Талдықорған: +12°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Шегарашы қыздар

10 наурыз 2024
КҮНДЕРЕК
Шегарашы қыздар
WhatsAppTelegramFacebook

Соңғы 100 жылдықта әйелдің қоғамда алар орны бөлек. Отбасы қарекетімен қатар елге қызмет етіп, ерлермен бірге Отан қорғап жүрген бұрымдылар бар. Халқымыз «әйелдің қырық жаны бар» дейтіні содан болар?! Мереке қарсаңында Отан қорғау қызметі саласында жүрген азаматшалар, ҚР ҰҚК Шегара қызметінде жүрген нәзік жандылармен сұхбаттастық.

Әйел бола тұра ер-азаматтың жұмысын істеп, елдің тыныштығын ойлап жүрген жандар жетерлік. Нар тәуекел деп  әскери өмірге бірден-бір қадам басқан Жұлдызай Қапанова мен Нұргүл Аляуова. Өмірін әскери қызметке арнаған арулар қазіргі таңда ҚР ҰҚК ШҚ Жетісу облысы бойынша департаментінде жұмыс істеуде. Алғашында қызмет жолын педагогикалық мамандықтан  бастаған қос ару әскери салаға 2002 жылы кірген. Кейін шегара қызметіне орналасып, бүгінде еліне адал қызмет етуде.

– Жалпы әскери салаға келгеніме өкінбеймін. Күннің ыстық-суығына төзіп, қиыншылығына шыдаған жұмысымды жақсы көремін. Әрине, әйел болғандықтан бұл салада жұмыс істеу аздап қиынға соғатыны рас. Түтінін түтететін отбасы, бағатын бала-шаға бар дегендей. Алайда, Отан алдында берген антымызды орындау үшін барлық жағдайға дайынбыз, – дейді шегара қызметкері, майор Жұлдызай Құлбайқызы.

 – Алғаш әскери өмірге аяқ басқанда қиналғаным бар. Оқуда жүргенімізде қап арқалап 10 км. қашықтыққа жүгіретінбіз. Жұмысқа орналасқанда түрлі төтенше жағдайлар орын алды. Жаңадан келген жас маманға, оның үстіне әйел адамға ондай жайттар ауыр тигені рас. Шегара қызметінде жүріп түрлі отбасыларға көмектестік. Жас сарбаздармен әңгімелесіп, аналарындай қолдау көрсеттік. Дегенмен, өз таңдауыма ешқашан өкінген емеспін, – деп майор Нұргүл Амангелдіқызы естелігін айтты.

Отбасы қарекетімен қатар елге қызмет етіп, ерлермен бірге Отан қорғап жүрген бұрымдылардың бүгінде жеткен жетістіктері көп. ҚР ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі және мемлекеттің шегарасын күзетудегі ісіне қосқан үлесі, жауынгерлік қызметтік іс-қимылда қол жеткізген оң нәтижелері мен мінсіз тәртібі үшін екеуі де I, II, III дәрежедегі «Шегара қызметінің үздігі», төсбелгісі және «Мінсіз қызметі үшін» медалімен және Мақтау қағаздарымен марапатталған. Ардақтау, аялау үшін жаратылған аналар мен арулардың төл мерекесіне орай ел тыныштығын ойлап, Отанға қызмет етіп жүрген ардақтылардың есімін елге көрсетсек дедік.  

Сөз соңында Мемлекеттік шегараны абыроймен күзетіп жүрген барша нәзік жанды шегарашыларды Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтаймыз. Өз дамуының күрделі кезеңдерінен өте отырып, қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, бейбіт еліміздің тыныштығын қадағалап қоймай,  шаңырағының шырағын сөндірмей, аялы алақанымен бала тәрбиелеп отырған шегарашыларға алғыс білдіреміз.

Айғаным АЙТМҰХАН

Қатысты жаңалықтар

Өркендеудің өзегі

Көңіл тоғайтатын құжат

7 қараша 2026
Қызылағашта трассалық медициналық-құтқару пункті бой көтеруде

Сапалы медицина – салауатты қоғам негізі

7 қараша 2026
Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

7 қараша 2026
Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

7 қараша 2026
«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

7 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.