Талдықорған: +30°C
$ 520.93
€ 609.07
₽ 6.68
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Сиверс – алманың атасы

11.05.2024
КҮНДЕРЕК
Сиверс – алманың атасы

Алма дақылы бұдан мыңдаған ғасыр бұрын Жоңғар Алатауы бөктерінде өсетін жабайы алмадан бастау алған. Жабайы алмалардың ішінде Сиверс алмасының алатын орны ерекше. Бұл алманың ерекшелігі, тамыр жүйесі күшті дамыған, аурулар мен зиянкестерге өте төзімді. Тополевка орманшылығының Көкжота шатқалында «Жоңғар Алатауы» МҰТП-нің ұйымдастыруымен алманың атасы атанған жабайы сиверс алмасы гүлдеді. 

Қазақ даласы алманың отаны екенін растайтын әсем ағаштар «Жоңғар Алатауы» ұлттық табиғи парк аумағындағы 3 мың 800 гектар алқапта жайқалып өсіп тұр. Тіпті, Жапон еліндегі сакураның гүлдеуінен кем түспейді. Осынау тұмса табиғатты қызықтап көрушілер қатары жыл өткен сайын артып келеді. 

Жабайы Сиверс алмасы теңіз деңгейінен 700-800 метр биіктіктен бастап 1200 метр биіктікте өседі. Сәйкесінше оның гүлдеу кезеңі табиғатқа ерекше сұлулық береді. Алманың бүршік атып, гүл жарғанын ұзақ тамашалауға болады. Ұлттық парк аумағында осындай бірнеше алаң мен арнайы туристік бағыттар бар. Мамандар келушілерге алманың шығу және әлемге таралу тарихын түсіндіріп, тың мағлұмат береді.

Ұлттық парк қызметкерлері жабайы алма ағашын қорғап, сақтап қана қоймай, оның қорын да молайтумен айналысады. Алманың дәнінен көшет өсіріп, бір жылда сиверс алмасының алқабын ұлғайтқан. Мұнан бөлек алдағы уақытта алманың басқа да түрлерін өсіру жоспарлануда. 

Жылда осы уақытта Сиверс алмасының гүлдеуі фестивалін жетісулықтар жоғары деңгейде өткізеді. «Жоңғар Алатауы» МҰТП-нің территориясы 356 мың гектар, соның 4 мыңға жуық аумағын осы Сиверс алмасы алып жатыр. Теңіз деңгейінен 800 метр биіктікте  Көкжота шатқалы орналасқан. Алма ағаштардың орташа жасы 50-ден асады, 100 жылдық ағаштар да бар. Биіктігі 6-8 метр болады. Жылда 30 гектар көлемінде Сиверс алмасының ареалын қалпына келтіру үшін ағаш отырғызылады. 

Қызыл кітапқа енгеннен кейін орманды қалпына келтіру мақсатында ғылыми-танымдық бағытта ғана жұмыс жүргізіледі. 

– Сиверс алмасы – біздің байлығымыз. Сиверс алмасының өзі дәміне, түсіне қарай 40 түрге бөлінеді. Бұл ағаштың гүлдеу кезеңі сәуір айының 20-сы мен мамыр айының 20-сы аралығында болады. Былтырғы жылы ауа райы қолайсыз болуына байланысты бұл байқау жоғарғы дәрежеде өтпей қалды. Биыл алма ағаштар әдемі болып гүлдеп тұр, – дейді ғылым бөлімінің аға ғылыми қызметкері Саят Игембаев.

Ғылым бөлімінің аға ғылыми қызметкері Жанар Нұрғожанованың айтуынша, Сиверс алмасының ең көп мөлшері Жоңғар Алатауының солтүстік беткейінде орналасқандықтан паркте зерттеу, қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Тұқымбақта алма ағаштарды өсіріп, алма ағаш көшеттерін гектарлап климаттық жағдайын ескеріп отырғызады. 

Күншығыс елінде көктем мезгілін жапондықтар ерекше құрметпен қарсы алады. Мыңдаған қызғылт, күлгін, ақ түске боялған сакураның гүлдеуін Жапонияда жалпы жұрт болып ұлттық мереке ретінде тойлайды. Бұл мейрамды жапондықтар «Ханами» деп атайды. Жапон шиесінің бұл гүлдеуінің шарықтау шегі 22 наурызда болып, көктем иісіне толы керемет кезең бір аптаға созылады. Сиверс алмасының гүлдеуі фестивалі де келешекте жапон еліндегідей мыңдаған турист тамашалайтын көрініс болатынына сенеміз.

Жақсылық ЖОМАРТҰЛЫ
Сарқан ауданы

Қатысты жаңалықтар

Атажұрт рухын асқақтатқан

Атажұрт рухын асқақтатқан

11.07.2025
Міндетті әлеуметтік  сақтандыру жүйесі қалай жұмыс істейді?

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі қалай жұмыс істейді?

11.07.2025
Жетісу облысында су шаруашылығы қызметкерлері марапатталды

Жетісу облысында су шаруашылығы қызметкерлері марапатталды

11.07.2025
Қазақстанда 85 мың теңге күнкөріске жетпейді – сарапшы

Қазақстанда 85 мың теңге күнкөріске жетпейді – сарапшы

11.07.2025
Жетісулық жас робототехниктер халықаралық аренаға жолдама алды

Жетісулық жас робототехниктер халықаралық аренаға жолдама алды

11.07.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.