар жақсылықты жолдарына тосып қуантқанға не жетсін?!

Бала қуанса, әлем шаттық-нұрға бөленеді. Балапандарымызды мәз қылып, осы күні естен кетпес сәт сыйлауды ұмытпайық. Ең басты сыйлық – ата-ананың шексіз махаббаты. Кішкентай бүлдіршіндеріміздің мұңайып, жылап, үлкендердің қаталдығын көріп, сәбилер үйін жағалауына еш уақытта жол бермейік. Олардың әр күнін бақытты етуге тырыссақ, ертеңгі күніміздің де жарқын болары сөзсіз. Өйткені, бала –  өміріміздің жалғасы, үкілеген үмітіміз, еліміздің ертеңі мен сенім артқан болашағы.

Алма ЕСЕНБАЕВА

Қатысты жаңалықтар

Өркендеудің өзегі

Көңіл тоғайтатын құжат

7 қараша 2026
Қызылағашта трассалық медициналық-құтқару пункті бой көтеруде

Сапалы медицина – салауатты қоғам негізі

7 қараша 2026
Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

7 қараша 2026
Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

7 қараша 2026
«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

7 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.