Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

СЕКСЕННІҢ СЕҢГІРІНЕ ШЫҚҚАН ҚАРА ШАҢЫРАҚ

15 желтоқсан 2024
КҮНДЕРЕК
СЕКСЕННІҢ СЕҢГІРІНЕ ШЫҚҚАН ҚАРА ШАҢЫРАҚ
WhatsAppTelegramFacebook

2024 жылдың 13 желтоқсанында Отан соғысы ардагерлеріне арналған республикалық клиникалық госпиталінің 80 жылдық мерейтойы тойланды.

Отан соғысы ардагерлеріне арналған республикалық клиникалық госпиталі – төл медицинамыздың тарихи тамырын тереңге тартқан қара шаңырағы, мақсатты түрде ардагерлеріміз бен азаматтарымызға қызмет көрсетіп отырған еліміздегі бірден-бір орталық. Госпиталь Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігінің қаулысымен 1943 жылы ашылды, Ұлы Отан соғысында зардап шеккен майдангерлерді сауықтыру және қатарға қосу мақсатында қызмет етті.

Тәуелсіздік жылдарында госпиталь қызметі жанданып, Ауған соғысы ардагерлеріне, полигон аймағында тұратын азаматтарға құшақ ашты. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 8 желтоқсандағы № 997 Қаулысына сәйкес, «Отан соғысы мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталі» атауы «Отан соғысы ардагерлеріне арналған республикалық клиникалық госпиталі» болып өзгертілді.

Соңғы жылдарда гостипаль тынысы кеңейіп, жан-жақты, көп салалы бейінді мекеме дәрежесіне жетті, медициналық қызмет ұсынатын бөлімдер саны артты, ұжым сапы білімді де білікті мамандармен толықты.

Отан соғысы ардагерлеріне арналған республикалық клиникалық госпиталінің өзге медициналық мекемелерден басты ерекшелігі – арнайы контингенттің медицина қызметіне қояр талаптарын игеріп, қажетін өтеуі. Бұл міндет арқылы госпиталь өзінің қоғамдағы дара әлеуметтік рөлін айшықтап, денсаулық сақтау ісінің дамуына үлес қосып келеді.

Мерекелік кешке құрметті ардагерлер, медициналық мекеме қызметкерлері, қоғам белсенділері мен БАҚ өкілдері қатыcты.

Госпиталь директоры Гаухар Тазабекқызы дәрігерлер мен қызметкерлерді марапаттап, алғыс хат табыстады.

— Бүгінгі госпиталь — ең білімді, ең білікті ақ халатты дәрігерлеріміз бен өнегелі, өрелі ардагерлерімізді бір арнаға тоғыстырған киелі шаңырақ!.. Әрбіріңіздің адал жүрек, қалтқысыз қызмет көрсетуіңіздің арқасында бүгінгі мерейтойдың бел белесіне өрлеп отырмыз! Бүгінгі мерейтой — біздің ортақ жетістігіміз! — деді Гаухар Тазабекқызы.

Мерейтой құтты болсын!

Ұлт пен адамзаттық игіліктерге қызмет етудің ұлық үлгісін паш етіп келе жатқан госпиталіміз жасай берсін!

 Дастан Қастай

 

 

 

Қатысты жаңалықтар

ҰҚШҰ-ның алдағы кезеңге арналған жоспарлары бекітілді

ҰҚШҰ-ның алдағы кезеңге арналған жоспарлары бекітілді

Бүгін, 10:30
Ақсу ауданында толық циклді ет комбинаты салынады

Ақсу ауданында толық циклді ет комбинаты салынады

Бүгін, 10:00
Талдықорғанда бірнеше күннен бері ер адам табылмай жатыр

Талдықорғанда бірнеше күннен бері ер адам табылмай жатыр

Бүгін, 09:57
Қазақстан мен Түркия денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жоспарына қол қойды

Қазақстан мен Түркия денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жоспарына қол қойды

Бүгін, 09:30
Төртем дүниеге келді

Төртем дүниеге келді

11 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.