Талдықорған: +11°C
$ 510.59
€ 578.91
₽ 6.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Шерзат өлімі бойынша істе адвокаттар прокурорды ауыстыруды сұрады

06.05.2025
КҮНДЕРЕК
Шерзат өлімі бойынша істе адвокаттар прокурорды ауыстыруды сұрады

Жұмабай Мұсабеков

Шерзат Полаттың өліміне байланысты қаралып жатқан қылмыстық іс аясында сотталушылар мемлекеттік айыптаушыны істен шеттетуді талап етті.

Бұл туралы 7-su.kz ақпараттық порталы хабарлайды.

Сот отырысы барысында айыпталушылардың адвокаттары бірауыздан прокурор Дана Сәрсенбайдың әрекетіне наразылық білдірді. Олардың айтуынша, мемлекеттік айыптаушы сот процесінде бейтараптылық танытпай, айыпталушыны шатастырып, қысым көрсетіп отыр.

– Прокурор эмоцияға беріліп жатыр. Бұған дейін оған ескерту де жасалған. Ол «жәбірленушілермен бір жақпыз» деп айтты. Алайда айыптаушы екі тарапқа да бейтарап болуы тиіс, – деді айыпталушының қорғаушысы.

Адвокаттар сондай-ақ прокурордың істі жан-жақты зерттемегенін, кәсіби біліктілігі жеткіліксіз екенін алға тартты.

Өз кезегінде Дана Сәрсенбай бұл айыптаулармен келіспейтінін мәлімдеп, адвокаттардың наразылығы оны іс жүргізуден шеттету үшін жеткіліксіз деп есептейтінін айтты.

Жәбірленуші тараптың қорғаушылары да айыптаушыны ауыстырудың қажеті жоқ екенін айтып, Дана Сәрсенбайдың іс жүргізуді жалғастыруын қолдады.

Сот аталған мәселеге қатысты шешім қабылдау үшін кеңесу бөлмесіне кетті.

Қатысты жаңалықтар

Қазақстандық үш боксшы Азия чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық үш боксшы Азия чемпионатының финалына шықты

21.05.2025
Президент Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты

Президент Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты

21.05.2025
Тариф көтереміз деп сотталып кетті: Жетісуда пара беру дерегі бойынша сот үкімі шықты

Тариф көтереміз деп сотталып кетті: Жетісуда пара беру дерегі бойынша сот үкімі шықты

21.05.2025
Жетісу облысына – 3 жыл: мәдениет саласының инфрақұрылымын жаңарту 40% жетті

Жетісу облысына – 3 жыл: мәдениет саласының инфрақұрылымын жаңарту 40% жетті

21.05.2025
«Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алуда

«Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алуда

21.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.