Талдықорған: +29°C
$ 472.34
€ 541.25
₽ 6.01
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Селден қорғау бөгетінің құрылысы басталды

28.05.2023
КҮНДЕРЕК
Селден қорғау бөгетінің құрылысы басталды
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан мен ҚХР-дың төтенше жағдайлар қызметі Жоңғар Алатауының оңтүстік шығыс беткей шыңдарындағы мыңдаған текше метр мәңгілік мұздақтардың еруінен Қорғас өзенінің бастауында 60-қа жуық көлдің пайда болғанын анықтаған. Бұл көлдердің бәрі арнасынан асқан жағдайда сел суы Қорғас өзенінде тоғысып, алапат сел тасқыны болуы ғажап емес.

Тау басындағы көлдердің 40-қа жуығы қазақстандық, 20-дан астамы қытайлық бөлікке орналасқан. Соңғы бірнеше жылдан бері тау басындағы бұрыннан белгілі Қазан, Қақпан көлдерінің суы ағызылып, деңгейінің көтеріліп кетпеуі тұрақты бақылауға алынған. Дегенмен жердің жыл санап жылынуының салдарынан тау басындағы көлдер, әсіресе 3940 метр биіктіктегі Қақпан көлінің деңгейі ерігін мұздақтар суынан соңғы бірнеше жылда 3,7 миллион текше метрге ұлғайып, қатерлі мінез таныта бастаған. Тау шатқалдарындағы көлдер арнасынан асып, етектегі Басқұншаң, Қорғас, Нұркент, Пенжім сияқты елді мекендер мен «Қорғас» шекара маңы халықаралық ынтымақтастық орталығына», шекара заставаларына, «Нұр жолы» кедендік автоөткеліне» «Алтынкөл» халықаралық темір жол стансысына, Құрғақ порт пен Логистикалық, Индустриялық орталықтарға қауіп төндіруі мүмкін.

Табиғи апаттың алдын алу мәселелері көршілес екі елдің мемлекет басшыларының да назарында. «Қорғас-шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағын, «Қорғас» шекара маңы халықаралық ынтымақтастық орталығын» және ойпаттағы елді мекендерді селден қорғау шаралар кешенін жүзеге асыру халықаралық бағдарламасы жасалып, Үкімет екі жоба әзірлеген. Бірінші жоба бойынша 2013-2018 жылдар аралығында Қорғас өзені жағалауын нықтау, халықаралық «Достық» су бөгетін салу, технологиялық және кірме жолдар мен патрульдік-транспорттық жол, өзен бойындағы нысандарды селден қорғайтын құрылыстар салынды. Екінші жоба бойынша Қорғас өзенінің жоғарғы бөлігіндегі Шұңқырбұлақ шатқалына халықаралық селден қоғау бөгетін салу көзделген.

2017 жылғы 8 маусымда ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасында Қорғас өзенінде «Шұқырбұлақ» бірлескен селден қорғау бөгетін салудағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Ол 2018 жылғы 29 маусымда ҚР заңында ратификацияланды. 2019 жылы екі ел Үкіметі бірлесіп теңдей қаржы бөліп, «Шұңқырбұлақ» селден қорғау бөгетінің құрылысын бастады. Бөгеттің биіктігі 51 метр, ені 246,5 метр, ұзындығы 534 метр болады. Бөгеттің су өткізу мүмкіндігі секундына 200 текше метр, сиымдылығы 10 млн. текше метр.

– Бөгет пайдалануға берілгенен кейін Панфилов ауданындағы ондаған мың гектар егістік алқаптары сумен қамтылып, егіншілерді су тапшылығынан құтқарады. Ойпаттағы егін шаруашылығымен шұғылданатын Пенжім, Бірлік, Үлкеншыған ауылдық округтерінің диқандары осы Қорғас өзенінің суымен жүгері дақылдарын өсіріп жүр, – дейді «Қазсушар» РМК Панфилов өндірістік учаскесінің Қорғас бөлмшесінің басшысы, облыстық маслихат депутаты Руслан Тулақбаев.

Құрылыста қазір 60 адам еңбек етеді, 10-нан аса түрлі техника жұмыс істейді. Олардан басқа 40 бульдозер, экскаватор, грейдер және альпинистер, Қияқты шатқалындағы тау жыныстарын қопару, басқа да техникалық жұмыстарға 15 арнаулы техникалар жұмылдырылған. Жұмысшылар күнделікті дәмді тағамдармен қамтамасыз етіліп, жанға жайлы жатаханаларға орналастырылған.

Қытай құрылысшыларымен бірге жүзеге асатын бұл жобаның жалпы құны 20 млрд. теңгені құрайды. Тау басындағы Қақпан көлінің қалыңдығы 5 метрлік мұзын жарып, селдің алдын алу шаралары жасалған. Қорғас өзенінің суы осы мұздақтардан бастау алып, жолында Қақпанмен бірге Бескөл, Қазанкөл суларымен молығып, еңісте өзенге Ашутас, Қасқабұлақ, Шұңқырбұлақ сулары қосылады.

Бүгінге дейін өзен жағалауын топырық, шағылмен нықтау жұмысы толық аяқталып, темірбетон жақтаулары құйылуда. Өзеннің ұзындығы 760 метр, ені 9 метр, биіктігі 3 метр болатын су жолы темірбетонмен жасалған. Бөгет шекарашылары бақылауындағы шекаралық аймақта салынуда. Осындағы ұзындығы 36 шақырым болатын шекара бойына 79 бақылау камереасы орнатылған. Құрылыстың екінші кезеңінде тағы 22 бақылау камерасы қойылады. Олар өзен құбылысын бақылаумен қатар шекара күзетіне де пайдаланылады.

Мырзағали Нұрсейіт
Панфилов ауданы

Қатысты жаңалықтар

Нәресте күтімі жайлы не білеміз?

Нәресте күтімі жайлы не білеміз?

16.07.2026
Мессидің сұңғыла пастары

Мессидің сұңғыла пастары

16.07.2026
Мемлекет басшысы CATL директорлар кеңесінің теңтөрағасы Пань Цзяньды қабылдады

Мемлекет басшысы CATL директорлар кеңесінің теңтөрағасы Пань Цзяньды қабылдады

16.07.2026
Президент Қытайдың жетекші компанияларының басшыларымен кездесті

Президент Қытайдың жетекші компанияларының басшыларымен кездесті

16.07.2026
Қоғамдық келісім және патриотизм

Қоғамдық келісім және патриотизм

16.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.